Биологияны оқыту әдістемесі (пәннің атауы) ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені


Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны



бет78/131
Дата05.02.2022
өлшемі1,64 Mb.
#11341
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   131
Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны :
1.Оқулық бойынша үй тапсырмасы.
Үй тапсырмасының мазмұны сабақпен байланысты және сарамандық немесе оқулық бойынша,мұғалімнің үйге берген тапсырмасын оқушылардың үйден өз бетінше орындауы. Оқушылар көбінесе оқулықпен жұмыс жасауды білмейді.Олардың кейбіреуі сабақты тек жазба жазбалары бойынша ғана оқыса,келесілері мәтінді жаттап алады,ал үшіншілері тек шала қарайды. Ал баяндама әзірлеу барысында оқушылар кітап беттерін көшірумен шектеледі.Міне,үй тапсырмасы осы қателікті болдырмауға бағытталған.Оқушылардың ой өрісін дамытады ,өз бетімен жұмыстануын белсендіреді.Оқушылардың оқулықпен жұмыстануының негізі мәтінді түсініп оқып,ойланып осы мәтіндегі негізгі мәселелерге мән береді.Мәтінге дәлелдемелер келтіріп өз ой-түйінімен қортындылайды.Тағы бір артықшылы- ғы бала сөйлеуге үйренеді,сөз қоры молаяды,көптің алдына шығып өзін қалай ұстау керектігіне дағдыланады.Оқушының жұмысын белсендіретін оқулықтағы тарау немесе тақырыптың соңындағы сұрақтар.Сонымен қатар мұғалімнің оқушыға салыстыруға қойған сұрақтары да маңызды.Себебі:сұрақтар жылдан жылға қарапайымнан күрделене береді. Салыстыру сұрақтары оқулық мәтініне негізделіп қана қоймайды,оқушылардың мәтінді мұқият оқуын талап етеді.6сыныпта салыстыру жай объектілерді 1-1мен белгілері бойынша ажыратады.7сыныпта салыстыру күрделене бастайды,себебі 6-сыныптың бір жылдық материалымен салыстырады.Сынып өскен сайын салыстыру көлеміде ұлғая береді. Оқушы мәтінді алдағы материалмен салыстырғызатын, ұқсастығын тапқызатын үй тапсырмасы мәтінді дұрыс түсініп оқуын дамытады. Осыған байланысты оқушыға кесте толтыруды да тапсыруға болады.Оқулық бойынша үй тапсырмасы білімді бекітеді. Оқулықпен жұмыс жасау тәсілдері: 1)мәтінді оқып қарап шығу.2)мәтіннің өте қиын бөлімін талқылау.3) сурет,кесте,сызбаларды қарау.4) сандық шамаларды түсіну.Оқулықпен жұмыс істеген кезде мәтін ішіндегі ең негізгілерін таңдап,фактілі материалдарды шығарып,түсінігін айта алу керек.
2.Сарамандық үй тапсырмасы.
Оқушылардың табиғи материалдарымен өзбетімен сарамандық жұмыс жасауы өте маңызды. 5 сыныпта табиғаттанудан оқушыларға өлі табиғаттың моделін жасау тапсырылады. Оқушылар жел дирмені,су насосы т.б.моделдерді жасайды.Көптеген тәжірбиелерді сыныпта көрген оқушылар өз бетімен үйден орындайды.Өсімдіктану бойынша үй тапсырмасы морфо- логиялық,физиологиялық мазмұнда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет