Биотехнология және гендік инженерия келешегі Майлы өсімдіктерді жанар-жағар май көзін алуда пайдалану


Төменде берілген екі мәтінді оқып, тапсырманы орындаңыз



бет13/25
Дата25.12.2023
өлшемі60 Kb.
#199170
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25
Байланысты:
2 5458366089857608822


Төменде берілген екі мәтінді оқып, тапсырманы орындаңыз.

А мәтіні: ғаламтор мақаласынан үзінді
Көне Түркі жазуы (Басқаша Орхон_Енесей жазуы)- V ғ.б.з.б.- Х ғ.б.з. түркі тайпаларының жазуы. Бірінші табылғаны Орхон өзенінің бойында (Екінші түркі қағандығы) және Енисей өзенінің жоғарғы ағысында (Қырғыз қағандығы) кейде руник жазбасы дейді, алман руналарынан жанасым тауып, кейбір нышандар кескіні дәл келіп тұр, дауысты мағынасы да жақын. Азиялық түркі руналары соғды жазуының негізінде VІІІ ғ. Бұрын жасалған деп есептеледі. Оның әліпбиінде 40-қа жуық графема бар.
Орхон ескерткіштерінің тұңғыш тәржімаларын 1894 жылы В.В. Радлов жасаған. Орхон-Енисей жазбалары-көне түркі жазба тарихи-мәдени ескерткіші. Көп уақытқа дейін сыры беймәлім, қай тілде жазылғаны белгісіз болып келген. Орхон-Енисей жазбаларын руналық жазбалар деп атайды.
1893 жылы ғана Даниялық ғалым В.Томсен құпия жазудың кілтін ашады. Руна жазуындағы ең үлкен ескерткіштер Орхон мен Енисей өзендері алқабынан табылғандықтан, жазудың өзінде осылайша атап кетті.
Дәл осы кезде академик В.В. Радлов өз бетінше ізденіп, руна жазуының 15-ке жуық әрпін анықтап алған еді. Арада көп уақыт өтпей В.В. Радлов Орхон өзені бойынан табылған үлкен тастардағы мәтінді толық оқып, аударып шықты. Орхон жазба жәдігерліктерін ұзақ жылдар бойы түбегейлі зерттеген білікті ғұламалар М.Жолдасбеков пен Қ.Сартқожаұлының бірлесіп жазған зерттеуі жарық көрді. Н.Н. Гумилев Орхон жазба ескерткіштерін «Көк түріктердің өздері туралы жазған ескерткіштері» жазған шежіресі деп біледі.
Тасқа жазылған ескерткіштерде негізінен түрік қағанаты, оны билеген қағандар, олардың ерлігі жайында сөз болады. Орхон жазба жәдігерліктерінің ішінде «Күлтегін және Тоныкөк» өзінің идеялық мазмұны, композициялық құрылысы, көркемдік құрылысы, көркемдік бейнелеуі жағынан қазақтың елдік пен ерлікті жырлаған қаҺармандық жырларының алғашқы үлгілері болып табылады.

Ә мәтіні: мақаладан үзінді


Еліміздің латын әліпбиіне көшу ұлтымыз үшін жасалған маңызды қадамдардың бірі. Ұлы дала елінің тарихына көз жүгіртсек, бірінші тұғыры байлық-жер, екіншісі- тіл, үшіншісі- мемлекет және оның тарихы болуы керектігі айқындалады.
Ағартушы-педагог, ғалым А.Байтұрсынұлы айтып кеткендей, «Ұлттың сақталуына да , жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы» деген.
Алаш қайраткерлері де латын әліпбиін жазу-сызуда қолданады. Бұл бізге таңсық дүние емес. Латын әліпбиі әлемде кеңінен қолданылады. Орта ғасырда латын әліпбиі Еуропаға тарады. Қазір латын әліпбиінде 25 әріп бар. Түркияның ғалымы Әбдіуақап Қара өзінің «Латын әліпбиі қазақ тілін еркіндікке шығарады» мақаласында Түркия халқы латынға 1928 жылы өткенімен онда бар-жоғы 29 әріп бар.
Бүгінгі күнге дейін тіл саласының білікті мамандары латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиінің жобаларын жасауда қызу талқылауда ойларын да айта бөлісті.

Тапсырма
Екі мәтіндегі ақпарат пен өз пікіріңізді пайдаланып, «Латын әліпбиіне көшу-заман талабы» тақырыбына эссе жазыңыз. Эсседегі сөз көлемі 170-200 сөз болуы қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет