Негізгі әдебиеттер:
1. Жатқанбаев Ж.Ж. Экология негіздері. А., 2003
2. Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаев Г.З. Экология., А., 2001.
Дәріс сабақ № 19
БИОСФЕРА ҚАЗІРГІ КҮЙІ. БИОСФЕРА ТУРАЛЫ ІЛІМ. В.И.ВЕРНАДСКИЙДІҢ БИОСФЕРА ЖӘНЕ НООСФЕРА ТУРАЛЫ ІЛІМ
В.И.Вернадский биосфераның пайда болу, даму және қазіргі кезде жағдайында тірі заттардың рөлін өте жоғары бағалады. Ол "Жердің сыртқы кабатында үнемі өзгеріс енгізетін тірі организмдерден басты құдіретті химиялық күш жоқ" деп жазды өзінің "биосфера атты еңбегінде.Әсіресе тірі организмдер оған қоса адамзат баласының әрекеттерінің биосфера шетіндегі биогеохимиялық фактор ретінде (рөлін бағалай келіп биосфера өзін-өзі реттеп отыратын биологиялық экологиялық және химиялық жүйе екенін дәлелдеді. Бір сөзбен айтқанда біздің жер деп аталатын планетамыздағы ең жоғарғы сатыда өсіп-дамыған жер бетіндегі барлық тіршілікті жүргізуші ұлы құдіретпен іске асырылады. Сондықтан да жер бетіндегі неше түрлі құбылыстар осы тірі ағзаларға байланысты екенін толық түсіндіре білді. Шынына келетін болса тірі ағзалар ғарыштық энергияны биосферадағы химиялық элементі мен қосылыстардың миграциясы болып табылады. Бұл үрдісі биосферадағы зат және энергия айналымдарымен шектеліп, биосфера шегіндегі бүкіл дүние жүзілік зат пен энергияның алмасып отыратынына ең себепші құдіретті қозғаушы күш.
Алғашқы кезде проблема биосфералардағы зат пен энергия айналымының қалдықсыз жүруі нтижесінде биосфера деп аталады, айналаны қоршаған ортада, тіршілікке қажетсіз еш қандай басы артық зат синтез делінбейді. Олар үнемі өзгеріп, бір түрден екінші түрге айналып отырады. Өмірге қауіптісі жойылып кетіп, пайдалысы қалады, сөйтіп биосфера өзін-өзі тазартып отырады. Олар бірнеше дәуірден тұрады.
Биосфераның ең бірінші заманы археи деп аталады. Бұл кезде - сфера кандай жағдайда дамығаны және қандай тірі организмдер болғаны туралы ешқандай деректер жоқ. Тек қана қарапайым тіршіліктің түрі болған ғой деп ғалымдар топшылайды.
Протерозой эрасы - биосфераның екінші дәуірі болып есептеледі Бұл заман 700 миллион жыл бойына созылған. Протерозойда тірі ооганизмдердің қарапайым түрлері тіршілік еткен. Олардың сол дәуірде тасқа жабысқан қалдықтары әр түрлі тау жыныстарынан қазіргі кезде де байқалады. Протерозой дәуірінде биосфера қандай жағдайда болғанын ғалымдар толық білмейді. Ол туралы нақты деректер жоқ. Биосфераның Палеозой эрасы немесе ертедегі тіршілік кезеңі. Бұл дәуір шамамен алғанда бұдан 570 миллион жыл бұрын басталып, 300 миллион жылға созылған. Бұл эра кембрий, ордовик, елур, девон, карбон және пермь дәуірлері болып бірнешеге бөлінеді. Кембрий дәуірінде барлық өсімдіктер теңіз суларында өскен. Олар тек жасыл балдырлар болатын. Олардан құрлыққа бейімделген өсімдіктер өсе бастады. Тек қана силур кезеңінде есімдіктер құрлыққа біртіндеп шыға бастап, дами түсті. Бұл уақыттағы өсімдіктердің ең бастысы - псилофиттер болған. Балдырларға қарағанда олар жоғары дәрежеде дамыған өсіаджтердің түрі ең Псилофиттердің жер астыңдағы бөлігінде тамыр сабаққа ұқсас резиодтары болды. Псилофиттердің сыртын эпидермис қаптап тұрған. Мұның клеткаларының аралығында устрицалар (саңырауқүлақтар) орналасқан. Бірсыпыра псилофиттердің ұзындығы 1,5-2 метрге дейін жеткен. ал кейбір түрлерінің, мысалы, риния мен хорнеяның биіктігі 20-40 сантиметрдей ғана болған. Олар батпақты жерлерде өскен. Псилофиттердің ішінен астероксилон ерекше назар аударады. Оның жер бетіңдегі органдарын (сабақтарын, жа-пырақтарьш) алсақ өте үлкен көлемде дамыған. Дегенмен оларда тамыр жүйелері, еткізгіш системасы болмады. Тамыр қызметін атқаратын резоидтары болған. Астероксилондар бұтақтанып өскен. Псилофиттердің күшті дамуына әсер еткен алғашқы топырақ және ылғал болды. Сондай-ақ бактериялардың, балдырлардың және қарапайымдардың (бір клеткалылардың) әрекеттері ерекше еді. нүңдағы бір ғажайыпжай, псилофиттер саңырауқүлақтармен симбиоз касап өскені белгілі.Псилофиттер 20-30 миллион жылдай өмір сүрді деп. топшылайды ғалымдар.Девонның аяқ кезінде бұлардан басқа қырық буыңдылар және папоротниктер қаулап өсе бастады. Өсімдіктер құрлыққа шыққаннан кейін фотосинтездің ықпалымен атмосфералық ауаның құрамы өзгеріп, құрлық жануарларының дамуына жағдай жасалып , фотосинтез процесі арқылы ауада оттегі көбейе түсті.
Тас көмір дәуірі (карбон) жылы және ылғалды болды. Мұның өзі құрлық өсімдіктерінің қаулап өсуіне мүмкіншілік жасады. Әсіресе сәнді орман ағаштарының көлемі үлкен аймақтарды қамтыды. Бұл дәуірдегі өсімдіктер негізінен плаундар, қырықбуындар және папоротниктер болды. Бұлар псилофиттен таралып, тас көмір дәуірінің басында солардың орнын түгелімен басты. Плаундар ете биік ағаштар (лепидодендрондар мен сигилляриялар) түрінде дамыды. Олардың биіктігі 40-50 метрге дейін жеткен. Диаметрі 2-3 метрдей болған. Бұлардың діндері тік, зеулім өсті. Жапырақтары қалың болды. Мұндай ағаштардан түскен жапырақтар жерде жатып шіріп, топырақтың қарашірігін молайта түсті. Ол өсімдіктердің есуіне қолайлы жағдайлар туғызды.
Дәріс сабақ № 20
БИОСФКРА РЕСУРСТАРЫНЫҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ. ӨНДІРІСТІҢ ӨСУІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІ
Жоспар
Биосфераның эволюциясы. Адамның биосферадан айырмашылығы
Ноосфера-сана, ақыл-ой қабаты, экологияның төрт заңы
Биосфера ыдырауындағы техногендік факторлар
Биосфераның эволюциясы. 1926 жылы Ленинград қаласында, үш жылдан соң Парижде және кейінірек Берлинде В.И.Вернадскийдің «Биосфера» деген жалпы атпен «Космостағы биосфера», «Өмір аймағы» атты очерктері жарық көрді.
В.И.Вернадский: «Жердің келбеті кездейсоқ құбылыстардың нәтижесі емес, ол нақты шектелген геологиялық жер қабықшасы-биосфераға сәйкес келеді. Ол Жер планетасына тән белгілі бір құрылымымен сипатталады. Бұл құрылымды онда жүретін геологиялық процестердің сипатына қарай ұйымдасқан деп атау дұрыс»- деп жазды. Өзінің өмірінің соңғы жылдарын В.И.Вернадский биосфераның ұйымдасуын сараптауға жұмсады. Бұл зерттеулердің нәтижелері бойынша ол «Жер биосферасының химиялық құрылысы мен оның қоршаған айналасы» еңбегін жазды. Бірақ ұлы ғалым аталған кітабын шығарып үлгермеді. Кітап ол өлгеннен соң 20 жылдан соң 1965 жылы жарық көрді.
«Ноосфера» терминін алғаш рет қолданғандар философ, математик, палеонтолог және антрополог Эдуард Леруа және палеонтолог Пьер Тейяр Шарден (1927 ж.) болды. Ноосфера ұғымымен француз ғалымдары адамның санасы пайда болған кездегі табиғаттың эволюциялық сатысын атады. П.Тейяр Шарден өзінің 1959 жылы жарық көрген «Адам феномені» деген еңбегінде ноосфераны «жаңа қабат», «ойлайтын қабат» деп анықтады.
Вернадский бойынша ноосфера «адам санасының ролі және ол бағыттайтын адам еңбегі күшті, өсіп келе жатқан геологиялық күшке» айналатын биосфераның даму сатысы болып табылады.
Адам санасы мен ғылыми ойдың ролін бағалай келе В.И. Вернадский мынадай қорытындылар жасады:
ғылыми шығармашылықтың дамуы адамның өзі тұратын биосфераны өзгертетін күш болып табылады;
биосфераның өзгерістері ғылыми ойдың өсуімен қатар жүретін құбылыстар;
биосфераның бұл өзгерістері адам еркінен тыс, стихиялы түрде, табиғи процесс ретінде жүреді;
тіршілік ортасы- биосфера планетасының ұйымдасқан қабықшасы болғандықтан, оның геологиялық тарихына да оны өзгертудің жаңа факторы- адамзаттың ғылыми жұмысының енуі биосфераның жаңа фазаға, жаңа күйге- ноосфераға өтуі табиғи процесс.
В.И.Вернадскийдің «Ноосфера туралы бірер сөз» деген мақаласы 1944 жылы жарық көрген ең соңғы еңбегі болды.
Ноосфера-сана, ақыл-ой қабаты, экологияның төрт заңы. Ағылшын ғалымы В.Коммонер (1974 жыл) тірі және өлі табиғаттың арасындағы барлық экологиялық өзара қарым- қатынастырды төрт заңға біріктірген.
Бірінші заң-барлығы барлығымен байланысты. Бұл заңның негізінде тірі табиғаттағы жалпы байланыстар принципі жатыр. Аталған принцип бойынша табиғаттағы күрделі трофтық немесе басқа да байланыстарда қандай да бір бөлігінің жойылуы күтпеген нәтижелерге әкеліп соқтыруы мүмкін. Әрбір түр көптеген басқа түрлермен байланысты болады.
Адамның табиғатқа араласуы күтпеген қолайсыз жағдайларға әкеліп соқтыруы мүмкін. Мысалы, оңтүстік аралдардың бірінде ДДТ припаратының көмегімен масаларға қарсы күрес жүргізілген. Масалар толық жойылды. Бірақ, біраз уақыттан соң осы бунақденелілермен қоректенетін кесірткелер қырыла бастаған. Содан соң осы жорғалаушылармен қоректенетін жабайы мысықтардың саны кеми бастаған. Нәтижеде тышқандардың саны күрт артып кеткен. Кесірткелердің жойылу нәтижесінде термиттер көбейіп, үйлердің ағаш тіреулерін зақымдаған. Олай болса масалар да қалыптасқан экожүйенің маңызды құрам бөлігі болып табылады.
Экологияның екінші заңы-материя жойылмайды, жоқтан пайда болмайды, ол бір түрден екінші түрге өтеді. Кез келген табиғи жүйеде бір ағзалардың экскременттері мен қалдықтары екіншілері үшін азық болып табылады. Жануарлардың тыныс алуы нәтижесінде бөлініп шығатын қалдық көмір қышқыл газ жасыл өсімдіктер үшін қорек. Өсімдіктер жануарлар тыныс алуы кезінде сіңіретін оттегіні бөліп шығарады. Жануарлардың қалдықтары- оларды ыдырататын бунақденелілер мен бактериялар үшін азық. Ал, олардың қалдықтары-бейорганикалық заттар (азот, фосфор, калий, көмірқышқыл газы және т.б.)- өсімдіктер үшін азық көзі болып табылады.
Үшінші заң: табиғат өзі жақсы біледі. Табиғи жүйеге кез келген ірі антропогенді әсер зиянды. Табиғатта егер оны ыдырату жолы болмаса, ешқандай да жаңа органикалық зат жасалмайды.
Тірі ағзада жасалатын кез келген органикалық затты ыдырататын фермент болады. Адамның қолымен жасалған, бұрын табиғатта болмаған жаңа органикалық затты ыдырататын фермент жоқ. Сондықтан бұл зат жинала береді. Бұған улы химикаттар-пестициттер мен гербициттер мысал бола алады. Табиғатқа ірі өзгеріс енгізу алдында барлық мүмкін болатын экологиялық нәтижелер қарастырылуы тиіс. Орта Азияның ірі өзендері- Сырдария мен Амударияның суын егістікке пайдалану Арал теңізінің деңгейінің айтарлықтай төмендеуіне әкеліп соқтырды. Арал күннен- күнге тартылып барады, ал оның маңындағы Сарықамыс ойпаты суға толуда. Шөлді жерлер қолдан батпақтанып барады.
Іле өзенінде Қапшағай ГЭС-нің салынуы Балқаш көлінің деңгейінің төмендеуіне әкелді.
Төртінші заң-тегін ешнәрсе жоқ.Ғаламдық экожүйе біртұтас бүтінді құрайды. Адамның еңбек қызметі нәтижесінде экожүйеден алынған нәрсенің барлығы қайтарылуы тиіс. Біздің көптеген қателіктеріміз табиғаттағы барлық құбылыстардың өзара байланысын практикада пайдалана білмеуімізге байланысты туындап отыр.
Адамның биосферадан айырмашылығы. Адамның Ғарышқа ұшуына, көптеген айлар бойы су астында тіршілік етуге үйренгеніне қарамастан ол қоршаған ортаның қатаң айқындалған (эвалюциямен) жағдайлары немесе экологиялық факторлар: ауаның газды құрамы, тағам мен ассимиляцияланатын заттардың жиынтығы (жарықтану, ылғалдылық режимі, температура т. б. ) қажет биологиялық түр болып қалды.
Кез келген тірі организмнің қоршаған орта сапасына қоятын талаптары консервативті. Фактор режимдері өзгергенде, табиғи ортаның қандай да бір құрамдас бөліктері организмге қажетті қалыптардан ауытқығанда тіршілік әрекетінің бұл ауытқулардың тіршілікпен сәйкессіздігіне дейінгі бұзылыстары болуы мүмкін.
Адам биосфераның биотикалық құрауыштарына кіреді, онда ол проценттермен қоректік тізбек арқылы байланысады. Өзі бірінші және екінші реттің консументтеріне жатады, гетеротрофқа жатады, дайын органикалық заттар мен биогенд элементтерді пайдаланады, зат айналымына қатысады. Адам тірі заттардың физикалық - химиялық біртұтастық заңына бағынады (В.И.Вернадскийдің). Тірі организмдердің барлық сан алуандығына қарамастан олардың физикалық - химиялық жағынан ұқсастығы соншалық, біреулері үшін зиянды нәрсе басқалары үшін де тіпті әсерсіз бола алмайды (олар тек төзімділігімен ғана ерекшеленуі мүмкін).
Адам үшін орта жағдайларының организмнің генетикалық алдын-ала анықталуына сәйкес келу заңы орындалады: организм түрлері оны қоршаған табиғи ортада осы түрдің бейімделуінің генетикалық мүмкіндіктеріне ортаның ауытқулары сәйкес келгенде ғана тіршілік ете алады. Әр түр белгілі бір ортада пайда болады және ол әрі қарай енді сол ортада ғана тіршілік ете алады. Тіршілік ортасын күрт өзгерту түрдің генетикалық мүмкіндіктерінің тіршіліктің жаңа жағдайларына бейімделуі үшін жеткіліксіз болып шығуына әкеп соғуы мүмкін.
Осыған байланысты адамның табиғатты өзгертуі қазір тіршілік етіп отырған түрлер үшін, оның ішінде ерекше биолигиялық түр болып табылатын адамның өзі үшін де аса қауіпті.
Биосфера адам мен басқа да тірі ағзалардың бірден - бір мекен ету ортасы болып табылады.
В.И.Вернадский мен басқа да бірқатар ғалымдардың теориасынан биосфераның алмастырылмайтындығы заңы шығады.
Биосфера – бұл туындаған кез келген ауытқуларда тіршілік ортасының тұрақтылығын табиғи бірлестіктер құруға үміттенуге ешбір негіз жоқ.
«Адам барлық тірі ағзалар тәрізді ғаламшар аспектісінде тек тіршілік аймағында – биосферада, өзі сонымен берік байланысқан және одан кете алмайтын белгілі бір жер қабатында ғана ойлап, әрекет жасай алады. Оның тіршілік етуі оның атқаратын қызметі болып табылады» (В.И.Вернадский).
Адамның биосферадан ажырамастығы ноосфераны құрудың басты мақсатын көрсетеді. Ол биосфераның адам биотикалық түр ретінде пайда болып, өз денсаулығы мен өмірін сақтай отырып тіршілік ететін типін сақтап қалуда жатыр. Тек адмзаттың саналы әрекеттілігі ғана ғаламдық дамудың басты айқындаушы факторына айналады. «Ноосфера-біздің ғаламшарымыздағы жаңа геологиялық құбылыс, ал адам-ірі геологиялық күш» (В. И. Вернадский).
Ноосфераны жасауда негізгі екі тәсіл бар: а) бүкіл биосфераның өзгеруіне әкелетін процестерді шектеу; б) техносфераны биосферадан толықтай дерлік оқшаулау арқылы оны барынша сақтау. Демек, даму екі бағытта жүре алады.
Тірі организмдердің метоболизміне сыртқы химиялық ортаның сапасының өзгеруінің теріс ықпалы соңғы кездері «экологиялық қақпан» деген атау алды. Мұндай қақпанның физиологиялық үрдістерге әсер етуін («Минимат» ауруы) келтіреді. Мәселен, дидзопропилфторфосфат (ДФФ) атты белгілі зат тек жүйке ұлпаларындағы нейрохимиялық үрдістер кезінде жинақталатын ацетилхолинде бәсеңдетуде маңызды роль атқаратын ацетилхолинестерезаның ферментіне инактивациялық ықпалын тигізеді. Улы химикаттар тек өздері қарсы қолданылатын түрлер үшін ғана қауіпті емес. Оларды шаруашылық мақсатта пайдалану ортаның қатты ластануына және қалаусыз салдарға әкелуі мүмкін.
ХХ ғасырдың 20-шы жылдарында В.И.Вернадскийдің еңбектерінде биосфера Жер шарының тірі оргонизмдер жайлайтын бөлігі, ең үлкен экожүйе екенін ғылыми түрде негіздеді және ол бірінші рет тірі организмдердің геологиялық ролі туралы биосфера ілімін ұсынды. Ол еңбектерінде топырақ түзу процесі ауа-райынан басқа өсімдіктер мен жануарлардың жиынтық әсеріне байланысты екенін көрсетті; тірі организмдердің іс - әрекеті жер қыртысының кейпін өзгертетін ең негізгі фактор екенін де дәлелдеді. В.И.Вернадский биосфера заттегі геологиялық жағынан кездейсоқ емес әр түрлі 7 бөлшектен тұратынын атап айтты: тірі заттек, тіршілік (биогенді) заттегі, өлі (енжар) заттек, биологиялық енжар заттек және т. б. Ол ғаламшардағы барлық организмдердің жиынтығын тірі заттек деп атай отырып, оның негізгі қасиеті ретінде жалпы массасын, химиялық құрамын және энергиясын қарастырды. В.И.Вернадский анықтамасы бойынша өлі (енжар) заттек деп түзілуіне тірі организмдер қатыспайтын биосферадағы заттектер жиынтығы айтылады.
Биогенді заттектер организмдердің тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болған химиялық қосылыстар, тіршілікпен құрылған және өңделген заттектер. Олар өте күшті потенциалды энергия көзіне жатады, тірі организмдердің тіршілік әрекеті өнімдерінен тұрады немесе олардың шіріген қалдықтары (әктас, ақбалшықты жыныс, , қазба көмірлер, мұнай және т. б.) болып табылатын оргоногенді шөгінді жыныстар.
Биологиялық енжар заттектер ерекше топтың бірі. Олардың түзілуіне биосферада бір мезгілде тірі организмдер мен өлі заттектерде жүретін процестер қатысады. Енжар заттектерде жүретін процестерге организмдердің қосатын үлесі өте зор. Ғаламшардың енжар заттектеріне топырақ, желге мүжілетін топырақ жамылғысы, барлық табиғи сулар жатады, олардың қасиеттері жер бетіндегі тірі заттектердің әрекетіне байланысты келеді.
Биосфера, сонымен, заттектер айналымын үзбей сүйемелдеп тұратын ғаламшардың ең үлкен экожүйесі, яғни тіршіліктің өніп-өсіп, көбеюіне мүмкіндік бар қабат. Оның шекарасы Жер бетіндегі 20-25 км деңгейден (атмосфераның озон қабатына дейінгі бөлігі кіреді) 11 км мұхит тереңдігіне және жер астына 6км тереңдікке дейін созылып таралған.
БИОСФЕРА ЫДЫРАУЫНДАҒЫ ТЕХНОГЕНДІК ФАКТОРЛАР
Негізгі түсініктер. "Қоршаған ортаның ластануы" ұғымының ауқымы кең. Тар мағынада ластану деп қандай да бір ортаға жаңа, оған тән емес физикалық, химиялық және биологиялық агенттерді (ластаушыларды) әкелу немесе осы агенттерді табиғи ортадағы орташа көп жылдық деңгейін көтеруді айтады. Экологиялық көзқарас бойынша бұл түсінікті екі тұрғыдан қарастыруға болады:
1) қоршаған ортаға түсіп жатқан немесе адам мен табиғатқа зиянды әсерлердің нәтижесінде пайда болып жатқан заттар;
2) қоршаған ортаны ластайтын заттар (мысалы, химиялық заттар).
Экологиялық тұрғыдан ластану объектісі әрдайым экожүйе (биогеоценоз) болып табылатындығын түсіну қажет. Бұдан өзге, табиғи орта бір заттардың тым көптігі немесе онда басқа заттардың болуы (жаңа қоспалардың) экологиялық факторлардын режимдерінің өзгергендігін білдіреді, себебі зиянды заттар өзінің шынайы мәнінде экологиялық факторлар болып табылады. Демек, бұл факторлардың режимі (немесе олардын құрамы) қандай да ағзаның (немесе қоректік тізбектегі түйіннің) экологиялық қуысының талаптарынан ауытқиды. Бұл кезде зат алмасу үрдістері бұзылады, продуценттердің ассимиляция қарқындылығы, ендеше бүкіл биогеоценозын өнімділігі де кемиді.
Осылайша, ауаның, су мен топырақтың құрамында бар кез келген зат ластаушы агент бола алады. Қоршаған ортаның құрамына кіретін заттарды құрамдас бөліктер (ингридиенттер) деп атайды, Құрамдас бөліктер табиғи текті (мысалы, жанартаудың атқылауы, өсімдік тозаңы, жел көтерген шаң т.б.) антропогенді текті (қоғамның іс-әрекеттілігінің нәтижесінде) текті бола алады.
Ортаның ластануы - күрделі үрдіс. Өңдіріс қалдықтарындағы химиялық қосылыстар әдетте өздері бастапқыда болмағаи жерлерге тап болады. Олардың көпшілігі химиялық белсенді, әрі тірі ағзаның ұлпасының құрамына кіретін молекулалар мен өзара әрекеттесуге немесе ауада белсенді түрде тотығуға қабілетті. Мұндай заттардың барлық тіршілік иелері үшін у болып табылатыны түсінікті.
Ластану түрлерінің жіктелуі (классификациясы). Шыққан тегі бойынша ластанудын екі түрін қарастыруға болады:
- адамдардың қатысынсыз табиғи құбылыстардың нәтижесінде болатын ластанулар;
- адамдардың іс-әрекетінің нөтижесінде болатын антропогенді ластанулар; бұған өнеркәсіптік өндірістің техногендік әсерлері үлкен үлес қосады.
Ластаушылардың табиғаты бойынша ластаудың мына түрлерін айырады:
1) биологиялық ластану - экожүйеге оған жат ағза түрлерін әкелу және олардың көбеюі. Микроорганизмдермен ластануды сондай-ақ бактерологиялық, немесе микробиологиялық ластану деп те атайды;
2)физикалық (радиациялық, жылулық, жарықтық, электромагниттік, шулық және т.б.);
3) химиялық (биосфсраның химиялық заттармен ластануы).
Түзілу әдісіне байланысты біріншілік және екіншілік ластануды айырады.
Біріншілік ластануға - биосферадағы табиғи және антропогенді процесстер арқылы қоршаған ортаға түсетін ластаушыларды жатқызады.
Екіншілік ластануға -қоршаған ортадағы физикалык-химиялық процестердің нәтижесінде орта мен адамдарға зиянды заттардын түзілуі жатады, мысалы, екіншілік ластануға ауадағы әр түрлі газдардың қосылысынан түзілетін қала үстіндегі тұманды келтіруге болады. Кеңістіктік тұрғыдан бүкіләлемдік, аймақтық және жергілікті ластануларды бөледі.
Қоршаған ортанын компоненттеріне байланысты біріншіден атмосфераның, гидросферанын, (литосфераның) және атмосфералық ауанын, жербеті мен жерасты суларының және топырақтың ластануын қарастырады, Адам организміне ылғи түсіп тұратын ластаушы заттардын 70% тамақпен, 20% -ауамен, ал 10% - сумен бірге түседі.
Дәріс №21-22
ТАҚЫРЫБЫ: ЭКОЖҮЙЕДЕГІ АДАМ
Жоспар
1.Тірі ағзалардың бірлестіктері. Биоценоз, биотоп,биогеоценоз, экожүйе. Қоректену тізбегі – сукцессия
2. Экожүйелер
Бір территорияда немесе акваторияда өмір сүретін әр түрлі түрлердің популяциялары табиғатта өз алдына жеке изоляцияда, еш қатынассыз өмір сүре алмайды, олар бір – бірімен үнемі байланыста болады.Бұл қатынас түрлері әртүрлі және күрделі. Бір ағзалар басқа ағзалармен қоректенеді. Біреулері бірінің тіршілік ету ортасында өмір сүреді.Ал өте ұсақ микроағзалар өлген өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтарын шірітеді. Соның негізінде табиғатта ағзалардың бірлестігі қалыптасады, олар сол территорияда немесе акваторияда тіршілік етуші барлық түрлердің популяцияларын біріктіреді.
Бірлесіп тіршілік етуші және ағзалардың өзара байланысы биоцеоноз деп аталады (лат. Биос-тіршілік,цено – жалпы).
Биоценоз алып жатқан абиотикалық орта аймағы биотоп яғни, биоценоз тіршілік ететін орта деген ұғымды береді (лат.биос - өмір,топос – орын).
Биоценоздағы бір түрдің өкілдері биотикалық қатынастарының көптеген формалары олардың бірлестіктегі өмірлерінің негізгі жағдайларын, қоректерін табу жолдарын және жаңа кеңістікті иемдену мүмкіншіліктерін (конкуренттілік, комменсализм, жыртқыш – жәбірленуші және т.б.) анықтайды
Әрбір бірлестіктегі жеке түрлерге жататын даралардың өзара және олардың басқа түрлер популяцияларымен қарым-қатынасын, дамуы мен алмасуына айналадағы орта жағдайларының тигізетін әсерін зерттеу де – экологиялық міндеттердің бірі
В.Н.Беклемишевтің түрлер арасындағы биоценоздағы биотикалық қатынастар мынандай төрт типке бөлінеді:
а) трофикалық, б) топикалық в)фористік г)фабрикалық.
Трофикалық байланыс бір түрдің екінші түрмен, тірі немесе өлі күйінде,содай –ақ тіршілік ету үшін қажетті тағамдар түрінде қоректенуі кезінде туындайды.
Топикалық байланыс бір түрдің тіршілік ету барысында екінші түрдің кез келген жағынан, физикалық немесе химиялық тіршілік ортасының өзгеріске ұшырауынана туындайды.
Форикалық байланыс бір түрдің екінші түрдің таралуына қатысунан туады. Транстортировкалық тасымалдаушы ролін жануарлар атқарады.Әртүрлі өсімдіктердің тұқымдарын, спораларын, тозаңдарын жануарлардың тасымалдауы зоохор деп, ал басқа ұсақ жәндіктермен тасымалдануы – форезия деп аталады (форас – латынша сыртқа шығару дегенді білдіред).
Фабрикалық байланыс бір түрдің өз қажеттілік құрал жабдықтарына (фабрикациясына) басқа бір түрдің шығару өнімдерін, тірі немесе қалдық түріндегі, кейде тіпті тірі особтарында пайдалануды айтады.
Биоценоздың құрылымы
Кез келген жүйенің құрылымы – оның бөлімдерінің байланысы мен қатынастарының заңдылықтарында. Биоценоздаң құрылымы көпжақта,олар мынандай аспектыларды бөледі.
Биоценоздың түрлік құрылымы – бұл ондағы әртүрлі түрлердің олардың сандық немесе массалық қатынасы. Биоценоздың бай және кедей түрлерін бөледі.
Жеке түрлердің ролін анықтау үшін олардың сандық сапасын анықтап, санақ жүргізіп алады:
Түрдің өте көп болуы –бір түрдің белгілі бір аудан көлемінде қаншалықты жинақталуында, мысалы, шаянтектестердің 1 дм³ суда немесе тоғандардағы саны.
Кездесетін жиілігі биоценоздағы сол түрдің қаншалықты біртекті немесе әртүрлі таралуында.
Доминантталу көрсеткіші – қарастырылып отырған бір түрдің топтағы барлық түрлердің жалпы санына ара қатынасымен өлшенеді.
Биоценоздың кеңістіктік құрылымы оның өсімдіктік бөлімінің – фитоценоз, жерүсті және жерасты өсімдік массаларының қосындысымен анықталады.
Фитоценоз үшін ярусты және мозаикалық қосылыс тән.
Ярусты дегеніміз –жерүсті өсімдіктерінің бірнеше қабаттағы таралуы (ағаштекті, бұталы, шөптесін және мүктектілер ярусы) және басқалар.
Мозаикалыққа - өсімдіктердің горизонтальды бағыттағы таралуы (микротоптардағы,микроценоздар,микрофиценоздар,парцелдар және т.б.).
Биоценоздың экологиялық құрылымы.Биценоздың бірлестіктің экологиялық құрылымын сипаттайтын түрлі типтері ағзаның экологиялық топтарының қатынасы мен анықталады.
Экожүйелер
Әрбір биогеоценоз, негізінен, екі құрылымды бөліктен, сол аймақтағы тіршілік етуші тірі ағзалардан және сол ағзалар тіршілік ететін орта жағдайларының әсерінінң жиынтығынан тұрады Олардың арасында тығыз байланыс туындап, белгілі бір жүйені құрайды.Ол жүйе экологиялық жүйе деп аталады.
Биоценоздағы тіршілік жағдайлары онда болатын зат айналым әрекетіне тікелей байланысты болады.биогеоценоздағы зат айналым тіршіліктің күрделенуіне байланыстыэволюция барысында үнемі күрделеніп отырады.
Кез келген биогеоценоздың негізін жасыл өсімдіктер (органикалық затты түзушілер) құрайды,олады продуценттер деп атайды.
Сонымен қатар, әрбір биогеоценоз, құрамында өсімдіктер немесе басқада жануарлармен қоректенетін, яғни, дайын органикалық заттарды пайдаланатындар консументтер деп аталады.
Биогеоценоз құрамында (өсімдік пен жануарлар қалдықтарын) ыдыратушыларды – редуценттер деп атайды.
Міне, осылай биогеоценозды құрайтын ағзалардың тіршілік әрекетінің арқасында айналадағы орта мен ағза арасында үздіксіз тұйық айналым түзіледі.Табиғаттағы айналым үшін сырттан үнемі энергия келіп тұруы керек. Ондай энергия көзі -Күн болып табылады.
Биогеоценоздағы күн сәулесінің энергиясы ағзалардың тіршілік әрекетінің нәтижесі арқылы химиялық байланыстар энергиясына, механикалық және ең соңында ішкі энергияға айналады.
Әрбір түр органикалық заттар ыдырағанда бөлінетін энергияның бір бөлігін ғана пайдаланады.Ал сол түрге қажетсіз, бірақ әлі энергиясы мол органикалық заттардың қалған бөлігін басқа ағзалар пайдаланады. Эволюция барысында әрбір биогеоценоздарда бастапқы қоректік заттан өзіне қажетті материалдар мен энергияны алатын өзара бір-бірімен тығыз байланыста болатын түрлер тізбегі қалыптасқан.Көптеген түр дараларының арасындағы мұндай күрделі байланыстарды қоректік тізбектер деп атайды.
Қоркетік тізбектің қай сатысында болмасын соңында органикалық қалдықтар түзіледі. Оларды бактериялар мен ұсақ жәндіктер ыдыратады, осылайша коректік тізбек тұйық жүйе бойынша жүреді.Бұл заңдылық бірін – бірі жеу нәтижесінде жүреді де, коректену тізбегі арқылы жүзеге асады. Тізбек ішінде трофикалық сатысын бөледі.Коректену тізбегінің осылайша жалғасуы экологиялық пирамида ережесі арқылы жүреді.
Экологиялық пирамиданың мына категорияларын бөлуге болады:
1.Сандар пирамидасы – әрбір трофикалық сатыдағы даралар саны.
2.Биомасса пирамидасы -әрбір сатыдағы органикалық заттардың биомассасы.
3.Энергия пирамидасы - әрбір сатыдағы жұмсалған энергия мөлшері.
«Экожүйелер» және «биогеоценоз» ұғымдары бір – бірімен ұқсас,жүйе ішінде айналымда болады, «билгоеценоз» - белгілі бір аймақты қамтиды.Олай болса, билглоценоз жер бетінің белгілі бір бөлшегін алып жатқан, өсімдіктер жиынтығымен немесе – фитоценозбен сипатталады.
Уақыт бірлігіндегі өсімдіктердің органикалық массасын құру бірлестіктегі бірінші өнім деп аталады.
Уақыт бірлігіндегі консументтер массасының өсуі бірлестіктегі екінші өнім деп саналады.
Кез келген биоценоз динамикалы, оларда популяцияға байланысты тіршілік ету жағдайлары мен олардың даралар қатынастары жағынан үнемі өзгерістер болып отырады. Мұндай түрлі өзгерістер әр бірлестіктерде болады,оларды 2 түрлі типке бөлуге болады: тізбекті және түсуші.
Тізбекті өзгерістер бірлестіктегі тәуліктік, мерзімдік және көпжылдық периодты ішкі жағдайлар мен ағзалардың (ішкі) эндогендік ырғақтарының байқалуымен болатын өзгерістерді сипаттайды.
Бірлестіктегі түспелі өзгерістер бірлестікті ақыр аяғында сол бірлестікте басқарушы түрлердің пайда болуына әкеледі.
Осылайша, бірлестіктің өзреруі сукцессия деп аталады. Олар бірінші және екінші деп бөлінеді.
Бірінші суцессия – тіршілігі жоқ жерде тіршілік түғызады.
Екінші сукцессия – бұрын тіршілік болып, түрлі экстремалдық жағдайларға байланысты (өрт,мұздану т.б.)жойылып кеткен жерде тіршілік пайда болуы немесе басқадай ағзалық құрамда қайта қалпына келтіреді.
Экожүйенің тұрақтылығы, биологиялық айналымның сенімді өтуі, түрлердің әртүрлілігіне негізделген және сукцессияның толықтылығы сол бірлестіктің эволюциялық ұзақ өзгерісінен туындаған.
Дәріс №23-24
ТАҚЫРЫБЫ: ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ҒАЛАМДЫҚ ЛАСТАНУЫ.
Жоспар:
Қазіргі ғаламдық экологиялық климаттық өзгерістер, озон қабатының жұқаруы, қышқылдық жауын шашындар.
Атмосфераның, топырақтың және өсімдік , мұхиттардың ғаламдық ластануы.
Қоршаған ортаның ластаушыларының тірі организмге әсері
Жылулық эффект. Ең алғаш жылулық құбылысты Фурье ашқан. ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап планетадағы орташа жылдық температураның біртіндеп жоғарылауы байқалуда, мұны атмосферада жылулық газдардың жиналуымен түсіндіреді.
Оларға: көміртек диоксиді, метан, фреон, озон, азот оксиді т.б. жатады.
Жылулық газдар жер бетінен ұзын толқынды жылу толқындарының сәулеленіп шығуына кедергі келтіретіндіктен, осы газдармен қаныққан атмосфера температурасы жоғарылайды.
Бұл газдар жер бетіне күн энергиясын өткізіп, сыртқа қарай, яғни космосқа жылуды мүлдем шығармайды. Жылулық эффект жер бетіндегі орташа ғаламдық ауа температурасының өсуінің басты себепшісі болып табылады.
2100 жылға қарай жер бетінің орташа температурасы шамамен 2- 40С градусқа өседі деген болжамдар бар. Бұл мұз дәуірінен кейінгі температураға сәйкес келеді, яғни экологиялық салдар катастрофаға әкелуі мүмкін. Ең алдымен мұхит деңгейі көтеріледі, судың астында 30 мемлекеттің территориялары қалады, климаттық тепе-теңдік бұзылып көп жылдық тау-жыныстары деградацияланады.
Озон тесіктері. Жер бетінен 20-25 км қашықтықта орналасқан қалыңдығы 3 мм болатын озон қабатының мүжілуі озон қабатында саңылаулардың пайда болуына әкеледі. Озон қабаты жер бетіндегі барлық тіршілік иелерін күннің ультркүлгін сәулелерінен, яғни радиациядан қорғайды. Мұндай озон қабатының тозуы табиғи және антропогендік жолмен іске асады. Мысалы антропогенді жолмен озон қабатының тесілуі атмосфераға құрамында хлор молекулалары бар қоспалар мен химиялық заттардың түсуі нәтижесінде жүреді. Құрамында хлоры бар заттар қатарына суытқыш заттарда, яғни тоңазытқыш пен кондиционерлерде пайдаланылатын суытқыш агенттердің (фреондардың) ауаға түсуі, еріткіштер, аэрозольдер озон қабатын жояды.
Қышқыл жаңбырлар. Ауадағы күкірт диоксидімен азот оксидтерінің ауадағы ылғалда еріп, нәтижесінде түзілген қышқыл жауын-шашындарды қышқыл жаңбырлар деп атайды. Орташа рН мөлшері 5,6 дан төмен болады. Қышқыл жаңбырлардың зиянды әсері өте көп, атап айтсақ, өсімдіктердің жапырақтарына зиян келтіру, мәрмәрдан жасалған мәдени ескерткіштерді және ғимараттарды бұзу, металдар коррозиясының жылдамдауы т.б.
Өнеркәсіп және тұрмыс қалдықтарынан қорғау. Әр түрлі өнімдерді өндіру немесе пайдалану кезінде пайда болатын және өзінің бастапқы қасиеттерін жоғалтқан, енді қоланылуға келмейтін заттардың, материалдардың және т.б. қалып қойған бөлімдерін жатқызамыз. Қалдықтар қоршаған ортаға және адам ағзасына зиянды материалды заттарға жатады.
Барлық қалдықтарды мына топтарға бөлуге болады:
- тұрмыстық (коммуналдық);
- өнеркәсіптік (өндіріс қалдықтары);
- өнідірісөнімдерінің қалдықтары;
- қауіпті (улы);
- радиоактивті қалдықтар.
Өндірістік қалдықтарды қатты және сұйық қалдықтарға бөледі. Қатты қалдықтарға металдардың, ағаштардың, пластмассалардың, өндіріс өнімдерінің қалдықтары жатады. Сұйық қалдықтарға ағынды суларды тазартқаннан кейін қалатын тұнбалар, газдарды ылғалдық әдіспен тазартқан кезде қалатын минералды және орагникалық шаңдар қалдықтары жатады.
Шу әсерінен қорғау. Ластану салдары әрдаайым дереу байқала бермейді. Ластанудың көбінесе жасырын, тез табыла қоймайтын түрлері де болады, мысалы қоршаған ортаның физикалық тұрақтыларының өзгеруі нәтижесінде болатын ластанулар, немесе физикалық ластанулар деп те айтады. Ағзаның тіршілігінің ауытқуларына әкелетін фактор шу болып табылады. Шулылық шудың қарқындылығы мен қайталануының табиғи деңгейден жоғарылау нәтижесінде пайда болады.
Биологиялық әсерден қорғау. Биологиялық ластану да аз қауіп тудырмайды. Қоздырғыш микроағзалар (микробиологиялық ластану) – бактериялар, вирустар болып табылатын тырысқақ, тұмау немесе оба сияқты аурулардың індетін еске алудың өзі жеткілікті. Қажетті мөлшерде тазаланбаған және заласызданбаған тұрмыстық ағынды сулар тері, ішек және басқада ауырулар тудыратын микроағзалардың үлкен кешеніне айналады. .
Ғаламдық экологиялық проблемалар -ғаламдық. аймақтық және ұлттык деңгейлерде айқындалған экологиялык мәселелер кешені. Зор геосаяси проблеманың экологиялық кауіптілігінің мынадай көріністері бар: табиғи экожүйенін бүлінуі, озон кабатының жүқаруы, атмосфераның, дүниежүзілік мұхиттың ластануы, т.б. Олар тек қана барлық елдердің қатысында БҰҰ-ның Басқаруымен иеленушілігі мүмкін. Экологиялық проблемалардың ғаламдық оны шешу үшін барлық елдердің жігерін айқын жұмылдыру қажеттігін тудырып отыр; қарудың барлық түрлерін азайтпай экологиялық дағдарыстан арылудың мүмкін еместігі; биосфераның жалпыға ортақ ластануына қарай ядролық соғыс емес, жай соғысты –жүргізудің мәнсіздігі; қазіргі өркениеттің технологиялык күрылымын радикалдық қайта кұру, өмір негізі болатын табиғатпен өзара іс-әрекеттің жаңа сапалы әдістері мен кұралдарын жасау; қоршаған ортаны қорғау проблемасы бойынша БҰҰ органдары жұмысының тиімділігін арттыру және оларға төтенше өкілетгік беру. ЖАҢБЫР ЭРОЗИЯСЫ — жаңбыр суының тамшыларына езіліп, бүзылған топырактың беткі қабатының жаңбыр суының ағынымен бірге жоғарыдан төмен қарай жылжуы. Бұл топырақтың су зрозиясының бір түрі. Нөсерлеп, қатты жауған жаңбыр суларының ағындары әсіресе жер бедерінің еңісі молырақ, тау алқаптарының беткейлі алаптарында жиі кездеседі -ның ЖАҢБЫР ЭРОЗИЯСЫ зиянды әрекеттері жаңбыр ұзақтығына, қарқындығына жер бедері мен оның құрамына тікелей байланысты. Кейбір жағдайларда ЖАҢБЫР ЭРОЗИЯСЫ елді мекендерді, жол құрлыстарын бұзып шаюы мүмкін.
Қышқылдық жаңбырлар - (қышқылдық, қышқыл жауын-шашын) - рН 5,6-дай төмен болады. Мұндай жауын-шашынның түсуі атмосфераның күкірт диоксидімеп, азот оксидтерімен антропогендік ластануымен байланысты. Олардың шамасы жылы-на 255 млн т. дан астам. Қышқылдық жаңбырлар бір-қатар экологиялық зардаптарға әкеледі:
атмосфераның көріну мүмкіндігін төмендетеді;
топырақтың қышқылдануы мен олардың құнарлылығының кемуі;
тұщы су қоймаларының қышқылдануы, ал осының нәтижесінде бағалы балық қорының кемуі;
орман формацияларының зақымдануы мен жойылуы;
кейбір, жануарлардың түрлерінің жойылуы;
көпірлер, плотина, ғимараттар, металл конструкцияларының коррозиясының жылдамдауы;
әлемдік сәулет ескерткіштеріне нұқсан келуі;
адамдардың денсаулығына зиян келтіреді;
Әсіреее қышқылдық жауын-шашындардан Канаданың, Норвения, Швеция, Фипляидия, АҚШ, Ресей жөне т.б. елдердің тұщы су қоймалары зиян шегіп отыр.
Бақылау сұрақтар мен тапсырмалар
Адамның қоршаған ортаға тигізетін негізгі әсерлеріне мысал келтіріңіздер?
Экологиялық мәселе дегеніміз не және ол қалай пайда болады?
Қандай экологиялық мәселелер ғаламдық деп аталады?
Климаттың өзгеруінің белгілерін мысалға келтіріңіздер.
Ғаламдық жылулық құбылыстың себебі неде?
«Жылулық эффект» дегеніміз не және оның себептері?
Климаттың жылуынан қандай салдар болады, қалай ойласыз?
Озон қабатының негізгі мәселесі неде? «Озон қабатының» негізгі функциясы неде?
Әлемдік мұхиттың ластануының себептері неде?
Сулардың мұнаймен және мұнай өнімдерімен ластануының себептері? Мұндай ластанудың суда тіршілік ететіндер үшін қауіпі неде?
Жер шарының тропикалық аймақтарында ормандардың жойылуының себебі неде?
Ормандардың жойылуының салдарын айтыңыз.
Территорияның шөлейттенуі дегеніміз не, себептерін атаңыз.
Қазақстан жерлерінің негізгі деградациялануының себептерін атаңыздар.
Қазақстан Республикасының негізгі экологиялық мәселелерін атаңыз.
Қазақстан Республикасының әуе бассейнінің ластануына сипаттама беріңіз.
Негізгі әдебиеттер:
1. Жатқанбаев Ж.Ж. Экология негіздері. А., 2003
2. Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаев Г.З. Экология., А., 2001.
3. Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология А., 2003.
4. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология., А., 2002.
Дәріс №25-26
ТАҚЫРЫБЫ: ҚАЗІРГІ ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАР
Мемлекетіміз тәуелсіздік алғаннан бері жаңа экологиялық қауіпсіздік жүйесінің құрылуына, қоршаған ортаны қарғауды басқару, табиғи ресурстарды пайдалануды басқару сияқты шаралар ұйымдастырылды. Бұл өз алдына мемлекетіміздің қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстарын рационалды пайдалану саласында мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қалыптастырды және біртіндеп белгілі бір ретпен іске асырылуын қамтамасыз етті. Алайда көптеген он жылдықтар бойын Қазақстан шикізат көз ретінде пікір қалыптасқан, және соның салдарынан шикізатты өндіру барысында қоршаған ортаға орасан зор нұқсан келтірілген. Сондықтан еліміздегі экологиялық ахуалдың әліде түбегейлі өзгере қоймағаны, әліде болса экологиялық жүйелердің деградациясы жүріп жатқандығы сондықтан.
Экологиялық қарым-қатынастарды құқықтық реттеу тұжырымдалып, дәлелденген заңдарды қабылдаудан бастады. Қазақстан Республикасының Конститутциясы - негізгі заң. Халықаралық нормаларға сай ол мемлекеттің экологиялық қатынастарды реттеудегі жалпы бағытын анықтайды. Дүние жүзінің көптеген мемлекеттерінің конститутциялары 1948 жылы БҰҰ қабылдаған «Адам құқығының жалпыға бірдей Декларациясында», сонымен қатар адам құқығы бойынша басқа да Халықаралық Пактілерде көрсетілген идеаларға сүйенеді. ҚР Конститутциясында: «Әрбір азамат оның өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған ортаға құқығы бар» - делінген
Экологиялық заңдардың орындалуын мемлекеттік құрылымдар жүйесі, экологиялық сараптама қамтамасыз етеді. Халықаралық дәрежеде адамның қолайлы қоршаған ортаға деген құқығын БҰҰ- ның әр түрлі бөлімдері қамтамасыз етеді. Олар қоршаған ортаның жағдайын сауықтыруға арналған көптеген бағдарламалар жасады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ( ВОЗ ) - «Қоршаған ортаның гигиенасы», Азық-түлік және шаруашылық ұйымы ( ФАО ) – « Ауыл шаруашылық химикаттары мен қалдықтары », БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет мәселелері бойынша ұйымы ( ЮНЕСКО ) -
« Адам және биосфера ». Белгіленген бағдарламалардың жүзеге асуының 1972 жылы құрылған БҰҰ-ның қоршаған орта бойынша бағдарламасы ( ЮНЕП ) және БҰҰ-ның қоршаған орта мен даму жөніндегі Халықаралық Комиссиясы жалпы басшылық жасайды.
Құқықтық мемлекеттегі адамдардың арасындағы қарым – қатынастар жалпыға бірдей міндетті құқық нормалары болып табылатын заңдардың көмегімен реттеледі. Адамның табиғатты өзгертушілік қызметі тек соңғы жылдары ғана құқықтық тұрғыдан шектеле бастады. Қолайлы , таза қоршаған ортаға деген құқық жаңа құқықтарға жатады.
Экологиялық мониторинг
Қазіргі даму жағдайында табиғат барлық ресурстардың кені - өнідірістік (өнеркәсіптік шикізат пен энергия), ауылшаруашылық, денсаулықтық және рекреациондық, эстетикалық және ғылыми, аймақтық және экологиялық ретінде қарастырылады.
Қоршаған ортаның қалыпты жұмыс істеуі үшін оған түсетін күш белгілі бір экологиялық шектелген күштен аспау керек. Экожүйе құрамындағы өзгерістерді, құбылыстарды байқап, бағалап және болжап сипаттап отыратын жүйені экологиялық мониторинг атқарады.
Территорияларды қамту бойынша экологиялық мониторинг үш сатыға бөлінеді:
1.локальді (биоэкологиялық, санитарлық гигиеналық);
2.регионалды (геожүйелік, табиғи-шаруашылық);
3.ғаламдық (биосфералық, фондық).
Локальді мониторинг бағдарламасына шағын ғана территориядағы биоэкологиялық өзгерістерді бақылау, канцерогенді ластаушы заттардың әр түрлі сфераларға түсуін бақылау жатады.
Регионалды мониторинг міндетіне ірі табиғи-территориялы кешендердің (өзендер бассейіні, орман жүйелері, агроэкожүйелер т.б.) экожүйесінің күйіне бақылау жасайды.
Ғаламдық мониторинг бағдарламасының міндетіне – жалпы биосферада мүмкін болатын және болжамды өзгерістерді бақылау болып табылады. Ғаламдық мониторинг объектісіне гидросфера, атмосфера және литосфера жатады.
Қоршаған ортаның мониторингісі.
Экологиялық мониторинг - табиғи құбылыстардың және антропогендік іс-әрскеттердің әсерінен қоршаған орта жағдайын бақылау, бағалау, тексеру және болжау жүйелері. «Мониторинг» деген термин "монитор" - сақтандырушы, қадағалаушы деген латын сөзінен алынған. Бұл термин БҰҰ-ның (қоршаған орта жөніндегі Стокгольм конференциясының алдында (1972 жыл, маусымда) "бақылау" ұғымын толықтыру ретіндс пайда болды.
Табиғи және антропогендік әсерлердің ерекшеліктері жеткілікті. Антропогендік әссрдің деңгсйін шектеуші көрсеткіш болып экологиялық шектеулі рауалы жүктсме саналады ( ЭШРЖ). Былайша айтқанда, бұл экожүйенің тұрақтылығы шегінен аспайтын адамның шаруашылық қарекеті. Бұл шектен асулык экожүйенің тұрақтылығының бұзылуына және ыдырауына апарып соғады. Барлық экологиялық жүктемелердің жердсгі бүкіл жиынтығы биосфсраның шаруашылық сиымдылығы шсгнсн асып кстксндс ғана қауіпті ахуал, экологиялық дағдарыс басталып, ол бүкіл биосфсраның азуына, қоршаған ортаның адамның дснсаулығы мсн оның шаруашылығының тұрақтылығы үшін ауыр зардаптары болатындай болып өзгеруінс апарып соғады. Қазіргі уақытта бұл шсктен асушылык орын алып отыр деп пайымдауға барлық негіз бар, ягни жергідікті экологиялық шектеулі жүктемелердін, жиынтығы ғаламдық экологиялық шектеулі жүктемс шамасынан асып кетті.
Табиғи факторлардың әссрінсн биосфера жағдайының үзліксіз өзгеруі кайтадап әдетте бастапқы жағдайға оралып отырады. Мысалы, ауа мен топырақтың тсмпературасының, қысымының, ылғалдығының өзгеруі кейбір тұрақты орташа шамалар шегіндс өтеді. Не болса да дағдыдағыдай, табиғи процестердің әсерінен аумақты экожүйелер өте баяу түрде өзгерсді. Себебі қоршаған ортаны өзгертетін сырткы әсерді жоюға бағытталганг экожүйенін өзіне тән тұрақтылык қабілеті бар. Ғаламдық экожүйе қоршаған ортанын тұрақтылығын антропогендік әссрлерге төтеп бере алатын жағдайна дейін, ягни тұрактылық шегіне дейін сактап алады. Биота мен қоршаған орта өздерінің тұрақтылығын ксз-келген геологиялық кезеңдерде мыңдаған жылдар бойы өзгеріссіз сактап отырды. Табиги факторлармен салыстырғанда антропогендік факторлар биосфераның жағдайын аз уақыттың ішінде өзгерте алады. Осы
процесстердің өзгеруін бақылауды дүние жүзіндегі барлык экологиялық тұрғыдан қызмет атқаратып (гидрометрологиялық, сейсмикалық, ионосферлык және басқалар) жүйелер жүргізеді.
Биосферанын абиоталык құрамының антропогендік өзгеруін және осы өзгерістерге биоталардың жауабын, сонымсн қатар, антропогендік әссрдің арқасында ксзектегі экожүйелерде болатын өзгерістерді өлшеуге, бағалауға, болжауға экологиялық мониторинттің информациялық жүйссі жасалды. Антропогенді әссрлердің экологиялық мониторингінің негізгі міндеттері:
антропогсндік әсер тигізетін көздерді бақылау;
антропогендік әсер факторларын бақылау;
антропогендік факторлардың әссрінсн табиғи ортада жүрстін процестерді және оның жағдайынын өзгеруін бақылау;
табиғи ортаның физикалық жағдайын бағалау;
антропогендік факторлар әссрінсн табиғи ортада болатын өзгерістерді болжау және болжамдалған табиғи ортаның жағдайын бағалау.
Мониторинг жүйесін топтастыру
Экологиялық мониторинг үш сатыдан тұрады: жағдайды бақылау, бағалау және болатын өзгерістерді болжау. Мониторинг объектілеріне атмосфера, атмосфералық жауын-шашын, жердің беткі сулары, мұхит пен теңіздер, жср асты сулары, криосфсра (клпматтық жүйені құрушылар) жатады.
Бақылау объектідері келесі түрлерге бөлінеді: атмосфералық, гидросфералық (жиынтықты түрде гидрометеорологиялық), топырақтық, климаттық мониторинг, ионосферлық, Күн, биологиялық, өсімдіктер, жануарлар, тұрғындар денсаулығының мониторингі жәнс т. с.
Мониторинг жүйесі факторларға, көздерге жәнек әсер ауқымына байланысты да топтастырылады.
Әсср факторларының мониторингі - әртүрлі химиялық ластағыштардың (ингредиенттік мониторинг), түрлі-түрлі табиғи және физикалық факторлар әссрлерінің (электр магнитті сәулелену, күн радиациясы, шу, діріл) мониторингі.
Ластағыш көздсрдің мониторингі — нүктслі стационарлы көздер ауыттардың, жылжымалы (көлік), кеңістік (химиялық заттектер өндірідетін егістік жерлер) көздер.
Әсер аумағына байланысты мониторинг кеңістік және уақытша мониторингтерге бөлінеді.
Мәліметтерді ортақтастыру сипаттамасына қарай мынадай мониторинг жүйелерін құрайды:
ғаламдық (биосфералық) - халықаралық ынтымақтастық
негізінде Жср биосфсрасындағы әлемдік құбылыстар мен процестерді зерттеу арқылы назарға ұстап, экстремалды қолайсыз жағдайлардың болуы туралы уакытылы ескерту жасап отыру;
базалық (фондық) – жалпы биосфералық, табиғи құбылыстарды бақылау ;
ұлттық - бір мемлекеттің шегінде арнайы құрылған органдар арқылы жүргізілетін мониторинг;
аймактық - халық шаруашылығын қарқынды игеру барысында ірі-ірі аудандардың көлемінде құбылыстар мен процестсрді зерттеу арқылы бақылау;
жергілікті (локалды) - елді мекендерде, өнеркәсіп орталықтарында, кәсіпорындарда қоршаған ортаның сапалық өзгеруіне бақылау жүргізу;
Қоршаган ортаның жай-күйінің халықаралық мониторингі мен бағалануын өткізуді үйлестіру және оған жәрдемдесу;
мониторингтің жаңа станцияларын құруда көмек көрссту;
атмосфера мен климаттың жай-күйі,
қоршаған ортаныңластануы туралы молімсттерді жинау жәнс тарату.
Ғаламдық жүйенің нсгізгі аткаратын міндетіне геоакпараттық жүйелердің технологиялар негізінде жерді пайдалану, климат, әлсуметтік-экономикалық даму жөніндегі көптеген мәліметтерді біріктіру мен ақпаратты ресурстарды басқару жөнінде кеңестік қызмет көрсету жатады.
Ғаламдық мониторинг Жердің барлық табиги жүйесінің казіргі жағдайын бағалауға мүмкіндік беріп отыр. Әлемнің әр аймағында бақылауды 40-қа жуық құрлыктағы және 10-ның үстіндегі мұхиттың базалық станциялар жүргізеді. Олардың кейбірі биосфсралық қорықтарда орналасқан.
Локалді мониторингті жүзеге асыратындар тұрақты, жылжымалы немесе шырақ астындағы тексеру орындары. Осындай жүйелер көбіне Қазақстанның ірі қалаларында. Мысалы, Алматы каласында атмосфералык ауаның мониторингі 6-7 орында жүргізіледі.
Мониторинг жүйесін қолданылатын (физикалық-химиялық және биологиялық көрсеткіштердің мониторингі, аралық мониторингі) сүйене отырып топтастыруға да болады.
Химиялық мониторинг — атмосфераның, жауын-шашының, жер беті мен жер асты суларының, мұхит пен теңіз суларының, топырақтың, түпті тұнбалардың, өсімдіктердің, жануарлардың химиялық құрамдарын (табиғи және антропогендік жолмен пайда болған) бақылайтын және химиялык ластағыш заттардың таралуын тексерстін жүйе. Химиялық мониторингтің негізгі ең басты міндеті қоршаған ортаның өте улы заттектермен нақтылы ластану деңгейін анықтау. Қоршаган ортаны ластайтын кейбір зиянды компоненттер мен одардың мөлшерін бақылайтын деңгейі келтірілген.
Физикалық мониторинг - қоршаған ортаға физикалық процестер мен құбылыстардың (су тасқыны, жанартау атылыстары, жердің сілкінуі, құрғақшылық, топырақ эрозиясы және т. с.) тигізетін әсерін бақылау жүйесі.
Биологиялық мониторииг - биоиндикаторлар көмегімен жүргізілетін мониторинг (яғни ортаның өзгеруін, ағзалардың күйі мен жүріс-тұрысына қарап пішіп кеседі).
Экобиохимиялық мониторинг - қоршаған ортаның екі құрам бөлігін (химиялық және биологиялық) бақылауға негізделген мониторинг.
Дистанциялық (аралық) моииторинг - зерттейтін объектідерді барлауға және тәжірибелік мәліметтерді тіркей жазып алуға радиометриялық қондырғылар мен қамтылған космостық мониторинг.
Топтастыру принцпіне қарай әртүрлі мониторинг жүйелері бар.
Олардың ішінде түрлі қажетке ең жарамды болып саналатып қоршаған ортаның құрама (комплекеті) зкологиялық мониторингі.
Қоршаған ортаның құрама экологиялык мониторингі - бұл қоршаған табиғи орта объектілерінің ластану деңгейіне баға беруге және адам мен басқа да тірі ағзалардың денсаулығына зиян тигізетін өте киын жағдайдың тууы туралы ескертуге арналған бақылау жүйесін ұйымдастыру. Ол жергілікті (локалды), аймақты және фондық болып бөлінеді.
Бақылау сұрақтар мен тапсырмалар
Қазақстан Республикасының тұрақты даму концепциясының негізгі ережелерін атаңыз.
Экологиялық қауіпсіздік дегеніміз не?
Экологиялық мониторинг дегеніміз не, оған қойылатын негізгі талаптар қандай және ол не үшін керек?
Экология саласында халықаралық қарым-қатынастың мәні неде?
Қоршаған ортаны қорғау мәселелері халықаралық қарым-қатынассыз неге мүмкін емес?
Экологиялық білім беру, тәрбиелеу және мәдениет – жаңа формациядағы яғни бәсекелестікке қабілетті маман-қазақстандықтарды тәрбиелеу негізіне кіреді ме?
Негізгі әдебиеттер:
1. Жатқанбаев Ж.Ж. Экология негіздері. А., 2003
2. Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаев Г.З. Экология., А., 2001.
3. Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология А., 2003.
4. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология., А., 2002.
Дәріс №27-28
ТАҚЫРЫБЫ: ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КРИЗИС ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ
Қорықтар - толық қоргаудың жетілдірілген түрі, себебі оған табиғи комплекс кіреді де, табигат ресурстарын шаруашылықта пайдалануга рұқсат берілмейді. Белгілі бір шаруашылық жұмыстарын жүргізе отырып, табиғаттың ерекше объектілерін қорғауға үйымдастыру түрі -қорғалымдар
Болып табылады.Табиги тірішілік ортасын қоргайтын категориялар-біріне табиғи (ұлттық) саябақтар жатады. Олар негізгі міндеті — халықты рекреациялық қамтамасыз ету.
Табиги тіршілік орталарын қоргаудың әр түрлі формаларының ішінен қорықтардың орны ерекше. Себебі қорықтар алуантүрлілікті қамтамасыз ететін манызды звено болып табылады. Бірақ, XX гасыр екінші жартысында «қорық — өзгермеген табиғаттың эталоны» деген принцип бұзылып отыр. Атмосфераның өндірістік улы қосылыстармен, радиациялык ластану, олардың тасымалдануы - біздің планетамыздың кез келген бөлігіне міндетті түрде әсер етеді.
Қазақстан қорықтары. Қазір Қазақстан территориясында төмендегі қорықтар жұмыс істейді.
Ақсу-Жабағылы. 1926 жылы қүрылган, ертеден келе жатқан қорық. Талас Алатауының солтүстік-батыс бөлігін алып жатыр (оңтүстік Қазақстан облысы). Ауданы 73 мың га. Территория құрамында тұрғын жерлер жоқ. Физико-географиялық ерекшеліктеріне байланысты екі бөлікке бөлінеді. Бес өсімдік белдеулеріне бір мыңнан астам өсімдіктер, құстардың — 130-дан астам түрлері, сүтқоректілерден арқарлар, маралдар, суырлар жоне т.б. кіреді.
Барса-келмес. Арал теңізінің солтүстік бөлігінде Барса-келмес аралында орналасқан. 1939 жылы құрылган. Аралдың ауданы 198 іпаріпы км. Аралдың флорасына 130-дан астам өсімдіктердің түрлері кіреді. Жануарлар түрлері көп емес. Сүтқоректілердің алты түрі, амфибиялардың екі түрі және құстардың 110 түрі тіршілік етеді. Олардың барлыгы 1927 жылы сырттан әкелінген сайтақтар, қарақұйрықтар, құландар, құм сарышұнагынан басқалары аборигенді түрлер болып табылады.
Наурызым. 1931 жылы құрылган. Қостанай облысының Жетісу ауданында орналасқан, Ауданы 100 мың га. Қорықта 151 құстардың, 25 сүтқоректілердің, 5 түрі, амфибиялардың 2 және балықтардың 8 түрі кездеседі.
Алматы. 1934 жылы қүрылган. Алматы облысының Шелек ауданында орналасқан. Іле Алатауының тау жотасының топырақ жабыны өсімдіктер жабыны бар таулы-шалгындық топырағына жатады. Өсімдіктердің 1300 түрінен астамы кездеседі. Жануарлар алеміне құстардың 200 түрі, сүтқоректілердің 62, амфибиялардың 3 түрі, рептилиялардың 16 және балықтардың 8 түрі кіреді.
Қорғалжын. 1958 жылы кұрылган. Ауданы 237 мың га. Ақмола облысының Қоргалжын ауданында орналасқан. Қорық Қоргалжын мемлекеттік қорықтық аңшылық шаруашылыгымен байланысты. Қорықта ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Әсем Қоргалжын көлдерінің тізбегі қызгылт фламннго популяцияларының ұя салуының ең солтүстік орны болып табылады. Су құстарының табиғи резерваты ретінде маңызы зор.
Дәріс №29-30
ТАҚЫРЫБЫ: Қазақстан Республикасының тұрақты дамуы- мемлекеттік экологиялық саясатының мақсаты.
Әлеуметтік (латынша: социалис — коғамдык) даму бағыты дегеніміз айналадағы жағдай және адамдар ыкпалынан адамның жеке басының калыптасуы. Адамның әдеуметтік мәні адамгерші-лік, ар-ождан, борыш, патриотизм, білім, мәдениет секілді касиеттерден кұралады. Әлеуметтік бағыт адамзат коғамының бүкіл коғамдык-тарихи дамуы барысында әзірленген және ол тұкым куаламайды.Әрбір адам біртіндеп өзі секілді адамдар арасында, яғни адам коғамында өмір сүре отырып, әлеуметтік бағытты өмір бойы меңгереді. Әрбір аға буын өзінен кейінгі кіші ұрпактың жеке басын калыптастыруға катысады. Бұл процестің барысында адамныц ішкі және оныц сырткы жағдай әсеріне катысы да калыптасады. Адамның жеке басын калыптастыруда коғамдык пайдалы еңбекке қатысу шешуші роль аткарады.
Кез келген прогресшіл коғамның міндеті — дені сау, творчест-волык, рухани жан дүниесі бай, жан-жакты жетілген жеке адам тәрбиелеу. Мұндай адамды калыптастыру — ұзак әрі күрделі процесс.
Экологиялық мәселенің мәні - табиғаттағы қалыптасқан тепе-теңдікті бұзбай, миллиардтаған адамдарды жерде қоныстандыру және олардың барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ету. Қазіргі Жердегі тіршілік адам қызметінің сипатына тәуелді. Қазіргі кезең адамының ерекшк биосфералық қызметі – биосфераны қорғау мен сақтап қалу қызметімен анықтылып отыр. Экологиялық мәселелердің алдын алу үшін адам ретсіз дамудан тиімді,реттелген, табиғат пен қоғамның даму заңдарына негізделген дамуға өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат қоғамның дамуы үздіксіз ұзақ уақыттық бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды. Мұндай дамуды - тұрақты даму деп атайды. Бірақ бұл үшін адамдардың сана – сезімі, олаодың мақсаты мен адамгершілік бағыттылығы өзгеруі тиіс. Планетадағы тіршілікті қорғау бүкіл адамзаттың бірігуін талап етеді 1987 жылы БҰҰ-ның Дүниежүзілік қоршаған орта мен даму комиссиясы «Біздің жалпы болашағымыз» атты есебінде «қоршаған орта үшін қауіпсіз жолда экономикалық дәуірге » аяқ басуға шақырды. Алғаш рет «тұрақты даму» концепциясы ұсынылды. 1992 жылдың маусым айында Рио-де-Жанейро қаласында өткен БҰҰ-ның қоршаған орта мен даму бойынша өткен конференциясы «Тұрақты даму» концепциясын және «ХХІ ғасырдың күн тәртібінде» атты ауқымды бағдарламасын қабылдады.Сонымен қатар конференцияда Мәлімдеме мен екі концепция - климаттың өзгеруінің алдын алу, ормандарды қорғау мен биологиялық алуантүрлілікті сақтау мәселелері бойынша қабылданды. БҰҰ-ның конференциясы барлық елдердің үкіметтерін тұрақты дамудың ұлттық концепцияларын қабылдауға шақырды. ҚР-ның Үкіметі ұсынған «ҚР-ның тұрақты дамуға көшу концепциясы» бекітілді. Республика Президенті Н.Ә. Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясында жасаған баяндамасында тұрақты дамуға жетудің түйінді мәселелерін шешудегі қызметін дәлелдейтін нақты мысалдар келтірілді. 1992-1998 жылдар аралығында Қазақстан тарихта бірінші болып ядролық полигонын жауып, сол қарудан бас тартты. Аралды сақтап қалуға арналған интеграциялық процестердің ұйтқысы болды. Биологиялық алуантүрлілікті сақтау концепциясына сәйкес биологиялық алуан түрлілікті қорғаудың Ұлттық баяндамасы қабылданды. Тұрақты дамуды қамтамасыз ету құралдарымен байланысты мәселелерге мыналар жатады: Қаржы ресурстары және оларды пайдалану механизмі;
Экологиялық қауіпсіз технологияларды қолдану;тұрақты дамуды ғылыми және ақпараттық қамтамасыз ету. Бұл мәселелердің біздің Республикамыздың тұрақты дамуын қамтамасыз етуде маңызы ерекше. Бұл мәселелерді шешудің міндеттері «ҚР-ның экологиялық қауіпсіздік» концепциясында қарастырылған ( ҚР-ның Президентінің шешімімен бекітілген, 30 сәуір, 1996 жыл). Республиканың экологиялық қауіпсіздігі дегенде ең алдымен қоршаған ортаға антропогенді немесе табиғи әсердің нәтижесінде жеке адамға , қоғамға, табиғат пен мемлекеттің өмірлік маңызды қателіктерін нақты және мүмкін болатын қауіптен қорғауды қамтамасыз ету процесін түсінеміз. Экологиялық қауіпсіздік жүйесіне биосфера мен сыртқы антропогенді және табиғи факторлар арасындағы тепе-теңдікті ұстап тұруға бағытталған мединалық биологиялық, экологиялық, құқықтық іс-шаралардың жиынтығы жатады. Алда тұрған маңызды мәселенің бірі адамды қоршаған ортаға мүмкін болатын шекті экологиялық қысымды, яғни экожүйелердің өзара байланыстары, қарым-қатынастары, олардың бір тұтастығы сақталатын антропогенді фактордың әсер етуінің максималды деңгейін анықтау болып табылады. Қазіргі кезде Қазақстан территориясының көптеген бөліктері күшті антропогенді әсіресе ұшыраған Арал маңы аймағы экологиялық қатер аймағы болып табылады. Мұнда шаруашылық қызметінің нәтижесінде қоршаған орта қайтымсыз өзгерістерге ұшыраған, Аралдың экожүйесі бұзылып, халықтың денсаулығының төмендеуі мен өлімінің артуы байқалып тоыр. Қазақстан Республикасын «экологиялық
қауіпсіздігінің стратегиялық мақсаты мен міндеттеріне» экологиялық білім және тәрбие беру жүйесін жасау мен дамыту жатады.
Қолданылған әдебиеттер.
Негізгі әдебиеттер:
1. Жатқанбаев Ж.Ж. Экология негіздері. А., 2003
2. Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаев Г.З. Экология., А., 2001.
3. Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология А., 2003.
4. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология., А., 2002.
5. Алишева К. Экология. Учебник. А., 2006
6. ҚаженбаевС., С. Махмұтов. Алматы, Табиғатты қорғау. А. 1984
Достарыңызбен бөлісу: |