«Биология» пәнінен 4-тоқсан жиынтық бағалау Код:
1. Суретте ағзалардың ұрықтық даму кезеңдері көрсетілген.
(а) Ағзалардың ұрықтық даму кезіндерін ретімен жазыңыз.
[1]
(b) Суретте берілген ұрықтық даму кезіңін атап, ерекшелігін сипаттаңыз.
[2]
2.Адамның іс- әрекеті арқылы жүзеге асырылатын сұрыптау түрін атаңыз.
[1]
3. Тірі ағзалардың өзара әрекеттесуі және қоршаған ортаның абиотикалық элементтері - экожүйені құрайды. Су және құрлық экожүйелерінің абиотикалық факторларындағы ұқсастықтары мен айырмашылықтарын сипаттаңыз.
[3]
4. Популяция терминіне анықтама беріңіз.
[1]
5. Кәдімігі жантақ (Бұршақ тұқымдасы) – Қазақстанның шөл және шөлейтті аймақтарында кездеседі. Жантақ өсімдігінің тіршілік ортасына бейімделу жолдарын түсіндіріңіз.
[4]
6. Айрықша қорғауды қажет ететін, мысалы қар барысы, ақбөкен түрлерін сақтаудың маңыздылығына екі дәлел келтіріңіз.
[4]
7. Норвегиядағы Шпицберген аралында Дүниежүзілік Тұқым қорыны ұйымдастырылған.
Осындай масштабты жобаны ұйымдастырудың себебі неде?
[4]
8. Үлкен қалалар мен өнеркәсіп орталықтарында ауа ластануының алдын алу шарасын ұсыныңыз.
[2]
9. Қазіргі кезде жабайы алма ағашын сұрыптау арқылы алманың бірнеше іріктемелері алынған. Сұрыптау жүргізудің негізгі мақсаттарын ұсыныңыз.
[3]
10.Тірі ағзалардың тіршілік әрекетіндегі митоз бен мейоздың биологиялық маңызы мысалдарының дұрыс қатарын анықтаңыз.
[1]
12. Арыстандарды тірі қалуға бейімділігі бойынша К-страгиясына жатқызуға болады. Арыстанның стратегиясының артықшылығы мен кемшілігін түсіндіріңіз.
[4]
Достарыңызбен бөлісу: |