Биология сабағында жаңа технологияларды қолданудың тиімділігі



Pdf көрінісі
бет9/14
Дата26.12.2023
өлшемі1 Mb.
#199540
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Биология сабағында жаңа технологияларды қолданудың тиімділігі

ргаеяепіо 
тапсырамын 
немесе ағыл. 
ргезепі — 
үсыну) өзін көрсету, баяндама, жобаны, ессп беруді 
қорғау, жұмыс жоспарын, дайын өнім мен қызмет, енгізу нәтижесін 
бақылауды, сұрауларды және басқа да көптеген дүниені үсыну. Қорытып 
айтқаңда, ойды, адамдар мен өнімдерді, шикізат пен қызмет түрлерін ұсыну 
— бұл әрдайым презентация. 
Слайд
деп көзге көрінетін күрделі объектіні айтамыз. Оның құрамына 
тақырыптар, мәтін, кестелер, графикалык кескіндемелер, ұйымдастыру 
схемалары, дыбыс үзінділері, бейнеклиптер мен гиперсілтемелер кіреді. 
Әрбір слайд ескерту парағымен бірге келеді. Бүл параққа түсініктеме мәтінді 
оны жасау кезінде де, демонстрация кезінде де енгізуге болады. Бұл мәтін 
презентацияның басты, керекті сәттерін жөне оған катысты жағдайларды 
фиксациялау кезінде колданылады. 
АКТ-ны сабақ процесінде қолдану кезінде мұғалімге келесі мәселелерді 
шешуге тура келеді: 


25 
· дидактикалық (сабақтың оқу материалын дайындау, компьютерлік 
бағдарламаны талдау); 
· әдістемелік (тақырыпты беруде АКТ-ны қолдану әдістерін анықтау, 
сабақтың нәтижесін талдау, келесі оқу мақсатын қою); 
· ұйымдастырушылық (оқушының шамадан тыс жүктелуін және уақытты 
тиімсіз өткізуді болдырмайтындай етіп жұмысты ұйымдастыру);
· оқыту (қарастырылған тақырып бойынша оқушылардың білімдерін 
және ұсынылған бағдарлама бойынша біліктері мен дағдыларын нығайту 
және бекіту). 
АКТ-ны биология сабағында қолдану арқылы оқушылардың танымдық 
белсенділігін арттыру үшін қандай әдістерді қолданған тиімді? Ол үшін 
мұғалім не істеуі керек? 
· ақпаратттық сауаттылығын арттыру үшін көбірек оқу; 
· ұғымдарды есте сақтау қабілетін дамыту; 
· сыни тұрғыдан талданған ақпараттар негізінде саналы шешім 
қабылдауға үйрету; 
· ақпаратты өз бетінше табу, талдау, іріктеу, сақтау, түсіндіру және 
ақпараттарды тасымалдау, оның ішінде қазіргі заманғы АКТ-дың көмегімен 
жүзеге асыруды қалыптастыру; 
· оқушылардың ғылыми- ізденіс жұмыстармен айналысуына жетекшілік 
ету; — өз бетінше мақсат және оны негіздеу, жоспарлау және осы 
мақсаттарға жету үшін танымдық қызметтерді жүзеге асыру. 
АКТ-ны биология сабағында қолдану арқылы оқушылардың танымдық 
белсенділігін арттыру үшін: 
· сабақты түрлендіріп өткізу; 
· сабақта ақпарат құралдарын пайдалану; 
· оқушының өз бетімен шығармашылық бағытта жұмыс істеуге үйрету — 
интернетке шығу. 
Өзімнің іс-тәжірибемнен мысал келтірсем , биология сабағында АКТ-ның 
келесі түрлерін қолдануға болады: 
· Сабақ кезінде жаңа материалды өтуде презентацияны қолдану; 


26 
· Жаңа 
сабақты 
өту 
кезінде 
электронды 
оқулық, 
интернет 
материалдарының бірнеше фрагменттерін қолдануға; 
· Зертханалық жұмыстарда; 
· Түрлі тапсырмалар мен тест орындауда. 
Соның ішінде сабақ кезінде жаңа материалды өтуде презентацияны қолдану 
арқылы оқушының сабаққа деген қызығушылығын, танымдық қабілетінің 
артуын, өзіне деген сенімділігін, яғни олардың білім, білік, дағдыларының 
арттыру мәселесін айтқым келіп отыр. 
Мысалы: 10-сыныпта «Жыныс генетикасы» тақырыбын өткенде слайд-
презентацияларды қолдану арқылыөзіндік ізденісін дамыту. Оқулықтағы 
мәтінге қосымша суреттер, қызықты генетикалық есептерді көре отырып, 
оқушылар түртіп алу әдісімен жұмыстанады және берілген есептерді 
символдармен 
жазады, 
оны 
шығаруға, 
жауабын 
табуға 
талпынады.Презентацияны биология сабақтарында жиі қолдану сабақтың 
сапасын 
елеулі 
түрде 
арттыратыны 
сөзсіз. 
Ол 
мотивацияның, 
коммуникативті 
қабілеттерінің 
дамуына 
мүмкіндік 
береді, 
дағды 
қалыптастыруға, білім қорының толығуына, сондай-ақ ақпараттық 
сауаттылықтың дамуына мүмкіндік туғызады. Биология сабақтарында 
слайдтардың көмегімен мысалдарды, есептерді тақтада көрсетуге, түрлі 
мысалдар құрастыруға, биологиялық сергіту сәттерін ұйымдастыруға, 
бақылау, тест жұмыстарын жазған кезде оқушының білімін тексеруге 
болады. Мұндай сабақ уақытында сыныптағы қарым-қатынас жақсарады. 
Тапсырманы оқушылар өз сөздерімен түсіндіріп, компьютер алдындағы 
қорқыныш жойылады, аса күрделі тапсырмаларды қызығушылықпен 
орындауға тырысады. 
Биология сабағында мультимедиалық презентацияларды сабақтың барлық 
кезеңдерінде: 
· пән бойынша негізі білімді игеру, игерілген білімді жүйелеу, 
· өзін-өзі бақылау дағдыларын құру, толық немесе нақты бір пәнге оқыту 
қабілетін құру, 
· оқу материалындағы өзіндік жұмыста оқушыларға оқу-әдістемелік 
көмек көрсету кезінде қолдануға болады. 


27 
Әр сабақта компютерлік технология арқылы барынша толық жұмыс істеу 
оқытушыдан шеберлікті, іскерлікті, өте жоғары ұйымдастырушылықты 
қажет етеді. 
Оқушыларға қазіргі заман талабына сай жоғарғы дәрежеде білім мен 
тәрбие беруде әр пәнді оқытуға қойылатын талаптардың негізі – жоғарғы 
ғылыми дәрежеде жүргізілуі қажет. Егемендік алған елімізден қоғамның 
прогрессивті дамуымен қатар оқыту үрдісінде жаңалықтар болуы керек, 
яғни оқытудың әдіс-тәсілдерін жетілдіру, оқушыларды сабаққа белсенді 
қатыстыру, оқушылардың білімін тұрақтандыру екендігін әр ұстаз білу 
керек. 
Оқушылардың білімін тұрақтандыру дегемініз – шәкірттің оқытылатын 
материалдың дәнін өз көзімен көріп, оған дұрыс қорытынды жасай 
отырып, айтылғандарды есіне берік сақтау, сақтап алған білімін өмірде 
қолдана білу және жаңа нәтижелер мен күрделі ізденістерге жеткізу. Бұл 
мақсатқа жетудің негізгілікті – жаңа тақырыптың мазмұнын толық ашатын 
құрамдас бөлік – тірек хабарлары. Оның түрлері мынандай: 
1. Тірек плакаты – сабақтың көрнекілігі ретінде пайдалану. 
2. Тірексызба нұсқасы – сабақтың немесе ұсынылатын материалдың бейне 
жоспары. 
3. Дидактикалық, диктанттық карточкалар мен перфокарталар. 
Оқытудың ең өзекті мәселелердің бірі оқу материалын оқушыларға 
қызықты да тиімді технологияны яғни оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін 
пайдалана отырып түсіндіру. Тиянақты түсіндірілген сабақ оқушының 
білім-білік дағдысын арттырып дербес ойлау қабілетін қалыптастырып, 
қорытындылар жасауға, алған білімін өмірде қолдана білуге жетелейді. 
Осы мақсата Шаталовтыңоқыту әдістерін оқушыларға жаңа тақырыпты 
меңгерту және қорытындылау сабақтарында пайдалану өте тиімді. 
Педагогикалық тәжірибелі ұстаздар ұзақ жылдар бойы Шаталовтың тірек 
плакаттары мен тірек сызба-нұсқаларымен сабақтың барлық кезеңдерінде 
пайдаланып келеді. Тірек сызбанұсқалар ұсынылатын материалдың «Бейне 
жоспары» - деп есептеуге болады. Ендеше осы жоспарды бір тақырып 
немесе үлкен тарауды өту барысында жасап пайдалануға болады. 
Тірек сызбанұсқа тақырыптың: 
· қысқаша түсініктілігін; 
· тұтастығын; 
· қисындылығын; 
· ықшамдылығын; 
· көркемдігін; 


28 
· көрнектілігін қамтамасыз ету керек. 
Осы тірек сызбанұсқа 9 сыныпта биологиядан «Зат және энергияның 
алмасуы» - тақырыбында келтірейік. 
Сабақтың мақсаты: 
1. Ағзаның сыртқы ортамен байланысын, асқорыту және қан айналу 
жүйелері арқылы ағза ұлпаларының жасушаларына сіңуі – ассимиляция 
екендігін жасуша цитоплазмасының күрделі құрамды заттарды ағзада жәй 
заттарға, энергияға алмасып және босап ыдырауы – диссимиляция зат 
алмасудың бір біліктегі қарама-қарсы екі түрлі көрінісі екендігі туралы 
білімді қалыптастыру. 
 
2. Оқушылардың шығармашылық белсенділігінің дамуын, тақырыптағы 
басты нәрсені тауып мағынасына қарай өліктерге бөліп олардың 
байланысуын анықтап логикалық сызбанұсқаны пайдалана білуге, кітапқа 
қызығуын арттырып сызбансұқамен салыстыра білуге үйрету. 
3. Өздігінен ой қорытындылап одан нәтиже шығара білуге дағдыландыру. 
Мәтіннің логикалық-құрамдылық сызбанұсқасы. 
Мұнда текст үш мәндес ірі бөлікке бөлінген. 
1. Нәрлі заттармен оттектің ағза ұлпаларына асқорыту жүйесі және қан 
арқылы өтуі. 
2. Заттардың жасуша ішінде өзгеруі (ассимиляция мен диссмиляция 
бірлікте). 
3. Зат алмасудан пайда болған өнімдердің ағзадан сыртқа шығуы. 
Сызбанұсқалар көрнекті жерге ілініп болған соң оқушы назарын бүгінгі 
сабаққа аударып, сабақтың тақырыбын оқимыз, одан кейін сабақтың негізгі 
мақсатын ашып түсіндіреміз. 
Сабақтың тақырыбы: Зат және энергияның өзгеруі. 
Сабақтың мақсаты: Ағза мен оны қоршаған орта ортасындағы үздіксіз өзара 
байланыс зат алмасу деп аталады. Ал зат алмасудағы ас қорытудың, 
сіңірілудің, тыныс алудың, қан айналу жүйелерінің өзара байланысы, яғни ас 
қорыту, тыныс алу қан айналу жүйелері арқылы ұлпа жасушаларына судың, 
нәрлі заттардың денеде оттектің қабылдануы, ұлпа жасушаларында 
заттардың өзгеруі, зәр шығару мүшелері арқылы дене жасушаларынан 
зиянды заттардың сыртқы ортаға шығуы жайлы мағлұмат беріледі. 


29 
Енді барлық оқушылар назарын сызбанұсқаға аударып әр сөзге және негізгі 
үш кезеңді тиянақты түрде оқып шығуын ескертіледі. Содан кейін І кезең 
бойынша сұрақ қойлады. 
1.а) Балалар, сызбанұсқадағы І кезеңге назар аударыңдар. Нәрлі заттардың 
өзгерістерге ұшырауы, яғни астың асқорыту жолдарындағы қортылуын, 
қортылған астың пайда өтетіндігін еске түсірейік. 
ә) Енді оттегінің ағзаға енуін, яғни тыныс алуды еске түсірейік. 
б) Қан айналымы жүйесіндегі қанның оттегіне қанығуы қай мүшеде жүреді? 
Жауабы: Оттегіге қаныққан қан қайда баратынын оқушылар астың ішекте 
қанға сіңуін оқушылар өз тұжырымдары бойынша айтып шығады. 
2 а) Оттегіге қаныққан және қорытылған асты сіңірген қан қайда барады деп 
ойлайсыңдар? 
Жауабы: Ұлпа жасушаларына барады. 
3. Енді сызбанұсқаның ІІ бөлігіне назар аударайық . 
а) Ұлпа жасушаларына келген заттар енді қандай өзгерістерге ұшырайды? 
ә) Ферменттер деген не? 
б) Олар қандай қызмет атқарады? 
Жауабы: Оқушылар күрделі өзгерістер жүретіндігін немесе жасушаға келген 
нәрлі затар, күрделі өзгеріс процесінде жасуша цитоплазмасына 
айналатындығын 
яғни 
биологиялық 
синтез 
процесі 
жүреді 
деп 
қорытындылайды. Ендеше осы синтез реакциясы ассимиляция деп аталады. 
Биосинтез процесінде жасушада жасалу жүреді. 
4. Биосинтез материалы деп нені айтамыз? 
Жауап: Биосинтез материалы деп тамақтану кезінде еніп, асқорыту 
жолдарына ыдыраған қан арқылы жасушаларға баратын нәрлі заттар. Олар 
глюкоза, майқышқылы, глицерин амин қышқылы және оттегі. Осылардан 
жасуша цитоплазмасы жасалады. 
5. Ал ассимиляция деген не? 


30 
Жауап: Ол күрделі заттардың ыдырауы. Жасуша түзілген күрделі заттар 
ыдырайды: 
Жасуша көмірсуі → глюкоза 
май қышқылы 
Жасуша майы 
глицерин 
Ендеше, балалар, амин қышқылы ыдырағанда улы аммиак түзіледі. Ол 
бауырға барып онда зарарсызданады да мочевинаға айналады. Ол глюкоза 
мен май қышқылы және суға бөлінеді. 
6. Енді сызбанұсқаның соңғы сатысына қарайық. 
а) Жасушада қандай заттар пайда болады деп ойлайсыңдар? 
Жауап: Жасушада ыдыраудың соңғы өнімдері пайда болады. Олар Н2О, СО2, 
мочевина. Бұл заттар зәр шығару мүшелеріне қан арқылы өтіп, онда сыртқа 
шығады. 
7 а) Сызбанұсқада энергия белгісі түсірілген, оны қалай түсінесіңдер. 
Жауап: Жасуша цитоплазмасын түзетін заттардың ыдырауы кезінде, зәр 
заттарымен бірге энергияға айналады. 
Мысалы: Жасуша органоиды митохондрияға көмірсу глюкозаға ыдыарйды, 
сонда 17,6 кДж энергия бөлінеді. Ал 1 май → 38,9 кДж энергия бөлінеді. 
Бөлінгн энергия қайда жұмсалады? 
Жауап: Бөлінген энергияның 45% ағзаны жылытуға және 55% 
митохондрияға АТФ жасалуына жұмсалады. АТФ биосинтезі, еттердің 
жиырылуы, секреция т.б. үшін энергия көзі болып табылады. 
АТФ ыдырағанда бөлінетін химиялық энергия-механикалық, электр жылу 
энергияларына айналады. Соныен ағза жасушаларында оның тіршілік 
негізінде жататын және үздіксіз өзін-өзі жаңартып тұратын заттар мен 
энергияның күрделі айналымы болып тұрады. Оқушылардың өтілген мәтінде 
дұрыс түсінгендігін байқау үшін бірнеше сұрақтар қойып және тестік әдіспен 
байқауға болады. 


31 
Мысалы: 
1. Ұлпаның қоректенуі деген не? 
2. Ассимиляция деген не? Оның ағза үшін маңызы қандай? 
3. Диссимиляция деген не? Оның ағза үшін маңызы қандай? 
4. Ассимиляция мен диссимиляция процестерінің арасындағы өзара үздіксіз 
байланысын қалай дәлелдеуге болады? 
Тірек сызбанұсқаларды пайдалана отырып өтілетін сабақтардың оқушылрға 
мынандай тиімді жақтары бар. 
1. Тірек сызбанұсқаны пайдалану жаңа материалды оқушының өздігінен 
меңгеруге алған білімін жүйелеуге жетелей отырып, шығармашылық 
белсенділігін дамытады. 
2. Оқулықпен жұмыс істеуге және берілген материалды сабақ үстінде 
меңгеріп алуға көмектеседі. 
3. Негізгі материалды ірі бөліктерге бөліп, олардың арасындағы байланысты 
табуға үйретеді. 
4. Оқушылардың логикалық ойлау сезімін оятып қорытынды шығаруға 
баулиды. 
5. Оқушылардың талдау мен жинақтау қабілетін дамытып, оқуға жалпы 
қызығушылығын арттырады. 
6. Сабақта барлық оқушылар өз ой-пікірлерін айтып, ақпараттың деңгейін 
артады. 
7. Оқушылардың мектеп мұратына сай жеке адамның тұтастығы, 
сайлаушылық, өзіне-өзі жетілдіруге ұмтылады, тәуекелге баруға даярлығы, 
шығармашылық, ынталығың, икемділік көзқарастарымен сенімдерін 
қалыптастырады. 
8. Оқушы өзін-өзі бағалай білуі, құрдастарымен бірлесе жұмыс істеу деңгейі 
қалыптасып, өзінің айналасындағыларға құрметі артады. 
9. Оқушыға дербес бейімділігі тыңдай білуі, ойлау, өзіне жаңа міндеттер 
алуға ұмтылады. Өз қабілетіне сенімі артады. 


32 
10. Оқушылар оқулықтан тыс материалды пайдалануға ұмтылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет