Білім құзырлылығын бағалау: Тест орталығында студенттің тест тапсыру нәтижесі мен жазбаша бақылауда бергенжауабы бойынша: тестке қойылған баға мен жазбаша бақылау бағасы қосылады да, 2-ге бөлініп, щыққан нәтиже кафедрадағы баға қою критерийіне сәйкес студент пайдасына ескеріліп, 5-ке қалдықсыз бөлінетін жүйе бойынша жүргізіледі.
Тәжірибелік дағды құзырлылығын бағалау:студенттердің жағдайлық есептерді шешкеніне қойылады.
Коммуникативті дағдылар құзырлылығын бағалау:оқытушымен әңгімелесу барысында студенттің билет сұрақтарына берген ауызша жауабы бойынша, студенттің өз пікірін қорғай алуына, әңгімелесушіге сыпайы қарым-қатынас жасай алуына қарай қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: |