Биотехнология ғылым ретінде қалыптасуы, оның зерттеу объектісі, мақсаты, міндеттері Биотехнология


Қалдық суларды биотехнологиялық жолмен тазарту әдістері



бет44/71
Дата26.12.2021
өлшемі235,07 Kb.
#128702
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   71
Байланысты:
Биотехнология сессия

46.Қалдық суларды биотехнологиялық жолмен тазарту әдістері

Қалдық су деп - бұрын өндірісте, тұрмыста немесе ауылшаруашылығында пайдаланылған, сондай-ақ қандай да бір лас аймақ, оның ішінде елді мекен (өнеркәсіптік, ауылшаруашылықтық, коммуналдық-тұрмыстық, нөсер, тағы басқа ағындылар) арқылы өткен су. Былайша айтқанда адамның тұрмыста және өндірістік іс-әрекетінде пайдаланылғаннан кейін шыққан су. Қалдық су гетерогенді күрделі жүйе болып саналады, оның құрамында болатын органикалық және минералды қоспалар ерімейтін, коллоидты және еритін түрде кездеседі. Құрамы мен пайда болған түріне байланысты қалдық сулар үш негізгі категорияларға: шаруашылық-тұрмыстық, өндірістік және атмосфералық болып бөлінеді.

Табиғи суларда олардың өздігінен тазару құбылысы жүреді. Бірақ бұл процесс өте жай жүреді. Өндірістік-тұрмыстық қалдықтар мөлшері салыстырмалы аз болған кезде өзендерде өздігінен тазару құбылысы жеткілікті дәрежеде жүрген болар еді. Бірақ, өкінішке орай, қазіргі таңда ғылыми - техникалық революцияның қарқынды дамуынан судың ластану деңгейінің қарқыны өте жоғарылап отыр. Сол себепті, қалдық суларды тазарту және оларды қайтадан пайдалану қажеттілігі туындап отыр [3].





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет