Биологиялыќ диктант



бет2/3
Дата05.02.2022
өлшемі13 Kb.
#16408
түріСабақ
1   2   3

ІІІ. Жаңа сабақ жоспары:

  • 1. Аралас бездер.
  • 2. Ұйқыбездің қызметі.
  • 3. Ұйқыбездің гормондары арқылы қандағы қант деңгейінің реттелуі.
  • 4. Әйел организміндегі аналық жыныс гормондарының рөлі.
  • 5. Ер адам организмінің қалыптасуында аталық жыныс гормондарының рөлі.
  • 6. Ішкі секреция бездері өзара әрекеттесуі.
  • Аралас секрециялы бездер - біздің организмімізде екі қызметті қатар атқаратын (сырттай да, іштей де гормон бөлетін) бездер.
  • Оларға ұйқы безі мен жыныс бездері жатады.
  • Ұйқыбездің басы, денесі, құйрығы болады.
  • Ұйқы безі екі қызмет атқарады:
  • 1.Ас қорыту сөлін түзеді.
  • 2.Инсулин және глюкагон гормондарын өндіреді.
  • Организмде инсулин тез бұзылады, сондықтан ол қанға үнемі түсіп отыруға тиіс. Инсулин өндірілуінің төмендеуінен көмірсулардың көп мөлшері организмнен зәрмен бірге шығарылады. Бұл қантты диабет ауруының дамуына себепші болады.
  • Гликоген – жануар крахмалы, суда ерімейді, сондықтан қан құрамында болмайды.
  • Жыныс бездері организмнің өсуі мен жетілуін, екінші реттік жыныс белгілерінің қалыптасуын реттейтін гормондар өндіреді.
  • Гуморальдық реттелу мүшелер мен жасушалардың өзара әрекетінің ежелгі түрі болып табылады.
  • Гормондық реттелу жасушалар мен ұлпаларда түзілетін биологиялық белсенді заттар арқылы баяу іске асырылады.
  • Эндокриндік жүйеге жүйке жүйесі,
  • ал жүйке жүйесінің жұмысына ішкі секреция бездерінің гормондары әсерін тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет