Биологиялық химия Кафедрасы


Глюкозаның тотығу жолдарына қысқаша сипаттама



бет39/226
Дата29.01.2023
өлшемі0,76 Mb.
#166720
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   226
Байланысты:
СИЛЛАБУС-Мамандығы-051301-–-«Жалпы-медицина»

Глюкозаның тотығу жолдарына қысқаша сипаттама.
Глюкоза 2 түрлі жолмен тотығады, 2/3 гликолитикалық, 1/3 пентозофосфатты жолмен тотығады.
Глюкозаның анаэробты жағдайда гликолитикалық жолмен тотығуы гликолиз деп аталады. Анаэробты гликолиз кезінде 1 молекула глюкозадан 2 молекула лактат және 4 АТФ түзіледі. 1 молекула глюкоза аэробты гликолитикалық жолмен тотыққанда 36 немесе 38 АТФ түзуге жеткілікті энергия бөлінеді. Пентозофосфатты цикл осуществляется в анаэробты жағдайда өтеді, бұл процестің нәтижесінде СО2 мен НАДФН2 түзіледі. НАДФН2 холестерол мен май қышқылдарның синтезі үшін энергия көзі болып табылады.
Глюкозаның анаэробты гликолитикалық жолмен тотығуының энергиялық балансы: егер гликолиз глюкозадан басталса, глюкозо-6-фосфат пен фруктозо-1,6-дифосфаттың түзілуіне 2 молекула АТФ жұмсалады. Сонымен гликолиз нәтижесінде 4 АТФ түзіледі, ал қорда 2 АТФ қалады. Егер гликолиз гликоген ыдыраған кезде түзілген глюкозо-6-фосфаттан басталса, фруктозо-1,6-дифосфаттың түзілуіне 1 АТФ жұмсалып, 3 АТФ қорда қалады.
Глюкозаның аэробты жағдайда тотығуы келесі сатылардын: глюкозаның ПЖҚ-на дейін тотығуы; ПЖҚ-ның тотығудан декарбоксилденіп АСҚ түзуі; АСҚ-ның ҮКЦ-детотығуы; БТ, энергия және эндогенді судың түзілуі; ТФ, АТФ түзілуі.
Глюкозаның аэробты жағдайда тотығуының энергиялық балансы: цитоплазмада 2 АТФ және 2 НАДН2 түзіледі. 1 молекула глюкоза аэробты жолмен тотыққан кезде 2 молекула ПЖҚ түзіледі. ПЖҚ митохондрияға түсіп тотығудан декарбоксилденіп 2 молекула АСҚ және 2 молекула НАДН2түзеді. Митохондриядағы 2 молекула НАДН2 БТ-да тотығып 6 АТФ түзеді. 2 АСҚ Кребс циклінде тотығып 6 НАДН2, 2ФПН2 және 2АТФ, түзеді. Сонымен 2АСҚ тотыққанда 24 АТФ түзіледі. Митохондрияда: 24+6=30АТФ. 30АТФ+2АТФ(цитозолде гликолизде түзілген) = 32АТФ. 4 немесе 6АТФ цитозольді НАДН2 глицерофосфатты (4) немесе малатты (6) шөрнек механизмі арқылымитохондрияға тасымалданып тотыққанда түзіледі.Сонымен глюкоза глицерофосфатты шөрнек механизмі арқылы тотықса 36 АТФ , малат шөрнек механизмі арқылы тотықса, 38 АТФ түзіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   226




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет