Биологияны оқыту әдістемесі (пәннің атауы) ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені


Ұғымдар:тест,мәтін,мазмұн. Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны



бет76/131
Дата05.02.2022
өлшемі1,64 Mb.
#11341
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   131
Ұғымдар:тест,мәтін,мазмұн.
Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны.
1.Тестілік тапсырмалар және оларға сипаттама.
Оқушыларға сапалы білім беруде бүгінде кеңінен қолданып келе жатқан әдістердің бірі – тест.Тест-ағылшынның бақылау деген сөзінен шыққан.Тест-бақылаудың жаңа әдісі. Тест бүгінде барлық пәндерде қолданылады.Тест арқылы оқушы сұрақ жауабын жалпылама емес нақты жауап беру арқылы білетін болады.Тест жүйесінің артықшылығы:уақытты үнемдеу, пәнді толық қамтиды, жауап қысқа нақты болады.Тест жүйесінің осындай артықшылығына байланысты мектепте,ЖОО-да сынақтық жүйе тест арқылы өткізіледі.Күнделікті сабаққа тест тапсырмасын мұғалім өзі даярлағаны дұрыс.Жалпы бүгінде тест педагогикалық басылымдарда және жеке кітапшалар болып шығуда.Тест-әдісінің бірнеше түрі бар.Оларды тиімділігіне байланысты дұрыс қолдану керек.Тест тапсырмаларын құрылу құрлымына байланысты былай бөлуге болады.1)Дұрыс жауапты таңдау,яғни бір сұрақтың 5жауабының тек біреуі ғана дұрыс.2)Балама тест(альтернативтік),яғни бір сұраққа «ия» немесе «жоқ» деген жауап беріледі.3).Толықтыру тестісі,яғни сұрақтың толық берілмеген жауабын тауып толықтыру керек.4)Сәйкестендіру тестісі,яғни сұрақтың берілген жауабын тауып сәйкестен-
діру керек. Тест тапсырмасын шешуге берілетін уақыт оның қиындығына байланысты,1-2 минут уақыт жеткілікті болады. Тестіні түрлендіріп құрастыру мұғалімнің еңбегіне тікелей байланысты. Тестілер оқушының кеңінен ойланып,білімін тереңдетуге мүмкіндік береді. Бірақта тестінің баланың сөйлеу қабілетінің дамуын тежейтін жақтары да бар.
2..Биология сабағында тестілік тапсырмаларды қолдану әдістері.
Биология сабағында тестіні дұрыс орнымен тиімді қолдану керек.Мұғалім тестіге арнайы дәптер бастаған дұрыс.Әр тақырыпты өткен сайын мәтін көлеміне қарай сұрақтар құрастырылады.Сұрақтар саны ыңғайына қарай 4 тен 8 ге дейін болады. Биология сабағында тестіні үй тапсырмасын тексеруде,меңгерген жаңа сабақты бекітуде қолдануға болады.
Жоғарда берілген тест әдістерінің біріншісін қолданған тиімді,себебі:болашақта ЖОО-на түсерде қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет