Биологияны оқыту әдістемесі (пәннің атауы) ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені


Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны



бет72/131
Дата05.02.2022
өлшемі1,64 Mb.
#11341
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   131
Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:
1.Оқытудың жаңа технологиялары.
Мектеп оқушыларын ғылыми білімнің қоғамдық қажетті деңгейімен қамтамасыз ету,оларды отандық,ұлттық және әлемдік мәдениет арналарынан сусындату-басты міндет болып қала береді.Өйткені егеменді елдің ертеңі оқу-білімнің тереңдігімен өлшенеді.Толассыз үздіксіз өзгеріп тұрған әлем адамнан да қабілет пен қажеттіліктерді толассыз дамытуды талап етеді. Осыған байланысты мектептегі оқушыларды дара тұлға етіп тәрбиелеу үшін жүргізілетін жұмыстардың мақсаты мынадай болуы тиіс.Сабақ түрі жаңа заман талаптарына сай өзгеріп, жаңарып отырса ,оқушыларға оның әсері мен ықпалы ерекше болады.Сондықтан жаңа педагогикалық технологияларды енгізу оқыту үрдісінің тиімділігін арттырып қана қоймай басқа да көптеген мәселелерді шешеді. «Технология»терминінің түсіндірмесі әр қилы В.И.Шепеельдің айтуы бойынша технология-өнер,шеберлік,біліктік,жағдайды зерттеуге бағытталған іс-әрекеттер жиынтығы ұғымын білдіреді.Технологияларға жатады:қалыптасқан оқыту жүйесі,жетілдірілген тех.,баламалы тех.,дамыта оқыту тех-лары және авторлық мектептер.
2.Модульдық технологияны пайдаланып сабақты құрастыру әдістері
«Модуль» белгілі бір жүйенің құрлымының өз бетінше бола алатын,бөліне алатын бөлшегі екені белгілі. С.И.Ожеговтың сөзіне үңілсек модуль-оқу мазмұны мен оны игеруге негізделген технологияның бір мақсатты түйіні.Модуль-оқушының мазмұнды,оқу әдісін өз бетінше игеру деңгейімен оқу-таным әрекетіне сай жеке оқу бағдарламасы.Сабақты құрастыра отырып, оқу жөнінде ақпарат беретін:оқулық,қосымша әдебиеттер,кесте,сызбанұсқалар,техникалық жабдықтар т.б.құралдар пайдалануға болады.Модульді сабақтарда тапсырмалар орындау үшін білімді тексеретін әртүрлі бақылаулар қолданылады.Олар:өзін-өзі тексеру,өзара тексеру,мұғалім тексеруі,ағымдағы және аралық тексеру.Осылайша білім олқылықтары ,модульді игеру анықталады.Модульдер шартты түде үшке жіктеледі:танымдық,операциялық,аралас.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет