2.5. Пәннің реквизитіне дейін және реквизитінен кейін
Пәннің реквизитіне дейін: химия,
молекулалық биология және медициналық генетика,
медициналық биофизика.
Шектес пәндер: гистология - І,
қалыпты физиология – І,
микробиология.
Пәннің реквизитінен кейін: патологиялық физиология - І,
фармакология – І,
клиникалық зертханалық-құралдық диагностика.
Пәннің қысқаша мазмұны.
Белоктардың функциялары, жалпы қасиеттері, жіктелуі. Жай және күрделі белоктардың өкілдері. Ферменттер, жалпы қасиеттері, әсер ету механизмі, фермент активтілігіннің реттелуі, ферменттердің жіктелуі, ферменттердің жеке класстары. Витаминдер: суда және майда еритін витаминдер, биологиялық ролі, авитаминоздар. Энергия алмасуы. Көмірсулар, липидтер, белоктар алмасуы. Гормондар. Қан, зәр биохимиясы. Тіндер мен мүшелердің (бауыр, бүйрек, бұлшықет, жүйке, дәнекер, сүйек) биохимиясы.
Достарыңызбен бөлісу: |