Биология пәні 8-сынып Құрастырған: Жамбыл облысы, Тараз қаласы, №29 орта мектебінің биология пәні мұғалімі Карасаева Г.А.
«Бүйрек ауруларын алдын-алу» тақырыбына арналған қысқа мерзімді жоспар
Биология
8-сынып
Сабақ тақырыбы:
Зәрдің жасалуы және шығарылуы
Жалпы мақсат:
Оқушыларға зәрдің жасалу және оның шығарылу механизмінің кезеңдерін, зәр шығару мүшелерінің ауруларының пайда болу себептерін, еріген қар суының мөлдірлігін анықтау арқылы оның ластану дәрежесін бағалауды, бүйрек ауруларын алдын-алу жолдарын үйрету
Сілтеме:
8-сынып биология, биологияны оқыту әдістемесі, «Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде» С.Мирсеитова, -23-25 б., интернет көздерінен алған бейнематериал