стратты оқтын-оқтын немесе үздіксіз енгізеді де, қажетті өнімді
үдеріс аяқталғаннан соң бірден жинап алады. Жартылай үздіксіз
үдерісті, жартылай оқтын-оқтын тәсілмен атқарады да, артынан
реактор ішіндегі сүйықтың жартысын қүйып алып, яғни өнімді
жартылай жинап, ыдысқа сондай мөлшерде жаңа қоректік ортаны
күяды да, ферментацияны ақырына дейін жүргізеді. Кейін жүмыс-
ты осы жүйемен кайталап отырады. Бүндай жүмыс тәртібі өндіріс-
тік қондырғыны толық пайдалануға мүмкіндік береді.
Биореакторлар жүмыс тәртібі жағынан ғана емес, (кезендік,
үздіксіз) көлемі алға қойған мақсаты жағынан (зертханалық 3-10,
тәжірибе - өндірістік 30-100 л, одан да көп), өсіру жағдайы бойын-
ша (аэробтық және анаэробтық, мезо- және термофильді, беттік
және тереңцікте өсіру) ерекшеленеді. Өсірілген жасушылардың
биокатализдік қасиеттерін тиімді пайдалану үшін, оларды биоре
актор ішіндегі үстағыштарға орнықтырады (иммобилдейді), ал
қоректік зат оларды жуып өткен сияқты болады, жасушылар үзақ
уақыт ферментативтік белсенділікті көрсетеді. Нәтижесінде жа-
сушалық биомассадан керекті пайдалы өнімді көп мөлшерде боліп
алады.
Достарыңызбен бөлісу: