Биология пәнінде дарынды оқушылармен жұмысты да ғаламтор көмегімен тиімді ұйымдастыруға болады. Осы бағытта соңғы уақытта жиі-жиі ұйымдастырылып жүрген республикалық, облыстық олимпиадалар мен байқауларға қатыстыру арқылы оқушылардың көптеген жетістіктеріне қол жеткізуге болады. Сабақты қызықты формада ұйымдастыруға, кейбір өндірістік процестерді бейнелейтін дидактикалық материалдардың шексіз көзі болып табылатындықтан ғаламтормен жұмыс әрбір мұғалімнің шығармашылық ізденісіне көп көмегін тигізері сөзсіз.
PASСO зертханасын биология сабағында қолдану.
Заман талабына сай жабдықталған PASKO зертханалых жабдығы ХХІ ғасырдың оқу үрдісіне негізделген. Бұл құралдың көмегімен оқушылар ғылым негіздерін игере отырып, ғылыми зерттеу мен эксперимент жасауға мүмкіндік алады және де аталған жабдық оқытушының өз сабақтарында теорияны практикамен ұштастыруына көмектесе алады. Құрал датчиктерді пайдаланып биология сабақтарында зертханалық жұмыстар оқушылардың талаптарына сəйкес жасушалық биология, экология, физиология салаларына арналған 20 артық зертханалық жаттығулар жүргізуге болады. Онда әр жаттығудың PDF нұсқалары мен көптеген қорлары бар мұғалімнің папкасы. Əр оқушыға арналған басып шығаруға дайын жаттығулардың нұсқалары. Оқушының əр нұсқасына арналған редакцияланатын Word файлдары бар. Мұғалім зертханалық жұмысқа қажетті барлық ақпараттардың электронды форматы бар CD дискіні пайдалануға болады. Бұл зертханалық жұмыстарды жүргізу оқушылардың сөздік қорын жақсартады. Оқушылар жаттығуды түсінгеніне көз жеткізу үшін, мəліметтерді жинауды бастау алдында, олар болжам жасайды. Жауаптарының бірнеше нұсқалары бар сұрақтар оқушылардың стандартталған емтихандарға дайындық барысында жақсырақ түсінуіне көмектеседі.PASCO зертханалық тəжірибелер тізімі өте көп. Олар бірнеше тақырыптарды қамтиды. 10-сыныпта «ФОТОСИНТЕЗ» тақырыбында СПАРК құралдарын қолдану .
Қорытынды.
АКТ қолдану тек оқу үрдісін жеңілдетіп қана қоймай, сонымен бірге оқушының да көптеген қабілеттерін дамытуға көмегін тигізеді. Атап айтқанда:
- оқушының сабаққа деген ынтасы мен қызығушылығын арттырады;
- әр түрлі мәселелерді шешу жолдарын іздестіру арқылы танымдық
қабілетін дамытады;
- логикалық ойлау қабілетін дамытады;
- жеке немесе топпен жұмыс жасауға дағдыландырады;
- қоғамдағы өз ұстанымдары жайлы ой-өрісін кеңейтеді.
«Елімнің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздың қолында» - деп, елбасымыз айтқандай үлгілі, жан – жақты білімді жеке тұлға қалыптастыру заман ағымына қарай үнемі ізденісте жүретін жаңашыл ұстаздарымыздың қолында деп ойлаймын.
Пайдаланған әдебиеттер:
Ә.М.Нұрмағамбетова. Ақпараттық-коммуникативтік технологияны оқу үрдісінде пайдалану.// Педагогикалық альманах,№3-4,2010,-64-бет.
А.Ғабитқызы. Кәсіби құзыреттілік және жаңа ақпараттық технологиялар.// Қазақстан мектебі, №11,2012,-5-бет.
Б.Ибраимова.Ақпараттық технология -нәтижелі білім берудің көзі.// Қазақстан мектебі,№6,2012,-3- бет.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
М.Ж.Жадрина. Жалпы білім берудегі жаңа үрдістер.// Открытая школа,№5,2004.
Білім технологиялары -2010.-№ 2.
Қазақстан мектебі -2009. -№7.
Ашық сабақ факультативті сабақтар 2011.-№ 4.
Достарыңызбен бөлісу: |