Биологиялық химия Кафедрасы



бет122/391
Дата07.02.2022
өлшемі0,81 Mb.
#91090
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   391
Байланысты:
biohimiya-sil zhm 2012kaz

Жағдайлық есептер:

    1. Жарақатталған жерге сутек асқын тотығын жаққанда газдар бөлінбеді. Бұл құбылыс қандай ауруда байқалады?

    2. Ферроцитохром С1–ді қандай фермент тотықтырады?

Тесттер:
1. Дегидрогеназалар субстратты келесі жолмен тотықтырады:

  1. оттекті қосу арқылы

  2. электрондарды бөлу арқылы

  3. сутегін бөлу арқылы

  4. суды қосу арқылы

  5. электронды қосу арқылы

2. Дегидрогеназаларға жатады:

  1. цитохромдар, лигазалар

  2. пиридин ферменттері, флавин ферменттері

  3. гидроксилазалар, оксигеназалар

  4. лиазалар, трансферазалар

  5. каталаза, пероксидазалар

3. Пиридин ферменттері біріншілік дегидрогеназалар деп аталады, себебі олар:

  1. екі компонентті

  2. тотығу-тотықсыздану реакцияларына қатысады

  3. электронды цитохром жүйесіне тасымалдайды

  4. апофермент пен кофермент арасындағы байланыс әлсіз болады

  5. сутегін тікелей органикалық қышқылдардан бөліп алады

4. Құрылысы жағынан пиридин ферменттері:

  1. бір компонентті

  2. екі компонентті, коферменті КоА

  3. екі компонентті, коферменті ФМН және ФАД

  4. екі компонентті, коферменті НАД және НАДФ

  5. екі компонентті, коферменті-гем

5. Коферменті ФМН болатын флавин фермент-тер екіншілік дегидрогеназалар болып есептеледі, себебі олар:

  1. екі компонентті

  2. тотығу-тотықсыздану реакцияларына қатысады

  3. электрондарды цитохром жүйесіне тасымалдайды

  4. НАДН2-і тотықтырады

  5. сутегін тікелей органикалық қышқылдардан бөліп алады

6. Құрылысы жағынан флавин ферменттері

  1. бір компонентті

  2. екі компонентті, коферменті КоА

  3. екі компонентті, коферменті ФМН және ФАД

  4. екі компонентті, коферменті НАД және НАДФ

  5. екі компонентті, коферменті-гем

7. Қай қосылыс лактатдегидрогеназаның коферменті болып табылады:

  1. НАД

  2. ТДФ

  3. ФМН

  4. Пиридоксальфосфат

  5. НАДФ

8. Цитохром жүйесі келесі реакцияларға қатысады:

  1. декарбоксилдену

  2. метилдену

  3. оттекті тасымалдау

  4. электрондарды тасмалдау

  5. суттекті тасымалдау

9. Цитохром в мен келесі процесс арасындағы сәйкестікті табыңыз:

  1. 2Н+ бөлу

  2. 2Н+ қосу

  3. О2 қосу

  4. О2 бөлу

  5. Электрондарды тасымалдау

10. БТ тізбегінде сутегі протон мен электронға ыдырайды:

  1. КоQН2 тотыққанда

  2. КоQ тотықсызданғанда

  3. Ферроцитохром С тотыққанда

  4. Тотықсызданған флавин ферменті тотыққанда

  5. Цитохром а тотықсызданғанда

8 Сабақ




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   391




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет