Биология пәнінен олимпиада. Теориялық тур сынып Бір дұрыс жауабы бар тест. Әр сұрақ – балл



бет1/2
Дата13.11.2022
өлшемі267,37 Kb.
#157959
түріҚұрамы
  1   2

Биология пәнінен олимпиада. Теориялық тур.
9 сынып
Бір дұрыс жауабы бар тест. Әр сұрақ – 2 балл



  1. Барлық органикалық қосылыстар құрамына кіретін көміртек атомына байланысты дұрыс тұжырымды табыңыз.

А. Органикалық молекулалар құрамына өсімдіктермен енгізілді
Б. Қант құрамына фотосинтез нәтижесінде енгізілді
В. Органикалық қосылыстардағы көміртек көзі СО2 болып табылады
Г. А+В
Д. А+Б+В



  1. Төмендегі екі жағдайды өз-ара әрекеттесуін ең жақсы сипаттайтын нұсқасын тандаңыз.

j. Қаныққан май қышқылдардағы цис-қос байланыстар саны
k. Қанықпаған май қышқылдардағы цис-қос байланыстар саны

А. j пункті k пунктінен көп


Б. j пункті j пунктінен аз
В. Екі пунктте орташа есеппен тең
Г. j және k пункттері өзара байланысы жоқ

  1. Т өменде көрсетілген сүретке сәйкес қай тұжырым дұрыс.

А. Бұл қаныққан май қышқылы


Б. Осы заттың жиі қолдануы артериосклероз ауруына себеп болу мүмкін
В. Молекулардың осы түрі бөлме температурасында сұйық болады
Г. А+Б
Д. А+Б+В



  1. Өсімдік жасушасында плазмалық мембрана астындағы кеңістік көлемі жануар жасушасынан орташа есеппен көп. Осыны келесідей түсіндіруге болады …

А. Өсімдік жасушасында аудан мен көлемнің қатынасы жануар жасушасындағы осындай қатынастан артық.
Б. Өсімдік жасушасының плазматикалықмембранасы иілімдірек болады
В. Өсімдік жасушасында цитоплазма көлемін азайтатын үлкен вакуоль бар
Г. Жануар жасушасының пішіні шар тәріздес, ал өсімдіктікі сопақша болып келеді.



  1. Бауыр улар мен дәрілерді уытсызданыру үрдісіне белсенді қатысады. Бауыр жасушаларында қандай жасушалық құрыламдарды көп мөлшерде кезіктіруге болады?

А. Бұдыр ЭТ
Б. Тегіс ЭТ
В. Гольджи аппараты
Г. Ядролық мембрана
Д. Тасымалдау везикулалары



  1. Жануар жасушасында бетінде олигосахаридтер жоқ мембрана келесі қызметті орындауға қабілетсіз..

А. Иондарды электро-химиялықградиентке теріс бағытта тасымалдау
Б. Жасуша аралық тану
В. Мембрананың сұйық қалпын ұстау
Г. Цитоскелетке бекіну



  1. Төмендегі тұжырымдардың қайсысы берілген реакцияны дұрыс сипаттайды.

С6Н12О6+6О26СО2+6Н2О+Энергия

А. С6Н12О6 тотығады, О2 тотықсызданады


Б. О2 тотығады, Н2О тотықсызданады
В. СО2 тотықсызданады, О2 тотығады
Г. С6Н12О6 тотықсызданады, СО2 тотығады



  1. Гликолиз кезінде АТФ келесі үрдіс нәтижесінде түзіледі..

А. Субстрат дәрежесінде фосфорлану
Б. Электрондардың тасымалдану Транспорта
В. Фотофосфорлану
Г. Хемоосмос
Д. НАДН-тің НАД+ –қа дейін тотығуы



  1. Егерде құрамында оттектің ауыр изотобы (18О) болған СО2 бар ортада фотосинтездеуші балдырды өсірсек, келесі қосылыстардан бөлек құрамында 18О табылмайды..

А. 3-Фосфоглицерат
Б. Глицеральдегид- 3-фосфат
В. Глюкоза
Г. Рибулоза Бисфосфат
Д. О2



  1. Сіз Калвин циклі кезінде 1 сағатта қолданылатын АТФ пен НАДФН мөлшерін өлшеп жатырсыз. Тәжирибе нәтижесінде 30000 АТФ молекуласы және тек 20000 НАДФН молекуласы қолданылды. Артық АТФ молекулалары қайдан пайда болды?

А. Фотожүйе II
Б. Фотожүйе I
В. Циклдік жолы
Г. Циклді емес жолы
Д. Хлорофилл



  1. Егер жасушамен түзілетін сигналды молекула көрші жасушаларға әсер етсе осындай жасушааралық сигнал түрі қалай аталады?

А. Аутокринді
Б. Паракринді
В. Эндокринді
Г. Синаптикалық

  1. Сүретте көрсетілген митоздың сатысынан кейін қай үрдіс орын алады?

А . Плазматикалық мембрана синтезі
Б. Бөліну үршігінің түзілуі
В. Ядролық мембрананың ыдырауы
Г. Телофазалық ядролардың түзілуі
Д. Хроматидтер синтезі



  1. Эукариоттардың жыңыстық көбею циклдарының түрі көп. Осыған қарамастан барлығына ортақ нәрсе бар. Төмендегілерден қайсысы бүкіл эукариоттарға ортақ?

I. Ұрпақтардың кезектесіп алмасуы
II. Мейоз
III. Ұрықтану
IV. Гаметалар
V. Споралар

А. I, IV, V


Б. I, II, IV
В. II, III, IV
Г. II, IV, V
Д. Жоғарыда аталғанадардың барлығы



  1. М ейоздің I профаза кезеңді көрсететін сүрет қайсысы?

А. I
Б. II
В. IV
Г. V
Д. VI



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет