Биотехнология ғылым ретінде қалыптасуы, оның зерттеу объектісі, мақсаты, міндеттері Биотехнология


Ересек діңгек жасушалардың негізгі сипаты



бет24/71
Дата26.12.2021
өлшемі235,07 Kb.
#128702
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   71
Байланысты:
Биотехнология сессия
Лекция 10, Конспект лекция
Ересек діңгек жасушалардың негізгі сипаты

Діңгектік жасуша дегенді көпшілігіміз күнделікті естіп жүргеніміз рас. Оны денсаулық, әсемдік, мәңгілік жастық сыйлайтын дәрі – панацея деп те атайды. Жалпы, діңгектік жасуша дегеніміз – адам тіні мен барлық мүшесіндегі жасушалардың құрылуына негіз болатын жасуша. Ол ұрық дамуының бастап¬қы сатысында мол болады, яғни, ұрықтың өз басы бүтіндей ажыратылмаған діңгектік жасушалардан тұрады. Нәресте өмірге келіп, одан ержете бастаған соң оның діңгектік жасушалары он есе азаяды. Ал ересек адамдардың ағзасындағы бұл жасушалар тіпті аз, көбінесе қан құрамы мен сүйек кемік майында ғана кездеседі. Бұл жасушалардың негізгі қасиеті – адамның кез келген ағзасының және тінінің жасушаларының өсіп-дамуына себеп бола алатындығында. Егер ағзаның кез келген жерінде ақау пайда болса, медициналық жолмен енгізілген діңгектік жасушалар зақымдалған жасушаны алмастырады да, оның қызметінің қалыпқа келуіне себеп болады.

Медицинада үлкен адамдардан алынатын діңгектік жасушалар «жетілмейтін» ағзалар деп есептеледі. Өйткені, ол ересек адамның әбден жетілген тінінде кездеседі де, тіпті оны өзгеге ауыстырып салғанда да сол жасуша алынған тінге салу қажет болады. Жалпы, ересек адамдардан алынатын діңгектік жасушалар аз мөлшерде кездеседі. Жоғарыда айтқанымыздай, көбінесе кемік майы мен қан құрамынан алынады. Кемік майынан алынатын діңгектік жасушаны медицинада гемопоэздік жасушалар деп те атайды. Ол әр адамның құрсақтағы кезінен бастап сүйек кемігінде пайда болып, көбейеді. Олардан адам қанының барлық жасушалары: эритроциттер, лимфоциттер, миелоциттер дамиды. Гемопоэздік діңгектік жасушалар көбінесе лейкоз ауруымен ауыратын науқастарға трансплантталады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет