Биология тест тапсырмалары жинағы



бет2/4
Дата25.08.2017
өлшемі0,95 Mb.
#26359
1   2   3   4

Вариант 6
1. Жасушаның көбеюіне қатысады:

А) Ядро D) Рибосома

В) Вакуоль Е) Митохондрия

С) Цитоплазма

2. Сабақтың әр буынында екі жапырақтың бір-біріне қарама-қарсы бекініп орналасуы:

А) Жұп D) Буынды

В) Қарама-қарсы Е) Кезектесіп

С) Топтанып

3. Бақбақтың гүлшоғыры:

А) Шатыр D) Шоқпарбас

В) Собық Е) Қалқанша

С) Себет


4. Құс денесінің ауада ұстайтын қалықтау бетін құрайтын қауырсындары:

А) Қанат үсті D) Бағыттаушы

В) Қанатты қағушы Е) Мамық

С) Жабындық

5. Тірі ағза жасушаларындағы дайын ағзалық заттармен қоректенетін бактериялар:

А) Автотрофтылар D) Консументтер

В) Сапрофиттер Е) Паразиттер

С) Продуценттер

6. Жерортатеңіздік орталық отаны болып саналады:

А) Орамжапырақтың D) Күріштің

В) Құмайдың Е) Мақтаның

С) Томаттың

7. Жапырағы саусақ-салалы күрделі раушангүлділер тұқымдасына жататын өссімдік:

А) Таңқурай D) Итмұрын

В) Шетен Е) Құлпынай

С) Қазтабан

8. Әр түрлі мүшелер жүйесі түзілер жасушаның аралық қабаты:

А) Эктодерма D) Энтодерма

В) Мезодерма Е) Гиподерма

С) Кутикула

9. Сия қапшығында түсі қоңыр сұйықтығы бар басаяқты былқылдақдене:

А) Кальмар D) Каракатица

В) Сегізаяқ Е) Жалаңаш шырыш

С) Ұлу


10. Бассүйексіз тип тармағының өкілі:

А) Минога D) Миксина

В) Балық Е) Қандауырша

С) Сегізаяқ

11. Қойдың арғы ата тегі:

А) Тарпан D) Арқар

В) Тур Е) Шибөрі

С) Таутайлақ

12. Жүйке жүйесінің негізгі функциональды қасиеті болып саналмайды:

А) Ойлау D) Аккомодация

В) Сана Е) Мінез-құлық (психика)

С) Есте сақтау

13. Шеткі жүйке жүйесіне жатады:

А) Жүйкелер және жүйке түйіндері D) Ортаңғы ми

В) Бас миының үлкен ми сыңары Е) Сұр зат

С) Ақ зат

14. Үш дыбыс сүйекшесі орналасады:

А) Жоғары жақ сүйегінде D) Ортаңғы құлақта

В) Қарақұс сүйегінде Е) Ішкі құлақта

С) Сыртқы құлақта

15. Сіңір созылғанда көрсетілетін алғашқы жәрдем:

А) Тарту керек D) Дәкемен таңу қажет

В) Созу керек Е) Жылу басу керек

С) Өздігінен түзетуге жағдай жасау

16. Иммунитет болмайды:

А) Туа біткен D) Жасанды

В) Жүре пайда болған Е) Бейтарап (нейтральды)

С) Табиғи

17. Кеңірдекті түзетін ұлпа:

А) Шеміршек D) Бұлшық ет

В) Сүйек Е) Эпителий

С) Сүйек-шеміршек

18. Сілекей әсерінен ыдырауға ұшырайды:

А) Нәруыздар D) Нәруыз және көмірсулар

В) Майлар Е) Витаминдер

С) Көмірсулар

19. Жүйке жүйесі мен бүйрек функцияларын реттеу жүзеге асырылады:

А) Аралық мимен D) Мишықпен

В) Сопақша мимен Е) Жұлынмен

С) Ортаңғы мимен

20. Май бездерінің қызметі:

А) Дене беткейін салқындатады D) Жартылай бүйрек қызметін атқару

В) Терінің үстін майлайды Е) Терінің сезімталдығына жауап береді

С) Бактерияны жояды

21. Хромосомалар:

А) Бөлінбейтін клеткаларда айқын байқалады

В) Тек сома клеткаларында болады

С) Ядроның құрылымдық элементі, онда клетканың тұқымқуалаушылық белгілері сақталған

D) Бір белгінің дамуына жауап береді

Е) Бөлінбеген, ересек клеткаларда анық көрінеді

22. Клетка қабықшасымен ядро арасындағы қоймалжың зат:

А) ДНК D) Рибосома

В) РНК Е) Лизосома

С) Цитоплазма

23. Органикалық дүниенің дамуының күрделі және ұсақ процесі:

А) Онтогенез D) Этология

В) Филогенез Е) Фенология

С) Эволюция

24. Организмде тіршілік жағдайларына сәйкес алуан түрлі ұсақ бейімдеушіліктердің пайда

болуы:


А) Акклиматизация D) Биологиялық прогресс

В) Адаптация Е) Эволюция

С) Идиоадаптация

25. Клетканың жыныс хромосомаларынан басқа хромосомалары:

А) Гаметалар D) Аутосомалар

В) Сперматозоид Е) Аллельді

С) Геном

26. Қажетті белгілері бар особьтарды (дараларды) бөлу және олардан ұрпақ алу:

А) Жаппай сұрыптау D) Гибридтену

В) Жеке сұрыптау Е) Әріден будандастыру

С) Туыстық жағынан будандастыру

27. Белгілі бір уақыт аралығында популяция особьтарының өлімге ұшырағандарының

санын бейнелейтін көрсеткіш:

А) Саны D) Өлім

В) Тығыздығы Е) Өсім

С) Туылым

28. Жануарларды үркітетін өсімдіктердің бөліп шығаратын заттары:

А) Консументтер D) Антрактанттар

В) Продуценттер Е) Репелленттер

С) Редуценттер

29. Биосфера деңгейінде жүретін кіші айналымдар:

А) Биологиялық айналым D) Физиологиялық айналым

В) Химиялық айналым Е) Биогеохимиялық айналым

С) Физикалық айналым

30. Ультракүлгін күн сәулесінің негізгі бөлігін сіңіретін атмосфераның жұқа қабаты:

А) Тропосфера D) Мезосфера

В) Озон Е) Термосфера

С) Стратосфера



Вариант 7


  1. Өсімдікте қоректік заттар қорын жинауға қатысатын түссіз пластидтер:

А) Хлоропластар. D) Вакуль.

В) Хромопластар. Е) Лейкопластар.

С) Митохондриялар.

2. Егер бір буында 3 немесе одан да көп жапырақтар болса, онда мұндай орналасу:

А) Қарама-қарсы. D) Буынды.

В) Кезектесіп. Е) Топтанып.

С) Үш-үштен.

3. Томат жемісі:

А) Асқабақты D) Тұқымша.

В) Сүйікті. Е) Қауашақ.

С) Жидек

4. Өңдігінен қорек аулап, тіршілік ете бастаған балық дернәсілі:

А) Уылдырық D) Ұрық

В) Жұмыртқа Е) Итшабақ

С) Шабақ

5. Ауру туғызатын бактериялармен адамдардың жаппай ауруы:

А) Ластану D) Дизентерия

В) Індет (эпидемия) Е) Бөгде заттардың енуі

С) Бактериоз

6. Орталықамерикалық орталық отаны болып саналады:

А) Пияздың D) Жүгерінің

В) Қарақұмықтың Е) Өріктің

С) Арпаның

7. Тостағанша жапырақшаларының саны 4, раушангүлділер тұқымдас өсімдік:

А) Итмұрын D) Қазтабан

В) Раушан Е) Алма

С) Алмұрт

8. Паразит құрттардың денесін қаптайтын тығыз түзіліс:

А) Эктодерма D) Энтодерма

В) Эпителий Е) Сірқабық

С) Гиподерма

9. Арнайы тыныс алу мүшелері болмайтын тікенектілердің өкілі:

А) Теңіз жұлдызы D) Теңіз кірпісі

В) Теңіз қияры Е) Теңіз рухгүлдері

С) Голотурия

10. Балықтарды зерттеумен айналысатын зоология ғылымының саласы:

А) Гельминтология D) Палеонтология

В) Микология Е) Ихтиология

С) Герпентология

11. Жылқының арғы ата тегі:

А) Тарпан D) Арқар

В) Тур Е) Муфлон

С) Таутайлақ

12. Қызметіне байланысты барлық жүйке жүйесі бөлінеді:

А) Сомалық жіне вегетативтік D) Перифериялық және сомалық

В) Симпатикалық және парасимпатикалық Е) Перифериялық және вегетативтік

С) Орталық жіне симпатикалық

13. Жоғары дәрежелі жүйке қызметі ілімінің негізін салушылар:

А) Л.Пастер, А.И.Опарин D) Г.Мендель, Т.Морган

В) В.Мичурин, В.В.Вавилов Е) К.Линней, А.Вейсман

С) И.П.Павлов, И.М.Сеченов

14. Есту толқындарның есту рецепторларына берілу жолы:

А) Дабыл жарғағы тербелісі → иірім түгіндегі сұйықтық тербелісі → жүйке импульстерінің

пайда болуы

В) Дыбыс сүйекшесінің тербелісі → иірім түгіндегі сұйықтық тербелісі → есту рецепторларының

тітіркенуі

С) Дабыл жарғағының тербелісі → есту рецепторларының тітіркенуі → жүке импультерінің

пайда болуы

D) Иірім түгіндегі сұйықтық және дыбыс сүйекшесінің тербелісі → дабыл жарғағының тербелісі

Е) Дабыл жарғағының тербелісі → дыбыс сүйекшесінің тербелісі → иірім түгіндегі сұйықтық

тербелісі → есту рецепторларының тітіркенуі → жүйке импульстерінің пайда болуы

15. Буынның ауыруы:

А) Артроз D) Аднексит С) Атеросклероз

В) Артрит Е) Анемия

16. Бөгде клеткаларды тану мен жоюға жауап беретін лейкоциттер:

А) Т-лимфоциттер D) Эозинофильдер

В) В-лимфоциттер Е) Нейтрофильдер

С) Базофильдер

17. Тыныс алу орталығы орналасады:

А) Үлкен ми сыңарында D) Аралық мида

В) Сопақша мида Е) Мишықта С) Мишықта

18. Құрамында тұз қышқылы болады:

А) Ұйқы безі сөлінде D) Тоқ ішек сұйықтығында

В) Қарын сөлінде Е) Ащы ішек сұйықтығында

С) Сілекейде

19. Бүйрек функцияларының гуморальды реттеуін жүзеге асыратын бездер:

А) Қалқанша без D) Жыныс бездері

В) Айыршық без Е) Ұйқы безі

С) Гипофиз және бүйрек үсті бездері

20. Терінің іріңді, бактериальды ауруын туғызады:

А) Механикалық тітіркендіргіштер D) Химиялық тітіркендіргіштер

В) Күйік Е) Үсу

С) Стрептокктар мен стафилококкалар

21. Кариотип дегеніміз:

А) Организмнің сомалық клеткаларының диплоидты хромосомалар жиынтығы

В) Гендік деңгейдегі өзгергіштік D) Генотип

С) Хромосома жиынтығының сандық белгілері

Е) Гаметаның хромосома жиынтығының сандық белгілері

22. Мембранамен бөлінген көпіршіктер, каналшалар, түтікшелердің жиынтығынан тұратын клетка органоиды:

А) Цитоплазма D) Рибосома

В) Митохондрия Е) Пластид

С) Эндоплазмалық тор

23. Адам баласын көздеген мақсатына, талабына сай особьтерды бірнеше ұрпақтар бойы сұрыптау

арқылы жануарлардың жаңа қолтұқымдарын мәдени өсімдіктердің жаңа іріктемелерін алу процесі:

А) Табиғи сұрыптау D) Өзгергіштік

В) Қолдану сұрыптау Е) Көбеюдің қарқындалығы

С) Тұқымқуалаушылық

24. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуының дұрыс теориясын ұсынды:

А) Ф.Бекон D) А.И.Опарин С) Л.Пастер

В) Ф.Реди Е) А.И.Герцен

25. Сыртқы ортаның нақты жағдайлары әсерінен, тұқымқуаламайтын жаңа белгілерінің пайда болуы:

А) Мутация D) Реакция нормасы

В) Модификация өзгергіштік Е) Комбинативті

С) Генотиптік өзгергіштік

26. Туыстас организмдерді будандастыру:

А) Инбридинг D) Жаппай сұрыптау

В) Аутбридинг Е) Жеке сұрыптау

С) Гетерозис

27. Туылым мен өлім арасындағы айырмашылық:

А) Саны D) Өлім С) Туылым

В) Тығыздығы Е) Өсім

28. Бір территорияда мекендейтін екі түрдің көршілес болуы, пайда әкелмейді немесе зиян келтірмейді,

осындай биотикалық қатынастардың формасы:

А) Симбиоз D) Нейтрализм

В) Комменсализм Е) Аменсализм

С) Мутуализм

29. Биосфера деңгейінде жүретін үлкен айналымдар:

А) Биологиялық айналым D) Физиологиялық айналым

В) Химиялық айналым Е) Биогеохимиялық айналым

С) Физикалық айналым

30. Биосферадағы тіршіліктің жоғары шекарасы:

А) 30-35 км D) 15-20 км

В) 25-27 км Е) 10-15 км С) 20-25 км


Вариант 8
1. Цитоплазмадағы іші шырынға толы, сыртында қабықшасы бар қуыс:

А) Ядро D) Ядрошық

В) Митохондрия Е) Пластид

С) Вакуоль

2. Өсімдіктердің органикалық заттарды топырақтан алмай, өздері түзілетінін дәлелдеген ғалым:

А) К.Тимирязев D) В.Гельмонт

В) Ч.Дарвин Е) Н.Вавилов

С) Л.Пастер

3. Фотосинтез процесі жүретін пластидтер:

А) Лейкопластар D) Пропластидтер

В) Хлоропластарда Е) Амилопластар

С) Хромопластар

4. Бақа дернәсілі:

А) Уылдырық D) Ұрық

В) Итшабақ Е) Шабақ

С) Ересек бақа

5. Бактериялардың өсімдіктерді зақымдап, туғызатын ауруы:

А) Ластану D) Дизентерия

В) Індет (эпидемия) Е) Бөгде заттардың енуі

С) Бактериоз

6. Оңтүстікамерикалық орталық отаны болып саналады:

А) Томаттың D) Жүгерінің

В) Күріштің Е) Шәйдің

С) Бидайдың

7. Бұршақ тұқымдасына жататын мал азықтық өсімдік:

А) Асбұршақ D) Соя

В) Жержаңғақ Е) Жантақ

С) Мия


8. Кірпікшелі жалпақ құрттарға жатады:

А) Сиыр таспа құрты D) Мысық сорғыш

В) Сорғыш Е) Ішек сорғы

С) Ақ сұлама

9. Арнайы тыныс алу мүшесі – тері желбезектері бар тікенектілердің өкілі:

А) Теңіз рухгүлдері D) Жыланқұйрық

В) Голотурия Е) Теңіз қияры

С) Теңіз кірпісі

10. Балықтың дене тепе-теңдігін сақтайтын жүзбе қанаты:

А) Арқа D) Құйрық

В) Көкірек Е) Аналь

С) Бүйір


11. Бунақденелілерге жатады:

А) Шыбындар D) Кенелер

В) Қандалалар Е) Инеліктер

С) Сушалқақ

12. Вегетативтік жүйке жүйесінің қызметіне жатпайды:

А) Ішектің перистальтикалық жиырылуы D) Жүректің соғуы

В) Тамырлар тонусын сақтау Е) Қаңқа еттерінің жиырылуы

С) Ішкі мүшелердің қызметі

13. Рефлекс-...

А) Жүйке қозуы қабылданып және жұмысшы мүшеге жетуі В) Организмнің жүйке жүйесі арқылы тітіркендіргіштерге жауап қайтаруы С) Қозудың сезімтал нейроннан қозғалтқыш нейронға жалғасуы

D) Қозудың жұмысшы мүшеге берілуі

Е) Жүйке ұлпасының қозғыштығы

14. Адам құлығының дыбыс толқынын қабылдау диапанозы:

А) 10 мың – 20 мың Гц D) 15-20 мың Гц

В) 20 мың – 30 мың Гц Е) 15-40 мың Гц

С) 10-30 Гц

15. Бейорганикалық фосфат қанға қайтадан сіңбей, сүйектен шығарылатын ауру түрі:

А) Ревматизм D) Ринит

В) Радикулит Е) Цитиноз

С) Рахит


16. Иммуноглобуллин түзілуіне және бөгде молекулалардан қорғауға жауап береді:

А) Нейтрофильдер D) В-лимфоциттер

В) Базофильдер Е) Т-лимфоциттер

С) Эозинофильдер

17. Әрбір өкпені сыртынан қаптайтын дәнекер қабықша:

А) Мембрана D) Плевра

В) Циста Е) Паренхима

С) Пленка

18. Қарын сөлі ферменті:

А) Казеин D) Өт

В) Тироксин Е) Пепсин

С) Инсулин

19. Зірдің бөлінуіне әсер ететін минералды заттар:

А) Cd, Mg, I D) Na, N, Ca

В) CI, F, I Е) K, Rb, Cs, I

С) Au, Ag, Pt

20. Тері ауруларын зерттейтін ғылым:

А) Диетология D) Физиология

В) Пульмонология Е) Дерматология

С) Анатомия

21. Кариотипке тән емес белгі:

А) Саны D) Құрылымы

В) Пішіні Е) Ұзындығы

С) Көлемі

22. Түс беретін пигменттері бар өсімдіктер клеткасының органоиды:

А) Митохондрия D) Пластидтер

В) Рибосома Е) Вакуоль

С) Лизосома

23. Организмнің белгілері мен қасиеттерін ұрпақтан ұрпаққа беруі:

А) Табиғи сұрыптау D) Өзгергіштік

В) Қолдану сұрыптау Е) Көбеюдің қарқындылығы

С) Тұқымқуалаушылық

24. Жер бетінде тіршілік пайда болды:

А) 10 млрд. жыл бұрын D) 2-3 млрд. жыл бұрын

В) 6,5 млрд. жыл бұрын Е) 1,5 млрд. жыл бұрын

С) 4-4,5 млрд. жыл бұрын

25. Қоршаған орта жайларына байланысты белгіледің өзгеру шегі:

А) Модификация D) Реакция нормасы

В) Мутация Е) Полиплоидия

С) Комбинативті

26. Туыстас емес организмдердің будандасуы:

А) Инбридинг D) Жаппай сұрыптау

В) Аутбридинг Е) Жеке сұрыптау

С) Гетерозис

27. Организмдердің жылдам көбеюге қабілеттілігі:

А) Биологиялық потенциал D) Биологиялық ырғақ

В) Биологиялық прогресс Е) Биотип

С) Биологиялық регресс

28. Ешқандай қарсылықсыз бір организмнің екінші организмге қысым көрсетуі:

А) Симбиоз D) Нейтрализм

В) Комменсализм Е) Аменсализм

С) Мутуализм

29. Табиғаттағы заттар айналымының негізгі көзі:

А) Фотосинтез D) Алмасу адсорбциясы

В) Транспирация Е) Пиноцитоз

С) Адсорбция

30. Биосферадағы тіршіліктің төмегші шекарасы:

А) 1,5-2 км D) 10-11 км

В) 3-5 км Е) 12-13 км

С) 5-10 км



Вариант 9
1. Құрамында болатын бояғыш заттардың түсіне қарай 3-ке бөлінетін денешіктер:

А) Рибосомалар D) Ядрошық

В) Митохондриялар Е) Пластидтер

С) Вакуоль

2. Фотосинтездегі хлорофильдің ролін алғаш сипаттаған ғалым:

А) К.Тимирязев D) В.Гельмонт

В) Ч.Дарвин Е) Н.Вавилов

С) Л.Пастер

3. Тамыр ұшы аймақтарының дұрыс реті:

А) Өсу аймағы, бөліну аймағы, сору аймағы, өткізу аймағы В) Бөліну аймағы, сору аймағы, өткізу аймағы, өсу аймағы

С) Бөліну аймағы, өсу аймағы, сору аймағы, өткізу аймағы

D) Өткізу аймағы, бөліну аймағы, өсу аймағы, сору аймағы

Е) Сору аймағы, өсу аймағы, бөліну аймағы, өткізу аймағы

4. Организмнің тітіркендіргіштерге жүйке жүйесі арқылы қайтарған жауабы:

А) Фагоцитоз D) Иммунитет

В) Тітіркену Е) Рефлекс

С) Пиноцитоз

5. 1882 жылы адамның өкпесінде туберкулез қоздырғышын ашқан ғалым:

А) Л.Пастер D) А.Ливенгук

В) Ч.Дарвин Е) Р.Кох

С) С.Навашин

6. Күздік бидай сортына (іріктеме) жатады:

А) Харьковская 46 D) Московская 21

В) Саратовская 29 Е) Новосибирская 67

С) Одесская 31

7. Бұршақ тұқымдасына жататын улы өсімдік:

А) Гледичия D) Кассия

В) Тентек мия Е) Беде

С) Жантақ

8. Жалпақ құрттардың сыртқы қимылына қатысатын бұлшықеттер:

А) Сақиналы D) Қиғаш

В) Біріңғай салалы Е) Көлденең жолақты

С) Ұзын

9. Арнайы тыныс алу мүшесі – суға толы өкпелері бар тікен терілердің өкілі:



А) Теңіз рузгүлдері D) Жыланқұйрық

В) Голотурия Е) Теңіз қияры

С) Теңіз кірпісі

10. Балықтың денесіне бағыт беретін жүзбеқанаты:

А) Арқа D) Құйрық

В) Көкірек Е) Аналь

С) Бүйір

11. Көбелектің ауыз мүшесі:

А) Сорғыш-түтік D) Кеміргіш

В) Кеміріп-жалағыш Е) Сүзіп-жалаушы

С) Шанщып сорғыш

12. Жүйке жүйесі мынадай жүйке жасушаларынан тұрады:

А) Аксон D) Медиатор

В) Нейрондар Е) Синапс

С) Дендрит

13. Жай рефлекске жатпайды:

А) Қарашық ұлғаюы D) Ауырсыну

В) Шөлдеу және ашығу Е) Зәр шығару

С) Бағдарлау

14. Дыбыс қаттылығы өлшенеді:

А) Гц (Герц) D) Д (диоптрий)

В) дБ (десцибел) Е) Км/сағ

С) Н (ньютон)

15. Бұлшық еттердің қызметіне жатпайды:

А) Тепе-теңдік сақтау D) Денені тік ұстау

В) Денеге пішін беру Е) Жүйке серпіністерін өткізу

С) Дененің қозғалысын қамтамасыз ету

16. Құрылымдық және функциональды біртұтастығын сақтауға бағытталған организмнің

қорғаныш реакцияларын зерттеуге арналған ғылым саласы:

А) Микробиология D) Иммунология

В) Вирусология Е) Бактериология

С) Гемотология

17. Дені сау адам минутына тыныс алады:

А) 14-16 рет D) 20-22 рет

В) 16-18 рет Е) 22-24 рет

С) 18-20 рет

18. Адам ішегінің ұзындығы

А) 2-3 м D) 5-6 м

В) 3-4 м Е) 6-7 м

С) 4-5 м


19. Зәрдің бөлінуін азайтатын минералды заттар:

А) Na, Li, Ca D) Au, Ag, Pt

В) Ca, Mg, K Е) K, Rb, Cs

С) CI, F, I

20. Түрдің жалғасуын қамтамасыз ететін биологиялық прогресс:

А) Даму D) Онтогенез

В) Көбею Е) Филогенез

С) Өсу


21. Рецессивті ген:

