Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны Сөздік әдістерінің түрлері.
Сөздік әдіске мына түрлер жатады: Әңгімелесу, түсіндіру, әңгіме, баяндау, дәріс.
Әңгімелесу сұрақтарға оқушылар мен мұғалімдердің жауап беруі. Мақсатты әңгімелесу сұрақтан туындап, оған жауап берумен аңықталады. Әңгімелесудің нәтижесінде оқушылар мұғалімнің басшылығымен қорытынды жасап, шешімге келеді. Әңгіме оқушылардың білмейтін оқу материалынан болмау керек. Бұл бос уақыт өткізу. Әңгімелесу қорытынды, қайталау, жаңа сабақта өткен білімді жаңа біліммен байланыстыруда маңызды. Әңгіменің индуктивті құрылымы бірнеше ұқсас объектілер немесе құбылыстарды оқығанда құрылады. Егер материал оқушыға белгілі немесе түпкіліпті белгісіз болса, негізі белгілерден дәлелді, фактілерді табуда әңгіменің дедуктивті құрылымы түзіледі. Мысалы, гүлді өсімдіктердің тұқымда тұқымдасты сарамандық жұмыста әңгімелесу түрлері. Әрі қарай 3-4 тұқымдасты оқу ол дедуктивті. Яғни тақырыпты алғашқы түсіндіруде индуктивті әңгімелесу әрмен оқу материалын қорытындылауда дедуктивті әңгіме жалғасады.
Әңгіме биология сабағында құбылыстарды, процестерді, жаңалықтарды ашылу тарихын, ғалымдардың өмірін айтқанда қолданады. Ол әңгіме педагогикада сөздік, көрнекілік образға ие. Әңгімеде индуктивті болады. Фактілерді қарастырғанда, ал фактілерді қорытындылағанда дедуктивті болады. Әңгімедің түсіндіру ерекшеленеді.
Түсіндіру оқу материалының мазмұны қорытындысын айтуда, дәлелдемелерде қолданылады.
Дәріс орта сыныптарда сабақ бастына жүрмейді, 10-11 сыныптарда тіршіліктануды оқығанда сабақтын түгелімен оқу материалын түсіндірумен шектелмейді. Дәріс кезінде мұғалім оқушыдан сабақ сұрайды, үй тапсырмасын тексереді. 10-11 сыныптарда оқу материалдарының қиындығына байланысты әр түрлі сөздік әдістер қолданылады. Олар бір бірімен байланысты. Мысалы, әңгімелесу-әңгіме, әңгімелесу, дәріс, әңгіме-дәріс кезінде оқушылар сабақтың негізгі сұрағын түсіну керек.
2. Мұғалімнің сөзі мен сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптар. Мұғалімнің сұрағы оқушыға негіз ретінде көмекші немесе олардың оқушыға негіз ретінде көмекші немесе олардың осыған дейінгі білім деңгейін тексеруде сол сұраққа оқушының өздерінің жауап беруін сұрауға да болады. Сонымен қатар жаңа материалды түсіндіруде мұғалімнің алдын-ала беріп қойған тапсырмасы тірі табиғи бұрышты бақылау, тәжірибенің нәтижесін жазғы тапсырмасының қорытындысын, оқу тәжиребелік аймақтағы жұмысын балалардан әңгімелік беруін сұрау оқушылардың ойлауына мүмкіндік сабаққа қызығушылығын арттырады. Тіпті оқылған кітабы бойынша реферат оқытуға да болады. Мұғалім әдістің түрлерін пайдалануда оқушының сөйлеу мәнеріне аса назар аудару керек. Олардың жүйелі, нақты сөйлеуін қадағалаған жөн. Оқушылардың өз ойын айтуға мүмкіндік беріп, қорытынды шешімді өздеріне айтқызған тиімді.