Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны : 1. Сабақтан тыс жұмыстың ерекшелігі. Оқушылардың биология курсы бойынша сабақтан тыс жұмыстары оқушылар үшін міндетті және бұл жұмыс тірі табиғат бұрышы мен табиғатта жүргізіледі. Бұл жұмыс мазмұны жөнінен оқу бағдарламасына тығыз байланысты.Бұл сабақ көрсетуге әзірлей отырып тәжірбие жасау мен кеппе шөп жасау,микроскоппен жұмыс істеу,генетикадан есептер шығару.Әр оқушы жылына 1-2рет жұмыс істейді.Сабақтан тыс жұмыстар өсімдіктану,жануартану,тәнтану,тіршіліктану курстарынанда жүргізіледі.Мыс:тіршіліктану курсының смабақтан тыс жұмыстарын орындауға көбіне ұзақ уақыт қажет сондықтан мұндай жұмыстар қажетті тақырыпты өтуден 2-3ай бұрын беріледі.
2. Табиғаттағы сабақтан тыс жұмыстар. Табиғатқа байланысты сабақтан тыс жұмыстар күзде жүргізіледі;бұл «Органикалық дүниенің эволюциясы туралы Ч.Дарвин ілімі»тақырыбына материалдар жинау.Мұндай жағдайда сабақтан тыс жұмыстар табиғатта жүргізілетін үй тапсырмасы тәрізді болады.Тәжірбие жасар алдында «Органикалық дүниенің эволюциясы туралы Ч.Дарвин ілімі»тақырыбы әдіс темесі айтылады.Тәжірбие әсіресе,ауыл мектептерінің оқушыларына қызықты.Биология пәнін жақсы көретін оқушыларды оқытушы төменгі кластардан-ақ білуі керек және олардың осы талабын мұғалім барынша қолдаумен қатар сол ынта-талабының бұдан әрі тереңірек дами түсуіне көмектесуге міндетті.