А) Басым белгі D) Шаштың түсі анықтайды

В) Доминатты белгі Е) Мұрын пішінін анықтайды

С) Көрінбейді, алайда сақталады

22. Клеткадағы нақты пішін береді және шектен тыс өсуін қамтамасыз етеді:

А) Цитоқанқа D) Гольджи жиынтығы

В) Центриольдар Е) Клетка қабықшасы

С) Цитоплазма

23. Жаңа белгілер мен қасиеттерге ие болу:

А) Табиғи сұрыптау D) Өзгергіштік

В) Қолдану сұрыптау Е) Көбеюдің қарқындылығы

С) Тұқымқуалаушылық

24. 900 млн. жылға созылған ең көне заман (эра):

А) Архей D) Мезозой

В) Протерозой Е) Кайнозой

С) Палеозой

25. Кенеттен болған тұрақты тұқымқуалаушылық белгілері:

А) Модификация D) Геном

В) Мутация Е) Полиплоидия

С) Реакция нормасы

26. Жануарлардың барлық белгілерігің, дене құрылысы, дене бөліктерінің ара қатынасы және

т.б жиынтығы:

А) Габитус D) Аутбридинг

В) Экстерьер Е) Гетерозис

С) Инбридинг

27. Табиғат жағдайлары біркелкі ортада бірлесіп тіршілік ететін өсімдіктер, жануарлар,

микроорганизмдердің жиынтығы:

А) Биотоп D) Биогеоценеоз

В) Биоценоз Е) Продуцент

С) Популяция

28. Дененің бейорганикалық заттардан құруға қабілетті автотрофты организмдер:

А) Продуценттер D) Монофагтар

В) Консументтер Е) Полифагтар

С) Редуценттер

29. Атмосфералық оттегі толық айналымының ұзақтығы:

А) 4000 жыл D) 500 жыл

В) 2000 жыл Е) 300 жыл

С) 1000 жыл

30. Ағындардан өте алатын, белсенді жүзетін су жіндіктерінің жиынтығы:

А) Планктон D) Нейстон

В) Нектон Е) Аэропланктон

С) Бентос




Вариант 10
1. Шығу тегі, құрылысы, атқаратын қызметі ұқсас жасушалар тобы:

А) Жасушалар тобы D) Организм

В) Мүше Е) Ұлпа

С) Жапырақ жұмсағы

2. Сарыағаштың түрі өзгерген жапырағы:

А) Мұртша D) Қабыршақ

В) Қылқан Е) Тікенек

С) Шырынды жапырақ

3. Күрделі жапырақ болады:

А) Алмада D) Теректе

В) Асбұршақта Е) Қайыңда

С) Еменде

4. Су ағынының бағытын, сүңгу тереңдігін сезінуге мүмкіндік беретін балықтардың ерекше

мүшесі:


А) Ауа көпіршіктері D) Көзі

В) Танау тесігі Е) Бүйір сызығы

С) Қанаттары

5. Бактериялар туғызатын мақта ауруы:

А) Дизентерия D) Гоммоз (шайыр ағу)

В) Тат ауруы Е) Фитофтороз

С) Ақұнтақ

6. Жаздық бидай сортына жатады:

А) Одесская 31 D) Безостая 1

В) Полесская 70 Е) Краснодарская 39

С) Новосибирская 67

7. Бұршақ тұқымдасына жататын дәрілік өсімдік:

А) Гледичия D) Тентек мия

В) Мия Е) Беде

С) Жер жаңғақ

8. Жалпақ құрттардың аралық қабат қимылын реттейтін бұлшық еттер:

А) Сақиналы D) Қиғаш

В) Біріңғай салалы Е) Көлденең жолақты

С) Ұзын

9. Тікентнрілердің зәр шығару мүшесі:



А) Бүйрек D) Түтік

В) Мальпигий түтікшелері Е) Су түтікшелі жүйе

С) Несепағар

10. Шеміршекті балыққа жатады:

А) Шортан D) Аққайран

В) Пілмай Е) Шармай

С) Акула

11. Араның ауыз мүшесі:

А) Сорғыш-түтік D) Кеміргіш

В) Кеміріп-жалағыш Е) Сүзіп-жалаушы

С) Шаншып сорғыш

12. Жүйке ұлпасының серіктес клеткасы:

А) Медиатор D) Аксон

В) Синапс Е) Дендрит

С) Нейроглия

13. Бағдарлау рефлексі:

А) Жөтел D) Ыстық заттан қолды тартып алу

В) Кірпік қағу Е) Кенет дауысқа басты бұру

С) Сілекей бөліну

14. Статолиттер мына мүшеге тән:

А) Тепе-теңдік D) Иіс сезу

В) Көру Е) Дәм сезу

С) Терімен сезіну

15. Көлденең жолақты бұлшық еттер:

А) Барлық ішкі мүшелерде орналасқан D) Мұрын қуысын астарлайды

В) Қаңқа еттерін түзеді Е) Ішекті астарлайды

С) Қан тамырларының қабырғасын түзеді

16. Иммунология ғылымының негізін салушы:

А) И.И.Мечников D) Ч.Дарвин

В) Л.Пастер Е) И.П.Павлов

С) Э.Дженнер

17. Мұрын қуысының ішкі қабырғасын қаптайтын эпителий:

А) Борпылдақ D) Кірпікшелі

В) Тығыз Е) Борпылдақ-тығыз

С) Безді

18. Ас қорыту процесінде өт және ұйқы безінің сөл бөлінеді:

А) Ауыз қуысында D) Ащы ішекте

В) Қарынға Е) Тоқ ішекте

С) 12 елі ішекте

19. Сирек бүйрек ауруының себебі болады:

А) Ангина D) Тіс ауыру

В) Қызылша Е) Жүрек ауыру

С) Тыныс ауру мүшелері ауруы

20. Онтогенез дегеніміз:

А) Организмнің жұмыртқа клеткасының ұрықтануынан бастап адамның өмірінің соңына

дейінгі кезең

В) Организмнің тарихи дамуы D) Жыныс жүйесінің жетілуі

С) Жыныс клеткаларының қосылу нәтижесі Е) Құрсақ ішілік даму кезеңдері

21. Фенотип:

А) Организмнің тұқымқуалаушылық қасиеттері мен белгілерін анықтайтын гендер жиынтығы В) Қоршаған орта жағдайлары мен генотип әсеріне қалыптасқан организмнің барлық белгілері

мен қасиеттерінің жиынтығы

С) Организмнің тұқымқуалаушылық белгілерін беру қасиеттерінің тұрақтылығы D) Тұқымқуалайтын өзгергіштік Е) Адам генотипі

22. Клетканың пайда болуынан бастап оның өлгенге дейінгі уақыт кезеңі:

А) Тіршілік циклі D) Метафаза

В) Митоз Е) Анафаза

С) Мейоз


23. Бір түр особьтарының (дараларының) арасындағы күрес:

А) Түрішілік D) Эволюция

В) Түраралық Е) Өзгергіштік

С) Тұқымқуалаушылық

24. Жынысты көбею және клеткалы организмдер пайда болған заман (эра)

А) Архей D) Мезозой

В) Протерозой Е) Кайнозой

С) Палеозой

25. Екі жұп белгілері бойынша гибридтерді шағылыстыру:

А) Дигибридті D) Мутаген

В) Полигибридті Е) Фенотип

С) Моногибридті

26. Адамның қызығушылығына байланысты өндірісте тірі организсмдер мен биологиялық

процестерді қолану:

А) Экология D) Эмбриология

В) Биотехнология Е) Этология

С) Гендік инженерия

27. «Биоценоз» ұғымын ғылымға енгізген:

А) Э.Геккель D) Н.Н.Реймус

В) К.Мебиус Е) И.Варлинг

С) Ю.Либих

28. Органикалық заттармен қоректенетін гетеротрофты организмдер:

А) Продуценттер D) Автотрофтылар

В) Консументтер Е) Фототрофтылар

С) Редуцеттер

29. Айналымы 2000 жылды құрайтын биогенді элемент:

А) N D) O2

В) P Е) H2

С) C

30. Су түбінде тіршілік ететін организмдер:



А) Планктон D) Нейстон

В) Нектон Е) Аэропланктон

С) Бентос



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет