Биология тапсырмалары 11 сынып і-бөлім



бет11/15
Дата09.11.2022
өлшемі47,48 Kb.
#157345
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
11-сынып олимпиада биология

ІІ-бөлім..Берілген тапсырмалардан тек біреуін белгіле. Әр жауапқа 2 балл.Жалпы балл-10
1.Адам бактерияны пайдаланады:
1.спирт алуда. 2.шырын өндіруде. 3.айран алуда. 4.фермент өндіруде. 5.кебек өндіруде
а/ 1,2,3, б/ 1,2,4, в/1,3,4, г/2,3,5, д/2,4,5.
2.Талшығымен қозғалатын балдырларға жатады:
1.вольвокс, 2.порфира, 3.хламидомонада, 4.ламинария, 5.фукус, 6.спирогира
а/1,3, б/1,6, в /1,4, г/ 2,3, д/ 3,6
3.Гидраның атпа жасушасында болады:
1.талшықтар, 2.оралма жіпше, 3.бақалшақ, 4.сезімтал түк, 5.капсула, 6.екі ядро
а/ 1,3,4, б/ 1,4,5, в/ 2,3,6, г/ 2,4,5, д/3,5,6
4.Адам адамтәрізді маймылдан ажыратылады:
1.төрт бөлімді жүрек, 2.тік жүру, 3.күмбез тәрізді табан, 4.тырнақтың болуы, 5 S-тәрізді омыртқа, 6.сүт тістің тұрақты тіске ауысуы
а/ 1,2,4, б/ 1,3,6, в/ 1,4,5, г/ 2,3,5, д/2,5,6
5.Адамның рудиментті мүшелеріне жатады:
1.ақыл тіс, 2.қалың түкті жамылғы, 3.құрт тәрізді соқыр ішек өсіндісі. 4.үшінші қабақ, 5.көпемшектік, 6.құйрықтың болуы.
а/ 1,4,6, б/ 1,3,4, в/ 2,4,5, г/ 2,5,6, д/ 3,5,6.


ІІІ-бөлім.Берілген тапсырмалардың дұрыс немесе дұрыс емес екендігін анықта.
Жоғары балл-10.
1 Камбий - тірі бөлінуге қабілетті жасуша қабаты және басқа ұлпа жасушаларын түзеді.
2.Дара жарнақты өсімдік тұқымы тұрады бүршіктен және тұқымжарнағының бір ұрық жапырағынан
3.Артериядан артерия қаны ағады.
4.Қосалқы тамыр негізгі тамырдан шығады.
5.Картоптың түрі өзгерген өркенін қорекке пайдаланады.
6.Асқабақтың гүлі қосжынысты.
7.Крокодилдің тісі жақ ұяшығында орналасқан.
8.Митохондрияның негізгі қызметі тотығу, тотықтыру
9.Нәруыз синтезі рибосомада жүреді.
10.ОЖЖ ми мен жұлын эпителий ұлпасының қорғаныш қабатымен жабылған.


ІV-бөлім.Сәйкестігін табыңдар. Жоғары балл-10
1.Жануарлардың белгісіне қарап қай классқа жататынын сәйкестендір



Жануарлардың белгілері

Класс

А.Алғашқы нағыз құрлық жануарлары
Б.Көпшілігінің көбеюі суда жүреді
В.Терісі жұмсақ, жалаңаш, шырыш бөлетін бездері бар
Г.Жұмыртқасы жұмсақ қабықты, сары уызға бай
Д.Метаморфозды дамиды..

1.Қосмекенділер
2.Жорғалаушылар

2.Бездердің бұзылуынан түзілетін ауруларды сәйкестендір

Ауру түрлері

Бездер

А.Алыптық
Б.Базед
В.Микседема
Г.Акромегалия
Д.Кретинизм.

1.Гипофиз
2.Қалқанша без

Биология тапсырмалары




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет