Биотехнология ғылым ретінде қалыптасуы, оның зерттеу объектісі, мақсаты, міндеттері Биотехнология



бет15/71
Дата26.12.2021
өлшемі235,07 Kb.
#128702
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   71
Байланысты:
Биотехнология сессия
Лекция 10, Конспект лекция
Жасушадағы энергияның айналымы

АТФ. Синтезі.Тыныс алу және жану.Тыныс алу туралы ілімнің негізін орыс ғалымы М.В. Ломоносов (1757) және француз химигі А.Л. Лавуазье (1777) қалады. Олар: «Жану дегеніміз – жанатын дененің ауадағы оттекпен қосылуы» деген болатын. Тыныс алу процесін қысқаша былай бейнелеуге болады:

С6Н12О6 + 6О2 6СО2 + 6Н2О + 2881 кДж/моль. 

Бұл теңдеуден тыныс алу мен жану процестерінің ұқсастығын және тыныс алудың фотосинтезге қарама – қарсы процесс екендігіне көз жеткіземіз.

Энергетикалық тиімділігі жағынан бірдей бола тұрса да, органикалық заттардың жану процесі мен тыныс алудың арасында айтарлықтай айырмашылықтар да бар. Олар:

1. Жану процесі жоғары температурада жүрсе, жасушаның тыныс алуы организмнің қалыпты температурасында жүреді.

2. Жану кезінде энергия жылу түрінде бөлініп шықса, биологиялық тотығуда макроэргиялық фосфорлы қосылыстар түрінде бөлініп, сол қосылыстарда жинақталады (АТФ және НАДФ*Н, ФАД*Н2 және т.б.).

3. Жану кезінде энергия бірден бөлініп шықса, ал биологиялық тотығуларда, ол ұзын тізбекті бірізбен жүретін реакциялардың нәтижесінде біртіндеп (сатылап) аз мөлшерде бөлініп шығады.

4. сулы ортада жану процесі жүрмейді, ал биологиялық тотығуға су өте қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет