|
Биология
|
8-сынып
|
Сабақ тақырыбы:
|
Витаминдер және олардың маңызы
|
Жалпы мақсат:
|
Оқушылар витаминдердің топтары мен түрлерін және олардың маңызын үйрету, тағамдық өнімдердегі витаминдерді сақтау жолдарын үйрету
|
Сілтеме:
|
8-сынып биология, биологияны оқыту әдістемесі, «Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде» С.Мирсеитова, -23-25 б., интернет көздерінен алған бейнематериал
|
Оқушылар үшін оқу нәтижелері:
|
Витаминдердің топтары мен түрлерін және олардың маңызын біледі. Тағамдық өнімдеріндегі витаминдерді сақтау жолдарын түсінеді.
|
Негізгі идеялар:
|
Витаминдердің топтары мен түрлері. Майда еритін А, D, Е, К витаминдері. Суда еритін С, РР және В тобындағы витаминдер.
|
Сабақта қолданылатын материалдар:
|
Интербелсенді тақта, Power Point, бейнематериал, стикер, постер, стикер, маркер, үлестірмелі материал
|
Оқыту әдістері:
|
Шағын топтық жұмыс, жеке жұмыс, Блум таксономиясы, білім минуты, диалогтік оқыту, семантикалық карта, INSERT
|
Дерек көздері:
|
Ғаламтордан алынған бейнематериал, «Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде» С.Мирсеитова, -23-25 б.
|
Тапсырмалар:
|
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
|
Тапсырма
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
2 мин
|
Сыныпты геометриялық фигуралар бойынша топқа бөлу.
|
Оқушылар геометриялық фигуралар бойынша топқа бөлінеді.
|
Мадақтау
|
І Білу
7 мин
|
Диалогтік оқыту «Түрткі сұрақтар» қою арқылы «Білім минуты» тәсілі бойынша өткен тақырып бойынша білімін анықтау.
1. Энергетикалық алмасудың
дайындық кезеңінде бөлінген
энергияның жұмсалуы
қалай жүзеге асады?
2. Энергетикалық алмасудың
оттексіз кезеңін қалай атайды?
Неліктен?
3. Жасөспірімдер мен ересек
адамдардың энергия
жұмсауында
айырмашылықтар
бар ма? Неге?
4. Негізгі алмасу мен
жалпы алмасудың
айырмашылығы неде?
Қызығушылықты ояту үшін бейнематериал көрсету (3 мин 22 сек).
Семантикалық карта құру арқылы жаңа тақырып бойынша ассоциация құрады.
|
Оқушылар сұрақ нөмірін таңдап, бір – бірінің жауабын толықтырып, топпен жауап береді.
Витамин сөзіне ассоциация құрады.
|
Дұрыс жауапты мадақтау
Мадақтау
|
ІІ Түсіну
10 мин
|
INSERT тәсілі бойынша «Витаминдер» тақырыбы оқуға беріледі. Мәтінді оқу алдында тапсырма беріледі.
|
Мәтінді оқи отырып, белгі қояды.
Мәтінді оқып отырғанда, ашық жерге белгі қойып отыру керек.
«٧» - егер сіздің оқып отырғаныңыз, сіздің білгеніңізбен сәйкес келсе немесе сіз біл
емін деп ойлағандай болса, мәтіннің шетіне «٧» (қанат) белгісін қоясыз.
«-» - егер оқып отырған ақпарат, сіз білген ақпаратпен сәйкес келмесе немесе басқаша болса, онда «-» (алу) белгісін қоясыз.
«+» - егер сіз алған ақпарат сіз үшін жаңа, бұрын естімеген болса, онда «+» (қосу) белгісін қоясыз.
«?» - егер ақпарат, сіз үшін күдікті немесе сізді таңқалдырса немесе осы тақырып бойынша тереңірек білгіңіз келсе, «?» белгісін қояды.
|
Ауызша мадақтау
|
ІІІ Қолдану
12 мин
|
Оқыған мәтінді жұппен, одан соң топпен талқылаңыз. Талқылағаннан кейін кестені толтырыңыз.
|
Жұппен, кейін топпен талқылайды. Топпен бірге кестені толтырады. Мұғаліммен сыныпта ортақ кесте шығарады.
|
Критериалды бағалау.
Карточканың
барлық
бағандарын
толтыру
|
Кем дегенде жоғары деңгейдегі 2 сұрақ
|
Кем дегенде 2 көзқарас айту және оны дәлелдеу шеберлігі (ауызша)
|
1
|
4
|
5
|
Барлығы – 10 балл
|
IV Талдау
7 мин
|
Витаминдерге бай тағамның кез-келген түрінің рецептін жасаңыз.
|
Оқушылар витаминдердің қай тағамда кездесетін талдай отырып, рецепт жасайды.
|
|
V Жинақтау
3 мин
|
Жоғары дәрежелі жетелеуші сұрақтар қою:
Сіз жасаған рецепттің пайдалырақ екенін дәлелдеңіз.
|
Оқушылар өздері жасаған рецепттің пайдасын дәлелдейді. Метатанымы қалыптаса бастайды.
|
Мадақтау.
|
VІ Бағалау
3 мин
|
Синтетикалық витаминдер қажет пе? Неге ия? Неге жоқ?
|
Оқушылар өз бетінше өз жұмысының сапасын бағалайды. Өзін-өзі бағалау.
|
Мадақтау
|
Үйге тапсырма
|
Қосымша әдебиеттерді пайдаланып, тереңірек білгіңіз келген сұрақ бойынша мағлұмат жинақтау.
|
|
|
VІІ Рефлексия
1 мин
|
Сабақтан алған әсеріңіз қандай?
Маған ұнады ...
Маған қиын болды ...
Маған ұнамады ...
|
Әрбір оқушы сабақтан алған әсерлерін төмендегі смайликтерді таңдау арқылы білдіреді.
|
Мадақтау
|