Үй тапсырмасы: Белоктар.Белоктардың маңызы. Жалпы қасиеттері, жіктелуі. Жай және күрделі белоктардың жеке өкілдері; құрылысы, ролі. Нуклеин қышқылдары. ДНҚ, РНҚ, құрылымдары, маңызы. Белоктарға түсті реакциялар және тұнбаға түсу реакцияларын демонстрациялау және алынған нәтижелерді талдау.
Келесі ОСӨЖ-ге «Белоктар.НҚ» тарауына өз бетінше дайындалуға арналған сұрақтар: Биохимияға кіріспе.
Белоктардың атқаратын қызметтері.
Белоктардың жалпы қасиеттері:
белоктардың элементтік құрамы,
жоғары молекулалық массасы,
белок молекуласының көлемі мен пішіндері,
ыдырау өнімдерінің ұқсастығы;
белок молекуласындағы байланыс түрлері және олардың белок молекуласын тұрақтандыруға қатысуы;
белоктарға түсті реакциялар: жалпы және жеке амин қышқылдарына арналған реакциялар. Осы реакциялардың медицинадағы маңызы.
Белоктардың амфотерлік қасиеті. Орта рН-ының белок зарядына әсері.