1.Тақырыбы: Аралық бақылау №2: Гормондар. Қан және зәр биохимиясы. 2.Мақсаты: «Гормондар. Қан және зәр биохимиясы» тақырыптарын оқу барысындағы студенттердің алған білімдерін бағалау.
Жағдайлық есептерді шешу арқылы студенттердің тәжірибелік дағдыларын бағалау.
Аралық бақылау билеттерінің жағдайлық есептері бойынша студенттермен әңгімелесу кезінде олардың коммуникативті дағдыларын бағалау.
3.Оқыту міндеттері: 1) Студенттерді өтілген материалды талдай алуға және кең көлемді теориялық білімнен клиникалық пәндерді оқуда септігі тиетін білімді бөліп алуға үйрету.
2) Студенттерді жағдайлық есептерді шешу барысында олардың алған теориялық білімдерін қан мен зәрдің биохимиялық анализінің нәтижелерін түсіндіру үшін қолдануға үйрету.
3) Студенттерді гормондар бойынша жағдайлық есептерді шешу барысында организмдегі гормондардың жеткіліксіз немесе артық мөлшерде бөлінуінің сол гормонның әсер етуінің биохимиялық механизмімен байланысын көрсете білуге үйрету.
4) Студенттерді аралық бақылау билетінің сұрақтары бойынша оқытушымен диалог жасай білуге баулу.
5)Студенттерді кәсіби әдебиетті оқып-білуге және Ғаламтордан ақпарат іздеуге ынталандыру.