Биологияны оқыту әдістемесі (пәннің атауы) ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені


Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны



бет50/131
Дата05.02.2022
өлшемі1,64 Mb.
#11341
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   131
Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны
1.Практикалық әдістердің түрлері: бақылау, объектілерді тану және анықтау, эксперимент.
Әдістің үшінші тобы практикалық. Бұл объект сойып жару, анықтау, мүшелерді жеке алу, эксперимент, тәжиребелер жасай білу оқушылардың жұмыс кезінде алған нәтижесі практикалық методты қолғанғанда да оқытушы сөзі қажет. Нұсқау беру, жұмыс барысын тексеру, қорытынды шығаруға көмектесу, жұмысқа басшылық ету. Дегенмен, оқушының білім алу қызметіне практикалық жұмыс басым болады. Өсімдіктану курсында сарамандық жұмыс фронтальды бұйрықпен жүргізіледі. Өсімдіктану курсының соңында жануарларды шағылыстыруды (зертханалық тышқан, егеуқұйрық) түсіндіру үшін тәжірибе жүргізіледі. Көптеген әр түрлі эксперимент оқу тәжірибелік аймақта жүреді. Әсіресе жаз айларында, вегетациялық периодта оқушыларға сұрақ немесе тапсырма тапсырылады. Олар тәжірибе және бақылау оъктілерін салыстыру нәтижесінде жауап береді. Тәжірибе кезенде өлшеу дәл бақыланады. Оқушылар практикалық дағдыны бір сабақтан-ақ меңгеріп кетпейді. Ол күнделікті сабақта мұғалім көптеп қолданып қалыптастырады. Өсімдіктерден кеппешөп жасауды 1-2 сабақта үйренбейді. Жазғы тапсырмада үйренеді. 6 класста алған білімін 7 класста қолданады. Жануартану курсында жануарларды союды оқушылар, егер мұғалім өткізсе ғана олар өз беттерімен союға дағдыланып үйренеді. Алғаш бірінші сабақта сою тек мұғалімнің бұйрығымен жүрсе, келесі сабақта азғаны оқушылардың өз бетімен жұмысына мүмкіндік беру керек. Келесіде оқушылар толық өз бетімен орындаған жөн.
2.Әр түрлі әдістерді қолдану
Биологияны оқытуда әдістерді таңдау үлкен жұмыс. Ол 2 педагогикалық талапқа сай болуы керек.1.оқу материалына. 2.балалардың жас ерекшілігіне сай.
Әдісті таңдау мектептегі құрал-жабдықтарға да байланысты. Бірақ құрал-жабдықтар негізгі және әдіс таңдаудағы шешуіші момент емес. Егер сабақ материалы сарамандық немесе көрнекілік әдістермен өтілуі керек болып, құрал-жабдықтар жоқ болған жағдайда, онда мұғалім көрнекіліктерді қолдан істесе де, сабақты сол құралмен қамтамасыз етеді. Оқушылар өсімдіктану сабағында жауап берген кезде немесе қайталап қорытындылағанда тірі өсімдіктерді, кеппешөптерді, тәжірибелерді, кестелерді, сурет, кинофильмдерді қолданады. Өсімдіктану сабағының 80 % тірі немесе үлестерме материалдарды демонстрациялаудан тұрады. Өсімдіктану курсы сарамандық, көрнекілік әдістерін талап етеді. Өсімдіктануда әдістерді қолданудан жануартанудағыдан ерекшелектері бар. Жануардың морфолого-анатомиялық құрылысын оқыту сарамандық әдістерді талап етеді. Кейбір жануарларды табу қиын болса, ал кейбіреулері және келесі курстарда оқушылар жұмысты өз бетімен жүргізеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет