Биологияны оқыту әдістемесі (пәннің атауы) ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені


Өздігінен тексеруге арналған сұрақтар



бет4/9
Дата16.02.2017
өлшемі1,64 Mb.
#9424
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Өздігінен тексеруге арналған сұрақтар

1.Сөздік әдістің түрлерін ата

2.Әңгімелесуге мысал келтір.

3.Әңгімеге мысал келтір.

4.Әңгіме мен әңгімелесудің айырмашылығы неде.

5.Түсіндіруге түсінік бер.


Пайдаланылатын әдебиеттер

1.Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания биологии» М,1972ж.

7 дәріс

Тақырып: Көрнекі әдіс.

1. Көрнекі әдістердің түрлері.

2. Оқыту құралдарын көрсету ерекшеліктері, талаптары.

Дәріс мақсаты: . Көрнекі әдістердің түрлері туралы түсінік беру. Көрнекі әдістерінің сабақтағы орны мен қойылатын талаптар.

Ұғымдар:көрнекі,табиғи,суреттеме.

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны

1. Көрнекі әдістердің түрлері.

Биологияның барлық сабақтарда қолданады. Бірақ бұл сабақты көрнекілік әдіспен өткізу керек деген емес.Сөздік әдіс кезінде мұғалім әңгімелеп тұрып, көрнекіліктерді илюсстрация есебінде пайдаланады. Мысалы, өсімдіктері жануарларды әңгімелеп турғанда бұларды табиғи көрсету мұмкіндігі бар жағдайда көрсетуде, ғалымдарды, суреттерді, кесте, фотоларды. Бұл кезде ақпарат көзі мұғалімнің сөзі, оның әңгімесі, түсіндіруі. Сабақ өткізуде көрнекілік әдісте көрнекі құралдардың басқада ролі бар. Соның ішінде тәжіребелі, тірі объект, кино, кесте бұлар оқушылар үшін ақпарат көзі. Оқушылар көрсетілген көрнекіліктерді қарап, қорытынды жасап, қайталайды. Көрнекілік әдісті қолдану оушының белсенділігін ойлауын арттырады. Дұрыс қойылған сұрақ объектіні, тәжиребені демонстрациялауда баланың назарын аудартуы. Оқушыларда мақсатты бақылауға жетелеп саластырып қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Көрнекіліктер биология сабақтарда табиғи және суреттеме болып екіге бөлінеді. Көрнекілік әдістің түріне демонстрациялау, тәжиребе, табиғи объектілерді,сүреттелерді көрсетеді.Табиғи объектілерді демонстрациялау биологияны оқытуда маңызды себебі өсімдік, жануарларды тірі күйінде көрсетеді.Ыңайлы және тірі объект бұд өсімдіктер.Оны өсімдіктану, тіршіліктану сабақтарында демонстрациялайды.Өсімдіктерді алдын ала табиғатта, үйде дайындаауға болады.Өсімдіктанудын көптеген сабақтарында көрнекілік әдіс ерекше орын алады. Ал,жануарларды жануартану, тіршіліктану сабақтарында демонстрациялауға болады. Оқушыға көрсетуге ыңғайлысы орташа көлемдегі құстар мен сүткөректілер.Оларды торда ұстау демонстрациялау кезіңдесталға қояды.

2. Оқыту құралдарын көрсету ерекшеліктері, талаптары.

Суретеме көрнекіліктер кесте, сурет, схема. Оқушыға объектінің формасы, құрылысы, түсін тіршілік образын түсінуге мүмкіндік береді. Оқушылар көре алмайтын жануарларды, мұғалім суреті арқылы көрсетеді. Бірақ міндетті түрде жануарлардың өлшемдерін айту керек. Суретті мұғалім тақтада көрсете тұрып, материалды береді.Оқушылар мұғалімнің ойына сүйеніп, бар ынтасымен қабылдайды. Әсіресе, мұғалімнің суретті тақтаға салуы оқушылар үшін өте маңызды. Себебі оқушының көзінше бұл сурет құрастырады. Оқу материалын сол бір уақытта тыңдап, мұғалімнің қолының қозғалғанын бақылап, тақтадағы суретті мұғалімнің түсіндіруімен өзінің дәптеріне көшіріп салады. Бұнда оқушы толығымен машықтанады. Суретті мұғалім өзі айтқан кезде ғана бастап көрсету оқушының назарын аудартады. Биологияны оқытуда қолдан жасалған көрнекіліктердің ролі зор. Мысалы, оралса қағаз немесе кестелер биологияны оқытуда оқу кинофильмдерді демонстрациялауда маңызды. Бұл кинофильмді сабақта көрсетуде оқушыға алдын-ала сұрақ беріп, кино қарағаннан кейін.



Өздігінен тексеруге арналған сұрақтар

1.Көрнекі әдістердің түрлерін ата.

2.Көрнекі әдістеріне қойылатын талаптар.

3.Көрнекі әдістерінің басқа әдістермен байланысы.



Пайдаланылатын әдебиеттер

1.Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания биологии» М,1972ж.

8 дәріс

Тақырып: Биологияны оқытудағы практикалық әдіс.

1. Практикалық әдістердің түрлері: бақылау, объектілерді тану және анықтау, эксперимент .

2. Әр түрлі әдістерді қолдану

Дәріс мақсаты:Практикалық әдістің түрлеріне сипаттама бере отырып,маңызына тоқталу.

Ұғымдар:зертхана,сараман,эксперимент,обьекті.

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны

1.Практикалық әдістердің түрлері: бақылау, объектілерді тану және анықтау, эксперимент.

Әдістің үшінші тобы практикалық. Бұл объект сойып жару, анықтау, мүшелерді жеке алу, эксперимент, тәжиребелер жасай білу оқушылардың жұмыс кезінде алған нәтижесі практикалық методты қолғанғанда да оқытушы сөзі қажет. Нұсқау беру, жұмыс барысын тексеру, қорытынды шығаруға көмектесу, жұмысқа басшылық ету. Дегенмен, оқушының білім алу қызметіне практикалық жұмыс басым болады. Өсімдіктану курсында сарамандық жұмыс фронтальды бұйрықпен жүргізіледі. Өсімдіктану курсының соңында жануарларды шағылыстыруды (зертханалық тышқан, егеуқұйрық) түсіндіру үшін тәжірибе жүргізіледі. Көптеген әр түрлі эксперимент оқу тәжірибелік аймақта жүреді. Әсіресе жаз айларында, вегетациялық периодта оқушыларға сұрақ немесе тапсырма тапсырылады. Олар тәжірибе және бақылау оъктілерін салыстыру нәтижесінде жауап береді. Тәжірибе кезенде өлшеу дәл бақыланады. Оқушылар практикалық дағдыны бір сабақтан-ақ меңгеріп кетпейді. Ол күнделікті сабақта мұғалім көптеп қолданып қалыптастырады. Өсімдіктерден кеппешөп жасауды 1-2 сабақта үйренбейді. Жазғы тапсырмада үйренеді. 6 класста алған білімін 7 класста қолданады. Жануартану курсында жануарларды союды оқушылар, егер мұғалім өткізсе ғана олар өз беттерімен союға дағдыланып үйренеді. Алғаш бірінші сабақта сою тек мұғалімнің бұйрығымен жүрсе, келесі сабақта азғаны оқушылардың өз бетімен жұмысына мүмкіндік беру керек. Келесіде оқушылар толық өз бетімен орындаған жөн.

2.Әр түрлі әдістерді қолдану

Биологияны оқытуда әдістерді таңдау үлкен жұмыс. Ол 2 педагогикалық талапқа сай болуы керек.1.оқу материалына. 2.балалардың жас ерекшілігіне сай.

Әдісті таңдау мектептегі құрал-жабдықтарға да байланысты. Бірақ құрал-жабдықтар негізгі және әдіс таңдаудағы шешуіші момент емес. Егер сабақ материалы сарамандық немесе көрнекілік әдістермен өтілуі керек болып, құрал-жабдықтар жоқ болған жағдайда, онда мұғалім көрнекіліктерді қолдан істесе де, сабақты сол құралмен қамтамасыз етеді. Оқушылар өсімдіктану сабағында жауап берген кезде немесе қайталап қорытындылағанда тірі өсімдіктерді, кеппешөптерді, тәжірибелерді, кестелерді, сурет, кинофильмдерді қолданады. Өсімдіктану сабағының 80 % тірі немесе үлестерме материалдарды демонстрациялаудан тұрады. Өсімдіктану курсы сарамандық, көрнекілік әдістерін талап етеді. Өсімдіктануда әдістерді қолданудан жануартанудағыдан ерекшелектері бар. Жануардың морфолого-анатомиялық құрылысын оқыту сарамандық әдістерді талап етеді. Кейбір жануарларды табу қиын болса, ал кейбіреулері және келесі курстарда оқушылар жұмысты өз бетімен жүргізеді

Өздігінен тексеруге арналған сұрақтар:


  1. Практикалық әдістердің түрлеріне сипаттама бер.

  2. Эксперимент дегеніміз не.

  3. Тәжірбиелерді қалай демонстрациялайды.

  4. Практикалық әдістің маңызы неде.

Пайдаланылатын әдебиеттер

1.Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания биологии» М,1972ж.

9 дәріс

Тақырып: Жалпы білім беретін мектептерде биология және экология курстарының жүйесі, құрлымы мен мазмұны.

1. «Оқу пәні» түсінігі, биологиялық циклдегі оқу пәндерінің жүйесі.

2. «Өсімдіктер» курсының мазмұны мен құрылымының ерекшеліктері

Дәріс мақсаты: Жалпы білім беретін мектептерде биология және экология курстарының жүйесі, құрлымы мен мазмұны туралы түсінік беру.

Ұғымдар: «оқу пәні»,интеграциялық, «тірі ағза».

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны

1.«Оқу пәні»түсінігі биологиялық циклдегі оқу пәнінің жүйесі.

«Оқу пәні»түсінігі биологиялық циклдегі оқу пәнінің негізгі мазмұнын ашады.Кез-келген «оқу пәні»сол курстың негізіне бағытталып құрылады. Осы «оқу пәнінің»мазмұнын әдістеме қарастырады. Биологиялық циклдегі оқу пәні негізіне өсімдіктану,жануартану,тәнтану,тіршілік-

тану кіреді. Биология оқу пәні ретінде өзіне тәнформасымен,әдісімен ерекшеленеді. Онда тірі обьектілер және олардың тірі табиғаттағы қалыптасуы мен дамуы нақты зерттеледі. Оқу пәнінің мазмұны ғылыми болу керек. «Оқу пәні» мен биология ғылымы құрлымы,көлемі,мақсаты жағанан бір-бірінен ерекшеленеді. «Биология ғылымының»міндеті-табиғатты зерттеу жолымен жаңа мәліметтер алу.Мектеп«оқу пәні»міндеті-ашылған ғылыми фактілерді және заңдылықтарды оқушыларға жеткізу.Мектеп пәніне шектеулі уақыт беріледі,және оқушы нақты бекітілген ғылыми деректерді ғана айтады. Биологиялық циклдегі оқу пәнінің жүйелігі сонда тірі ағзаларды оқуда барлық пәндер бірігеді,интеграцияланады.Барлық деңгейдегі тірі ағзалардың тарихи дамуы және жеке заңдылықтарын оқуда,бүгінгі ғылым эволюциялық ілім,генетика,экология. т.б.салаларды біріктіріп,байланыстырып қарайды.Бұндай бірігу мұғалімнің материалды жеткізуінде уақыт үнемдейді. Сонымен,оқу пәні білімді біріктіреді, сол жүйедегі сәйкес келетін ғылымнан жинақталған құндылықтардан тұрады. «Оқу пәні»мазмұны бүгінгі таңдағы оқу бағдарламасына сәйкес болу керек.

2.«Өсімдіктер» курсының мазмұны мен құрылымының ерекшеліктері

Курстың мазмұны қазіргі заманғы биологиялық ғылыми білім жүйесінің негіздерін және бұл жүйенің мәдениеттегі орны мен қызметін бейнелейді,ал құрлымы оқушылардың таным мүмкіндіктерінің дамуына сай анықталған.Пәннің мақсаты-тіршілікті ең жоғары құндылық деп түсінетін,экологиялық,эволюциялық ойлау деңгейі қалыптасқан,дүниенің ғылыми бейнесінің биологиялық саласын бағдарлай алатын,тірі табиғатты зерттеу әдістерінен қажетті біліктері бар,биологиялық білімін практикада қолдана алатын,биологиялық,эклогиялық сауатты тұлға тәрбиелеу. Пәннің міндеттері-оқушылардың ғылыми дүниетанымын,оларда тірі жүйеге және адамға деген қатынастың этикалық,эстетикалық критерияларын қалыптастыру,биологияны мәдениет құбылысы ретінде таныстыру.6-сынып Биологиясы «Тірі организімдер» бөлімнен басталады.Одан кейін «Өсімдіктер», «Жануарлар» деп аталатын ірі 2 бөлімге бөлінеді.

«Өсімдіктер»бөлімі үш тарауға бөлінеді.1.Жасуша организімнің тіршілігі мен құрлысының ең кіші бірлік өлшемі.Өсімдік ұлпалары.2.Өсімдіктердің вегетативті мүшелері.3. Өсімдіктердің генеративті мүшелері.Бірінші тарауда өсімдік жасушасының құрылысы,қызметі және ұлпалардың түрлері мен жасушадағы орны айтылған.Екінші тарауда тамыр оның бөлімдері,тамырдың түрөзгерісі,өркендер иен бүршік;сабақ түрлері,құрлысы,сабақтың түрөзгерістері;жапырақ оның құрлысы,фотосинтез,жап. түрөзгерістері мен өсімдіктердің вегетативті мүшелері арқылы көбеюі айтылған.Үшінші тарауда гүл құрлысы,гұлшоғыры оның маңызы;өсімдіктердің жынысты кобеюі,тозандану мен ұрықтану;жемістер,тұқым дара –қос жарнақты тұқымдардың құрлысы;тұқымның өнуі

мен өскін туралы айтылған.



Өздігінен тексеруге арналған сұрақтар

  1. «Оқу пәні »түсінігіне сиаттама бер.

  2. Биологиялық цикілдегі оқу пәндерінің жүйесі қандай.

  3. «Өсімдіктер» курсының мазмұны қандай.

  4. «Өсімдіктер» курсының құрылымының ерекшеліктері.

Пайдаланылатын әдебиеттер

1.Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания биологии» М,1972ж.

10 дәріс

Тақырып: Өсімдіктану курсы бойынша өткізілетін зертханалық жұмыстарды жүргізу

әдістері.

1.Морфологиялық тақырыптағы зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу

2.Физиологиялық мазмұндағы тәжірибелерді талдау.

Дәріс мақсаты:Өсімдіктану курсы бойынша өткізілетін зертханалық жұмыстарды талдау және жүргізу әдістерімен танысу.

Ұғымдар:ұлғайтқыш әйнек, қол әйнек,морфологиялық,физиологиялық..

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны

1.Морфологиялық тақырыптағы зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу.

Мектептің мақсаты-оқушыларды қазіргі ғылым негіздерімен терең таныстыру және алған білімді практикада іскерлікпен қолдана білуге үйрету.Бұл міндетті шешуде биологияны оқытудың практикалық бағытының маңызы зор.Оған зертханалық жұмыстар,сарамандық жұмыстар,мектептің оқу тәжірбиелік үлескелеріндегі жұмыстар,жазғы тапсырмалар т.б.жатады.

Өсімдіктану курсы бойынша морфологиялық тақырыптағы зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру мен өткізудің кейбіреуіне тоқталайық.Ұлғайтқыш құралмен жұмыс істеу тәртібінен өткізілетін зерт.жұм.мақсаты:микроскоппен жұмыс істеу тәртібі,жеке жасуша құрлысы неден тұратынын ұлғайтқыш құралмен көріп талдау арқылы жасуша-тірі ағза екеніне оқушылардың көзін жеткізу.Препарат жасауды үйрету. Зертханалық жұмыстарды өткізу нұсқау қағазы бойынша жүргізіледі..Ұлғайтқыш құралмен толық танысып,қалай қолдануды меңгерген соң,оқушылар микропрепарат жасауды үйренеді.Микроскоптан көргендерін оқулықтағы суретпен салыстырғаны тақырыпты игеруге себеп болады.Қол әйнекпен қарбыздың кесіндісі мен піскен картоп түйнегін жай көзбен қарағанда өте майда дөңгелек түйіршіктер көрінеді,оның әрбіреуі жеке бір жасуша.

Өсімдік жасушасының құрлысын пияз қабығы өңінен препарат жасау;йодтың әлсіз ерітіндісін тамызып микроскоппен қарау;көрінген жасуша суретін салу керек.Жасушаның құрлысына,әр бөлімнің жасушада орналасуына ,пішініне көңіл аудартып,жекебөлімдерінің тиісті атын жаздыру,оқулықтағы суретпен салыстырып талдау

2.Физиологиялық мазмұндағы тәжірибелерді талдау.

Физиологиялық мазмұндағы тәжірибелерге.Жапырақта жарық әсерінен органикалық заттың түзілуі;жапырақтың суды буландыруы;жарықта жапырақта көмір қышқыл газын сіңіріп,оттегін бөлу;жапырақтың тыныс алуы жатады.Жапырақта жарық әсерінен органикалық заттың түзілуі. Фотосинтез парагрофында 7-күн бұрын қойылған тәжірбиені демонстрациялап,орг.емес заттың органикалық затқа айналуын оқушыларға түсіндіру мұғалім мақсаты.

Сабақтың жоспары:1.Сабақтың міндетін анықтау.2.Тәжірбиенің қалай қойылғанын мәлімдеу.

3.Жапырақтың түссізденуі мен онда крахмалдың түзілуін демонстрациялау кезінде қойылатын сұрақтар.4. Жапырақта жарық әсерінен органикалық заттың түзілуіне қорытынды жасау. 5.Сабақты қорытындылау,бекіту.Осы жоспар бойынша оқулықта берілген құрал-жабдықтарды қолдана отырып тәжірбие жасалады.(бет59)әдістемесі оқулықта берілген. Жапырақтың суды буландыруы сол сабақты түсіндіру кезінде,3-4күн бұрын қойылған тәжірбие арқылы демонстрацияланады. Мектеп оқулығында тәжірбиені жасау әдістемесі берілген.Тек алдын ала тәжірбиені қою уақытын календарьлық жоспар ескертпесіне жазған жөн. Сабақтың жоспары:

1.Оқушыларға су сіңірілу өсімдік тамыры арқылы жүретінін естеріне салу.

2.Сұрақ:-Өсімдіктің қай мүшесі су буландырады.Жауапты тәжірбиені демонстрациялау арқылы айтады.Физиологиялық мазмұндағы тәжірибелерді өткізу үшін алдымен мұғалім сабақ жоспарын құрып, тәжірибені уақытылы қою керек. Тәжірбиені сол сабақты түсіндіру барысында немесе сол сабақты қорытындылау да өткізуге болады. Тәжірбиенің өткізілу орнын дұрыс анықтау ,оқушыда білімнің қалыптасуына үлкен етеді.



Өздігінен тексеруге арналған сұрақтар

1.Морфологиялық тақырыптағы зертханалық жұмыстардың маңызы неде.

2.Мектеп оқулығы бойынша зертханалық жұмыстар қалай құрылған.

3.Физиологиялық мазмұндағы тәжірибелердің маңызы неде.

4.Өсімдіктану курсы бойынша жүргізілетін зертханалық жұмыстардың ерекшелігі.

5.Тәжірбие қоюға қойылатын негізгі талаптар.



Пайдаланылатын әдебиеттер

1.Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания биологии» М,1972ж.


11 дәріс

Тақырып: Жануарлар курсының мазмұны, құрылымы

1.Жануарлар биологиясының мазмұны

2.Жануартану курсында өткізілетін зертханалық жұмыстарды талдау

Дәріс мақсаты: Жануарлар курсының мазмұнымен,құрылымымен студенттерді таныстыру және ерекшелігіне тоқталу.

Ұғымдар:үлестірме карточка,нұсқау карточкасы,дидактикалық карточка.

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны

1.Жануарлар биологиясының мазмұны.

Жануартану-жануарлардың тіршілігін,құрлысын,тіршілік әрекеті процестерін,дамуын,ортамен қарым-қатынасын зерттейді.Жануарларды оқытуда оқушыларда жануарлардың ортаға бейімделуі туралы біртұтас идеяны қалыптастыратын мынадай негізгі ұғымдарды ерекше түсіндіруге болады:

1.Кез-келген ағза өзі тіршілік ететін орта жағдайларына бейімдеушілік қабілетке ие бола алады. Бұл оның сыртқы түрінен,түсінен,құрлысынан,тіршілік әрекеттерінен көрінеді.

2. Бейімдеушілік ағзаның тіршілігін сақтауына,өсіп-өнуіне,артында ұрпақ қалдыруына,түрдің сақталуына мүмкіндік береді.3.Бірақ бейімдеушілік салыстырмалы болады,яғни ағзаның тіршілігін барлық жағдайда сақтап қала алмайды.4. Бейімдеушілік табиғи сұрыпталудың әсерінен жүреді.

Бұл бағыттар жануартануды оқытуда біртіндеп дамыса,тіршілктану курсында терең талданып оқылады.Сабақтың соңында оқушылар мынадай қорытынды жасайды:Жануарлар өсімдіктер сияқты тірі ағзалар,құрылысы жағынан ортақ белгілері бар,ол туыстықтарын дәлелдейді.Тақырыпты оқу барысында жануартану-жануарлар жөніндегі ғылым екені ашып көрсетіліп,жануарлардың ерекшеліктері мен жіктелу принциптері қарастырылады.

Жануарлар биологиясы 6және7-сыныптарда оқылады.6-сыныпта жануарлар бөлімі 2 тарауға: Біржасушалы және көпжасушалы жануарлар деп бөлінеді. Біржасушалы жәндіктердің мекен ортасы,құрлысы,қозғалуы,қоректенуі,тыныс алуы,көбеюі маңызы 6-сыныпта қаралса,ал7-сыныпта біржасушалылардың көптүрлілігі қарастырылады. 6-сынып жануарлар биологиясының мазмұны барлық омартқасыз және омыртқалы жануарлардың құрылысымен қызметі,асқорту,қан айналу,тыныс алу,зәр шығару жүйелері көбеюі мен дамуы мінез-құлқы қарастырылған.



2.Жануартану курсында өткізілетін зертханалық жұмыстарды талдау.

Жануартану курсында өткізілетін зертханалық жұмыстар 7-сынып оқулығының соңында берілген.6-сынып оқулығында жапнуартану курсы бойынша зертханалық жұмыстар берілмеген,онда тек жануарлардың тіршілік әрекеттері,құрылысы мен қызметі берілген. Зертханалық жұмыс Кірпікшелі кебісшенің құрылысын,қозғалысын және тітіркенгіштігін бақылаудан басталады. Мақсаты: микропрепарат дайындап,кірпікшелі кебісшенің құрылысымен,тіршілік әрекетіменоқушыларды таныстыру.Құрал-жабдықтар мен жұмыстың жасалу барысы оқулықта берілген.Зерт.жұмыс нұсқау карточкасы бойынша жүргізіледі.(оқулық бет174)Сабақты бастамас бұрын мұғалім кірпікшелі кебісшені өсіру әдісін айтады,сосын мынадай сұрақтарға жауап алады:кірпікшелі кебісшенің дене бөліктерін табу,ядроның маңызына тоқталу;кірпікшелі кебісшенің ас қорыту ерекшелігіне тоқталу;

кірпікшелі кебісшенің маңызды қасиеті тітіркендіргіштікке тоқталу.

Тәжірбие жасалып болғасын,нәтижесін мұғалім тақтаға,оқушылар дәптерге жазады,суретіннен дене бөліктерін көрсетеді,қортындылайды.Тұщысу гидрасының сыртқы құрлысы және тіршілігімен танысуға арналған зерт. жұмыс.(оқулық бет-182)Тақырыптың мазмұны мұғалімге оқушылардың танымдық қызығушылығы мен дербестігін дамытуға мүмкіндік береді.Мақсаты: оқушыларға тұщысу гидрасының тіршілік етуіне байланысты сыртқы құрлысының ерекшеліктерімен және рефлекс түсінігімен таныстыру. Құрал-жабдықтар мен жұмыстың жасалу барысы оқулықта берілген.(бет182)Мұғалім гидраны таблицадан немесе оқулықтағы суретін көрсете отырып,тіршілік ерекшелігін қоректенуін баяндайды.Суретті пайдалана отырып оқушыларға сұрақтар қойады.- Гидраның дене пішіні қандай; -денесінің негізгі бөлімдерін ата; т.б.

Мұғалім оқушы жауабын толықтырып,қортындылайды. Содан соң мұғалім гидраның жүйке жасушаларының орналасуын түсіндіреді.Мұғалім тақтаға жүйке жасушаларының өсінділері өзара жанасып,жүйке жасушасын түзетінін көрсетеді.Өткен сабақтағы тітіркендіргіштік ұғымын пайдаланып «қозу»,«рефлекс» ұғымдарын түсіндіреді.Материалды қорытындылау үшін әңгіме өткізеді.Оқушылар дәптерлеріне жұмысты аяқтап,суретін салып тапсырады.

Өздігінен тексеруге арналған сұрақтар:

1. Жануарлар биологиясының мазмұнына сипаттама бер.

2. Жануарлар биологиясының нешінші кластарды қамтыған.

3. Жануарлар биологиясында өткізілетін зертханалық жұмыстарды ата.

4. Зертханалық жұмыстардың сабақтағы орынын анықта.

Пайдаланылатын әдебиеттер

1.Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания биологии» М,1972ж.

2.Н.А.Рыков «Зоологияны оқыту методикасы»А,1953ж

3.Е.Т.Бровкин ж.б. «Зоологиря сабақтары» А-А, «Мектеп», 1984

4.К.Жүнісова «Зоология сабақтары»А-А, «Мектеп», 1984, 1981

12 дәріс



Тақырып: Тәнтану курсының мазмұны, құрылымы

1.Тәнтану биологиясының мазмұны

2.Тәнтану курсында өткізілетін тәжірибелер ерекшеліктері

Дәріс мақсаты:Тәнтану курсының мектепте оқытылуының ерекшеліктеріне тоқтай отырып, жаңа ұғымдарға сипаттама беру,тәжірбиелерге тоқталу.

Ұғымдар:генетика,эмбрион,эмбриология,гистология.

Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны

1Тәнтану биологиясының мазмұны.

Тәнтану биологиясы оқу бағдарламасына сәйкес жазылған.Тәнтану биологиясының мақсаты адам ағзасының тіршілік құбылыстары мен құрлысы туралы жүйелі,ғылыми материалдарды оқушыларға беру.Адам ағзасының құрылысы мен қызметін оқытуда, медицина ғылыммен байланыстылығы мектеп оқушысының кездейсоқ жағдайларда алғашқы көмек көрсете алатындай білім мен білікін қалыптастырады.Зерттеу обекьтісі ретінде адам алынған.Басқа тірі ағзалар сияқты адам ағзасыныңда негізгі қызметі зат алмасу,ассимиляция мен диссимиляция.Органикалық дүниенің дамуында адам дамуы жоғарғы дәрежеден көрінеді.

Тәнтану биологиясы бірнеше пәндердің негізінде құрылады, гигиена, физиология, эмбриология,гистология.Тәнтану курсы ағзаны құрайтын жасушалар,ұлпалар,мүшелер, мүшелер жүйесіне тоқтағннан кейін олардың құрлысы мен қызметі қаралады. Адам ағзасының жеке мүшелер жүйесі қызметінің үйлесімділігі мен реттелуінен кейін ішкі секреция бездері беріледі.Мектеп оқулығының мазмұны-Жүйке жүйесі,сезім мүшелері,тірек-қимыл жүйесі,қан және қан айналым,тынысалу жүйесі,асқорыту жүйесі,зат пен энергия алмасу,зәр шығару жүйесі,терінің құрлысы мен қызметі,адамның көбеюі мен дамуы,мінез-құлық және психика тарауларынан тұрады. Әр тақырыптың соңында білім тексеруге арналған деңгейлік тапсырмалар, «біліміңді тексер»бағытындағы қорытынды сұрақтар,тапсырмалар,зертханалық жұмыстар,биологияны тереңірек білгісі келетін оқушыларға арналған қосымша материалдар,сызба нұсқалар мен кестелер берілген.Оқулықта тақырыпқа сай суреттер түрлі-түсті бояумен көрсетілген.

Әрбір адам өз ағзасының жеке мүшелерінің құрлысы мен қызыметін білу керек.Адам баласы өз ағзасын толық білгенде ғана жеке басының денсыулығын қорғай алады.Сондықтанда тәнтану пәнінің мектепте оқытылуының маңызы зор.



2.Тәнтану курсында өткізілетін тәжірибелер ерекшеліктері

Тәнтану курсында өткізілетін зертханалық жұмыс 1.«Жасушалар мен ұлпалардың микропрепаратын микроскоппен көріп талдау»тақырыбынан басталады.Мақсаты:дайын препаратты қарап,жасушалардың,ұлпалардың құрлысымен танысу.Ұлпалардың 1-1-нен айырмашылығын айыра білу.Микропрепараттан көрген жасушасы мен ұлпа топтарының суретін кітаппен салыстырып дәптерге суреттерін салу. 2. «Тізе рефлексін бақылау»тақырыбын дағы зерт.жұмыс,мақсаты:оқушыларға«рефлекс»,«рефлекстік доға»туралы ұғымды меңгерту және нейрон топтарын ажыратып,дәптерге суретін салу. Мектеп оқулығындағы жұмысты нұс- қау бойынша орындап,рефлексті бақылау.3.«Жүйке жүйесімен танысып,талдау»тақ.зер.жұмыс мақсаты:адамның жүйке жүйесінің құрлысы туралы түсінік беру.Жұлын мен мидың құрылысын кесте және оқулықтағы суреттер бойынша талдау.Ми қыртысының аймақтарымен таныстыру керек.Мұғалім таблицаларды пйдалана отырып әңгімелейді.Жүйке жүйесінің құрылысы схемасын сызып сабақты бекітеді.



Өздігінен тексеруге арналған сұрақтар:

1. Тәнтану биологиясының мазмұнына сипаттама бер.

2. Тәнтану биологиясының нешінші кластарды қамтыған.

3. Тәнтану биологиясында өткізілетін зертханалық жұмыстарды ата.

4. Зертханалық жұмыстардың сабақтағы орынын анықта.

Пайдаланылатын әдебиеттер

1.Е.П.Брунов. «Уроки по анатомии,физиологии гигиене человека» Просвещение 1968г.

2.Н.М.Верзилин «Общая методика преподавания биологии» М,1972ж.

13 дәріс




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет