Өздігінен өмір сүретін, дамитын және көбейетін элементар тірі жүйе - тірі жасуша. - Өздігінен өмір сүретін, дамитын және көбейетін элементар тірі жүйе - тірі жасуша.
Жасушаның жасушалық оргенеллдің өмір сүруінің басты шарттары мыналар: - 1) Қоршаған ортамен салыстырғанда автономдылығы, яғни жасушаның заттары қоршаған ортаның заттарымен араласпауы керек, жасушада және оның жеке бөліктерінде өтетін химиялық реакцияның өзін-өзі (автономдық) басқару мүмкіншілігі сақталуы қажет.
- 2) Қоршаған ортамен байланыс. Жасуша мен қоршаған ортаның арасындағы байланыс энергия мен зат алмасуының реттелген түрде үздіксіз жүруі;
- 3) Қоршаған ортадан оқшаулануы (автономдығы) және сол ортамен тығыз байланысының бірлестігі- тірі ағзаның барлық деңгейдегі ұйымдасу қызметінің (функциясының) басты шарты. Сондықтан жасушаның өмір сүруінің басты шарты-яғни өмірдің негізі-ол биологиялық мембраналар.
Достарыңызбен бөлісу: |