Ағымдық бақылау: -тәжірибелік сабақ барысында;
- СӨЖ тапсырмасын орындау кезінде жүзеге асырылады.
Мақсаты – студенттердің теориялық материалды меңгеруін, теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана білуін жүйелі түрде бақылау.
Студент аралық бақылаудың сұрақтарына блок бойынша жауап бергені үшін, зертханалық жұмыстардың хаттамаларын орындағаны мен безендіргені үшін, тесттерге жауап бергені, жағдайлық есептерді шешкені, СӨЖ тапсырмаларын орындағаны үшін балл алады.
Дәрістер Студенттің дәріске қатысуына және дәріс конспектілерінің бар болғанына балл қойылмайды, бірақ дәріс материалдарының сұрақтары аралық және соңғы бақылауға міндетті түрде енгізілетін болады.