алдымен жалпы, кейіннен сүзгіш арқылы жеке өтеді. Бұл сүзгіштер ауаны салқындай
заласыздандыру қызметін атқарады, микроорганизмдер клеткасын бөледі.
Сүзгіштің сызба нұсқасы 3 - суретте көрсетілген.
3 - сурет - Сүзгіштің сызба нұсқасы
1-ауа жібергіш; 2 – бу жібергіш; 3 – ауа шығарғыш; 4 – бу шығарғыш;
Жалпы және индивидуалды фильтрлер дәнді және талшықты материалмен
толтырылады, гранулды көмір және шыны мақта қолданылады, диаметрі 18мкм болады.
Соңғы кездерде арнайы бактерицидті талшықтар қолданыла бастады. Сүзу қабатының
қалыңдығы 0,4-0,75 м. Индивидуальды фильтрлерді көбінесе шыны, қағаз мақталармен
және белсенді көмірмен толтырады. Сүзгіштерді залалсыздандыру 120 -126
о
С
температурада 1 – 1,5 сағатқа созылады. Залалсыздандырудан кейін оларды құрғақ ауа
ағымында 2 - 3 сағат шамасында кептіреді. Фильтрлерді айына бір рет және инфекциялар
түскенде залалсыздандырады.
Арнайы сүзгіштердегі сүзу материалын айына бір – екі рет, ал жалпы сүзгіштерде 6 – 8
ай сайын ауыстыру керек.
Достарыңызбен бөлісу: