1.Тақырыбы: Белоктар. Белоктардың жалпы қасиеттері және атқаратын қызметтері. Белоктарға түсті реакциялар: жалпы және жеке амин қышқылдарын ашуға арналған реакциялар.
2. Мақсаты:
Белоктардың атқаратын функциялары мен жалпы қасиеттері туралы студенттердің алған білімдерін бекіту.
Кәсіби әдебиетпен жұмыс жасауда және жағдайлық есептерді шешуде студенттерде дағдылар мен талдай алу қабілеттерін дамыту.
Оқыту міндеттері: Оқытушының жетекшілігімен тақырып бойынша берілген жағдайлық есептер мен жаттығуларды шешу.
«Белок зарядының орта рН-ына тәуелділігі» кестесін толтыру.
Кәсіптік әдебиеттерді оқып білуге және интернеттен ақпаратты іздеуге студенттерді ынталандыру.
Өткізу формасы:
Аралас әдіс:
Студенттер қойған сұрақтар бойынша кеңес беру
Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (кесте толтыру және жағдайлық есептер мен жаттығуларды шешу).