1.Тақырыбы: Майда еритін витаминдердің биологиялық әсері, авитаминозы, табиғатта таралуы, тәуліктік қажеттілігі. Суда және майда еритін витаминдер. Витаминтәрізді заттар. Антивитаминдер. Суда еритін витаминдерге сапалық реакцияларды демонстрациялау және алынған нәтижелерді талдау.
Мақсаты:
1. Студенттерде майда еритін витаминдердің құрылысы, зат алмасуын реттеудегі биологиялық ролі, табиғатта таралуы, тәуліктік қажеттілігі және авитаминоздары туралы білім қалыптастыру.
2. Студенттердің «Суда және майда еритін витаминдер. Витамин тәрізді заттар» тақырыбын оқу кезінде алған білімдерінің тереңдігін анықтау.
3. Жаңа терминдер мен түсініктерді рольдік ойын барысында қолдана отырып, енгізу.
4. Кәсіби әдебиетпен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.