Биология сабағында жаңа технологияларды қолданудың тиімділігі



Pdf көрінісі
бет1/14
Дата26.12.2023
өлшемі1 Mb.
#199540
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Биология сабағында жаңа технологияларды қолданудың тиімділігі




 
ШҚО Бесқарағай ауданы 
«Бесқарағай колледжі» КММ 
Кусбекова А.Ш. 
 
 
 
Биология сабағында жаңа технологияларды қолданудың
тиімділігі 
(әдістемелік-көмекші құрал) 
ШҚО 2020 жыл
 



УДК 166.023. К- 58 
Пікір жазған: Семейдің Шәкәрім атындағымемлекеттік 
университетінің доценті, п.ғ.к. Г.К. Джумажанова
 
 
 
 
 
«Биология сабағында жаңа технологияларды қолданудың тиімділігі» 
әдістемелік-көмекші құрал/ құрастырған ШҚО Бесқарағай ауданы 
«Бесқарағай колледжі» КММ арнайы пәндер оқытушысы 
Кусбекова А.Ш.
 
 
 
 
 
«Биология 
сабағында 
 
жаңа 
технологияларды 
қолданудың
тиімділігі»
әдістемелік-көмекші құрал биология пәнінің мұғалімдеріне 
арналған. Білім алушылардың шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту - 
бүгінгі күннің басты талабы. Осы талап тұрғысынан алғанда оқу-тәрбие 
үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі әдіс-тәсілдерін іздестіру жаңа 
технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



Кіріспе 
Оқытушының міндеті білімді көбейту емес, осы білімдерін өз бетімен 
алуға мүмкіндік беретіндей құралмен қамтамасыз ету және оқушының 
жекелей дамуы, жеке тұлғаның қалыптасуы, өзін өзі жетілдіру және 
қоршаған әлемді жетілдірудің инновациялық қажеттіліктерін қалыптастыру. 
Білім беру үрдісінде жаңа технологияларды дамыта оқыту, оқу-тәрбие 
үрдісінің сапасын жоғарлатуды көздейді. 
Осы тұрғыдан бүгінгі күні жаңа технологияның тиімді әдіс-тәсілдерін жас 
ұрпақтың бойына сіңіре отырып тәрбие беру мұғалімнің басты міңдеті. 
Сондықтан әрбір педагог сапалы білім беру үшін сабақты үнемі қалыптасқан 
формада өткізуден көрі оқытудың жаңа технологиясын, жаңа әдіс-тәсілдерін 
және дәстүрлі емес сабақ түрлерін өткізу тиімді. Бұл бағытта білім берудің 
әртүрлілігі, нұсқадағы мазмұны, құрылымы ғылымға және тәжірибеге 
негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар.
Сондықтан оқыту үрдісіндегі жаңа әдіс-тәсілдер оқу мазмұны мен 
оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай таңдап алудың маңызы зор. Қазіргі 
таңда оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты 
маман болу мүмкін емес. Сабақта қолданылған жаңа технологиялардың өзі 
әрбір мұғалімнің шеберлігіне байланысты әрқалай жүзеге асырылуы мүмкін. 
Жалпы білім беретін мектептегі биология пәнінің бастауыш білім беру 
сатысындағы дүниетану пәні негізінде құралады. Бұл пән бойынша 
оқушыларға еліміздің табиғаты, табиғи байлығы, экономикасы, ғылымы мен 
мәдениеті, этика, әдеп, эстетика, адам қоғам, адам табиғат арасындағы қарым 
қатынас түрлері жайында ғылыми сарамандық ұғымдар беріледі. Пәнді оқып 
үйрену барысында оқушылар дүниенің үш құрамдас бөлігі: адам, қоғам, 
табиғат саласынан білім алады және олардың өзара байланысты екендігін 
ұғынады. Биология, химия, география пәндерінің бастама негіздері қаланып, 
соның ішінде қоршаған дүние заттары, құбылыстары, табиғат экология 
туралы ғылыми түсінік қалыптасады. 
Биология - бұл орта буында алғаш қосылатын пән. Сондықтан орта 
буында өсімдік құрылысы өсімдік жайындағы білім берудің алғашқы 
баспалдағымен танысады. Осы пәнді оқытуда жаңа технологиялардың тиімді 
әдісін алып жетілдіру барысында есте сақтауға негізделген ақыл ойын 
дамыта отырып оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыруға болады. 
Сын тұрғысынан ойлау жобасы арқылы стратегияларды пайдалануда 
оқушылардың ізденушілік, зерттеушілік әрекетін ұйымдастыруға жол ашады. 
Оқушы жүрегіне жол тауып, оның білімге деген құштарлығын арттырып, 
өзін-өзі тәрбиелеуін ғылыми деңгейде ұйымдастыру үшін, әр оқушының дара 
ерекшеліктерін ескере білім алуға қабілетін зерттей отырып, тұлғалық 
негізінің ашылуына жол ашатын ұстаз. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет