1. Тақырыбы: Белоктар алмасуы. Жай белоктардың аралық алмасуы. Жасушада амин қышқылдарының (анаболикалық реакцияларға – белок, креатин, алмастырылатын амин қышқылдарының синтезіне) қолданылуы. Амин қышқылдарының катаболизмі: амин қышқылдарының декарбоксилденуі және дезаминденуі. Амин қышқылдарының азотсыз қалдықтарының және аммиактың қолданылуы. Аммиакты залалсыздандыру. Жай белоктар алмасуының соңғы өнімдері, олардың бөлінуі.
2. Мақсаты: 1. Студенттерде амин қышқылдарының ағзадағы негізі өзгерістері туралы білім қалыптастыру.
2. Студенттерде аммиактың түзілуі және оның пайдаланылу жолдары туралы білім қалыптастыру.
3. Интернет және кәсіби әдебиетпен жұмыс жасауға деген студенттердің қабілетін қалыптастыру.