ІІІ-бөлім.Берілген тапсырмалардың дұрыс немесе дұрыс емес екендігін анықта.
Жоғары балл-20.
1.Эволюция негізгі қозғаушы күші-табиғи сұрыпталу.
2.Өсімдіктердің бір түрінің жиынтығын адамның жасанды жолмен алуы тұқым деп аталады
3.Аутосомды доминантты белгілер тұқымқуалауда ерлер мен әйелдерде бірдей болып кездеседі.
4.Организмдердің сыртқы орта әсері арқылы фенотиптің әртүрлілігі үйлесімді өзгергіштік деп аталады.
5.Аллополиплоидия әр түрлерді будандастыру нәтижесінде алынған будан хромосома санының артуы
6.Толық жетілген жасушаның жұмыртқа жасушасының пісіп жетілуінде үш бағыттаушы денешік түзіледі.
7.Бластуланың ішкі қуысы бластомер деп аталады.
8.Сперматогенездің өсу кезеңінде хромосома саны және ДНҚ молекуласы тең 2п4с
9.Генетикалық кодтың бірлігі нуклеотид болып саналады.
10.Кребс циклі митохондрия мембранасында өтеді.
11.Өсімдік жасушасында жартылай автономды органоид-вакуоль және пластид кездеседі.
12.Центоромера-эукариоттардағы ДНҚ молекуласының үлескісі.
13.Жасушадағы митохондрия саны оның оның қызметінің белсенділігіне байланысты.
14.Қарапайымдар жасушасында жасуша қабығы болмайды.
15.Моносахаридтерден көбірек таралғаны –сахароза және лактоза
16.Ересек тіссіздің қоректенуі биофильтрлеу арқылы жүреді
17.Паразиттік құрттардың дернәсілінің дамуы негізгі иесі болып табылады.
18.Балықтарда аккомодациялық қабілеті болмайды.
19.Камбий жасушасының көбірек бөлімі сүрекке қарай бөлінеді.
20.Егер гүлдер бүйірлік осьте орналасса, онда олар күрделі гүлшоғыры деп аталады.