Жер биосферасын құрайтын заттардың негізгі типтері Тірі заттың жалпы массасы 1,8-2,5.1012т. (құрғақ салмағы) бағаланып, ол биосфера массасының (3.1012т.) тек болмашы бөлігін ғана құрайды. Егер тірі затты планета бетімен біртегіс етіп орналастырсақ оның қалындығы, бар болғаны 2см болады. Қазіргі кездегі ағзалар топтарының биомассасы туралы мәліметтер кестеде келтірілген.
Жердің тірі ағзаларының биомассасы (Н.И.Бразилевич бойынша)
Орта
Ағзалар тобы
Масса (10 )
Қатынасы (%)
Континенттер
Жасыл өсімдіктер
2,40
99,2
Жануарлар мен микроағзалар
0,020,8
Барлығы
2,42
100
Мұхиттар
Жасыл өсімдіктер
0,0002
6,3
Жануарлар мен микроағзалар
0,0030
93,7
Барлығы
0,0032
100
Жердегі ағзалардың биомассасы
2,4232
-
Жердің бетін өзгертуші маңызды фактор тіршілік болып табылады. Оның ерекшелігі тек химиялық реакциялардың жылдамдығына ғана байланысты емес, кейбір реакциялар қалыпты температура мен қысымда ағзадан тыс жүрмейді. Л. С. Берг былай деген: «Ағзалар физикалық тұрғыдан мүмкін емес нәрселерді жүзеге асырады». Майлар мен көмірсулар ағзада 37ºС шамасында тотығады, ал ағзадан тыс тек 400-500ºС жүреді. Молекулалық азоттан аммиактың синтезі өнеркәсіптік жағдайда 500ºС температура мен 300-500 атм. қысымда жүзеге асырылады. Ал микроорганизмдер бұл реакцияны қалыпты температурада және атмосфералық қысымда жүзеге асырады.
В.И.Вернадский биосфераның Жердің ғаламдық біртұтас жүйесі ретіндегі көзқарасты жасады. Бұл жүйеде химиялық және энергетикалық өзгерістердің жүруі тіршілікпен анықталады. В.И.Вернадский тірі ағзалардың геологиялық ролі туралы ілімнің негізін қалады.
Жердің биосферасы ғаламдық ашық жүйе болып табылады. Оның «кіруі» - бұл космостан келетін күн энергиясының ағыны, ағзалардың тіршілік қызметінде түзілген заттар. Биосфера өздігінен реттелетін кибернетикалық жүйе. Оған гомеостаз қасиеті тән.
Жер планета ретінде табиғат жағдайларының алуантүрлілігімен сипатталады. Бұл оның шар тәрізді пішінімен,, Күнді және өзінің осінен айналуымен анықталады. Өз кезегінде бұлар күн белсенділігінің ендік және маусым бойынша интенсивтілігінің өзгеруін қамтамасыз етеді. Табиғат жағдайларының көп түрлілігі Жердің күрделі рельефінің әсерінен де түзіледі. Бірақ Жер биосферасының негізгі көп түрлілігін тірі ағзалар жасайды. Ғалымдардың болжамы бойынша қазіргі биосферада тірі ағзалардың шамамен 2 млн. түрі бар (биосфераның өмір сүруі барысында 1 млрд.- тан кем емес).
Биосфераның динамикалық жүйе ретіндегі ерекшелігі оның бір тегіс болмауы (тепе-теңсіздігі) және оның тірі затпен жұмысы Күн энергиясының ағынының нәтижесі болып табылады.
Биосфераның маңызды ерекшеліктерінің бірі ондағы судың болуы. Биосфераның тағы бір белгісі – оның космоспен тығыз байланыстылығы (көбіне Күнмен).
1852 жылы Швейцария астрономы Р. Вольт Жердің магнитизмінің Күндегі дақтардың пайда болу циклдігіне тәуелді екенін есептеп шығарды.