Биология тапсырмалары 11 сынып і-бөлім



бет7/13
Дата17.11.2022
өлшемі46,64 Kb.
#158714
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Байланысты:
Биология тапсырмалары 7,8,9,10,11 сынып
§31 kaz, 4 лекция, Расписание 1 смена 22-23-2
Биология тапсырмалары
9 сынып
І-бөлім. Төмендегі тест тапсырмасынан 1 ғана дұрыс жауабын табыңдар.Жоғарғы балл-25
1.Затты көрудегі микроскоптың бөлімі қалай аталады?
а/бұранда, б/обьектив, в/айна, г/заттық стол
2.Қандай мақсатта қызанақты топыраққа тереңірек сабағымен көміп отырғызады.
а/құрғап кетуден сақтау, б/қосалқы тамырлар түзілу үшін, в/жанама тамырлар даму үшін, г/негізгі тамыры даму үшін.
3.Фотосинтезге қажетті емес:
а/су, б/оттек, в/жарық, г/жылу.
4.Түрі өзгерген өркенге жатпайды:
а/картоп сабағы, б/інжугүл тамырсабағы, в/картоп түйнегі, г/жауқазын пиязшығы
5.Ағаш діңінің қай бөлімінде қор заты жиналады:
а/камбийге, б/сүрекке, в/өзекке, г/қабыққа
6.Қандай белгілері таңқурай, қалақай, бидайықты бір топқа біріктіреді?
а/мұртшамен көбейеді, б/арамшөптер, в/тамырмен көбейеді, г/жер асты өркенімен көбейеді.
7.Егер гүлдің аталығы және аналығы бір өсімдікте болса, онда ол аталады:
а/аталық гүл, б/бірүйлі, в/екі үйлі, г/қосжынысты
8.Хорда (желі) тіршілігінде өмір бойы сақталады:
а/алабұғада, б/латтимерияда, в/табан балықта, г/тұқыда.
9.Бақада кіші қанайналым шеңбері аяқталады:
а/оң жақ жүрекшеде, б/сол жақ жүрекшеде, в/қарыншада, г/бақада бір ғана қанайналым шеңбері бар.
10.Қабыршақтылар отрядына жатады:
а/ кесіртке, б/сұр жылан, в/игуана, г/барлығы дұрыс
11.Қыртөс болмайтын құс:
а/киви, б/пингвин, в/көгершін, г/тоты
12.Көкет(диафрагма) алғаш пайда болды:
а/қосмекенділерде, б/жорғалаушыларда, в/құстарда, г/сүтқоректілерде
13.Тақтұяқтылар отрядына жатады:
а/бұлан, б/қабан, в/есек, г/жираф
14.Жүйкелер деген не?
а/ОЖЖ баратын жүйке жолы, б/жүйке жасушасының ОЖЖ тысқары шоғырлануы, в/ОЖЖ-ні ақ және сұр заты, г/жүйке жасушасының ұзын өсіндісінің ОЖЖ тысқары шоғырлануы.
15.Тироксин гормонының құрамына кіретін химиялық элемент.
а/темір, б/бром, в/натрий, г/иод
16.Организмнің ішкі ортасына не жатады?
а/дене жасушасы, б/ішкі мүшелер, в/қан, ұлпа сұйывқтығы, лимфа, г/плазма және қан жасушалары.
17.Қантамырында қан баяу ағады:
а/қолқада, б/артерияда, в/венада, г/капиллярда.
18.Пепсин ферменті әсерінен ыдырайды:
а/нәруыз, б/май, в/көмірсулар, г/дәрумендер.
19.Әр түрлі дыбыс тербелістері және оның күші мен жоғарылығы қайда ажыратылады:
а/ұлулы денеде, б/есту жүйкесінде, в/миқыртысының самай бөлігінде, г/ортаңғы құлақта.
20.Генотипі мен фенотипі ұқсас түр дарақтары аталады:
а/ популяция, б/ туыс, в/ тұқымдас, г/ отряд.
21.Түр дарақтарының арасындағы осы түрден ерекшеленетін қасиеттерге ие болуы бұл-
а/өсу, б/даму, в/өзгергіштік, г/тұқымқуалаушылық.
22.Табиғи сұрыпталу әсеріне жатпайды:
а/жаңа түрдің түзілуі, б/тұқымқуалайтын өзгергіштік, в/органикалық дүниенің көптүрлілігі, г/организмдердің мекен ортасына бейімделуі
23.Фотосинтез нәтижесінде атмосфераға қандай жанама өнім шығарылады?
а/су, б/көмір қышқыл газы, в/азот, г/оттек
24.Генетикалық код көмегімен ақпараттар бірізділікпен орналасқан:
а/митохондрияның кристасындағы ферменттер, б/хлоропласт гранасында хлорофилл молекуласы, г/нәруыз молекуласындағы амин қышқылдары.
25.Жасушадағы органикалық заттар ыдырауы, АТФ синтезі түзу реакциялар жиынтығы жүруі аталады:
а/энергетикалық алмасу, б/пластикалық алмасу, в/хемосинтез процесі, г/фагоцитоз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет