Биология тапсырмалары 11 сынып і-бөлім



бет4/15
Дата09.11.2022
өлшемі47,48 Kb.
#157345
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
11-сынып олимпиада биология

Биология тапсырмалары
10 сынып
І-бөлім. Төмендегі тест тапсырмасынан 1 ғана дұрыс жауабын табыңдар.Жоғарғы балл-30
1.Шіріту бактериясының қоректенуі жатады:
а/сапрофитті; б/паразитті; в/хемотрофты ; г/фототрофты.
2.Стерилденген сүт пастерленген сүттен ұзақ сақталады, себебі өңдеу кезінде жойылады:
а/тек бактерия жасушасы; б/тек өсімдік спорасы; в/бактерия жасушасы және спорасы; г/тек ауру тудырушы бактерия.
3.Қай организм гетеротрофтыларға жатады?
а/хлорелла; б/қалпақты саңырауқұлақ; в/түйнек бактериясы; г/хемосинтездеуші бактерия.
4.Саңырауқұлақтың қор заты:
а/крахмал, б/гликоген, в/инулин, г/целлюлоза.
5.Балдыр көбейеді:
а/вегетативті, б/зооспора арқылы, в/жынысты жолмен, г/ барлығы дұрыс.
6.Қоңыр балдырларға жатады:
а/хламидомонада, б/ламинария, в /хлорелла, г/спирогира.
7.Қына денесі аталады:
а/микориза, б/мицелий, в/қатпаршақ, г/жауабы жоқ.
8.Гаметофит:
а/мүктерде, б/қырықжапырақтыларда, в/плаундарда, г/қырықбуындарда.
9.Ашықтұқымдыларда эндосперм:
а/гаплоидты, б/диплоидты, в/триплоидты, г/полиплоидты.
10.Қосжарнақтыларға жататын өсімдік:
а/жұмыршақ, б/жауқазын, в/лалагүл, г/інжугүл.
11.Трипоносома қай класқа жатады:
а/талшықтылар, б/саркодалылар, в/споровиктер, г/ инфузориялар
12.Омыртқасыздарда метанефриальді типті зәр шығару болады:
а/ішек қуыстыларда, б/паразитті жалпақ құрттарда, в/жұмыр құрттарда, г/ буылтық құрттарда.
13.Ұлулардың тыныс алу мүшесі:
а/демтүтік және өкпе, б/желбезек және тері, в/демтүтік және желбезек, г/желбезек және өкпе
14.Гермофродитті емес.
а/ақ сұлама, б/шошқа цепені, в/жауын құрты, г/нерейда
15.Жай көздер болады:
а/шаршылы өрмекшіде, б/өзен шаянында, в/зауза қоңызында, г/шегірткеде
16.Жүрек қарыншасында жартылай перде болады:
а/тритонда, б/саламандрада, в/бақада, г/құбылғыда
17.Сүтқоректілердің арғы тегі:
а/стегоцефалдар, б/парапитектер, в/аңтісті кесірткелер, г/құстар
18.Қалқанша без гормоны балаларда жетіспесе қандай ауру пайда болады:
а/базед, б/кретинизм, в/микседема, г/қант диабеті
19.Қарын сөлі құрамына не кіреді?
а/трипсин, өт, б/фермент,шырыш,тұз қышқылы, в/тироксин, витамин, г/гормон, антиденелер.
20.Адамда парасимпатикалық жүйке жүйесі іске қосылғанда:
а/ішек жұмысы күшейеді, б/қаңқа бұлшықеті тонусы жоғарылайды, в/қандағы қант концентрациясы артады, г/импульсті жылдамдатады.
21.Нәруыз молекулалары бір-бірінен ажыратылады:
а/аминқышқылының кезектесіп орналасуынан, б/үшінші реттік құрылымы пішінінен, в/амин қышқылының санынан, г/ барлық берілген ерекшеліктерден
22.Жаңа туылған сүтқоректілерде негізгі энергия көзі болып табылады:
а/глюкоза, б/крахмал, в/гликоген, г/лактоза.
23.ДНҚ молекуласының Т нуклеотиді 10%-ын құрайды. Бұл молекулада Ц нуклеотидінің %-ы қандай?
а/15%, б/20%, в/45%, г/40%
24.Аюдың ДНҚ-сы есек ДНҚ-нан ерекшеленеді:
а/нуклеотид жиынтығынан, б/қызметінен, в/нуклетидтер орналасуының бірізділігінен, г/организмдерінің күрделілігінен
25.Мембрананың липидті қабатынан еркін өтеді:
а/су, б/эфир, в/глюкоза, г/спирт
26.Жасушада гликокаликс түзіледі:
а/липидтер және нуклеотидтерден, б/майлар және АТФ, в/көмірсулар және нәруыздан, г/нуклейндер және қышқылдардан.
27.Гормондар жасушаның қай органоиттарында түзіледі:
а/лизосомада, б/ядрода, в/Гольджи жиынтығында, г/вакуольде.
28.Хлорофиллдің реакция орталығы негізін құрайды:
а/кальций, б/магний, в/натрий, г/темір
29.Фотосинтездің қараңғы фазасы өтеді:
а/хлоропласт стромасында, б/хлоропласт рибосомасында, в/тилакоид мембранасында, г/гранада.
30.Глюкоза тотығуының барлық кезеңіне қатысады:
а/оттек, б/фермент, в/жарық, г/көмір қышқыл газы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет