Биотехнологияға кіріспе. Биотехнология қосалқы ғылым ретінде, оның зерттеу объектісі, мақсаты, міндеттері
Биотехнология (bios - тіршілік; thechne-өнер, шеберлік;logos-ғылым) – тірі ағзалар мен биологиялық үрдістерді өндірісте пайдалану; экономикалық құнды заттарды алу үшін ген және жасуша деңгейінде өзгертілген биологиялық объектілерді құрастыру технологиялары мен пайдалану жөніндегі ғылым және өндіріс саласы.
Биотехнологияның негізгі объектісі – тірі жасушалар, атап айтқанда жануар, өсімдік текті жасушалар және микробтар немесе олардың биологиялық белсенді метаболиттері.
Биотехнология негіздері пәнінің негізгі міндеті адамның түр ретіндегі тарихи дамуы, адам ағзасының физиологиялық және биохимиялық көрсеткіштері, адам денесінің пропорциясының жасқа байланысты өзгерістері, сыртқы орта факторларының адам констатациясының құрылуына әсері және адамның еңбек іс-әрекеті дамуы зерттеуге бағытталған.
Битехнология — биологиялық тірі организмдерді өндірісте технология көмегімен адамзат тіршілігіне қажетті заттарды өндіру туралы ғылым, биология ғылымы тіршіліктін барлық нысандарын жан-жакты, кең ауқымды зерттейді, яғни ол тірі ағзалардың және олардың табиғи қауымдастықтарынын құрылысын, функциясын таралуын, шығу тегін, дамуын, олардың бір-бірімен және тірі ағзалармен өлі дүние арасындағы күрделі байланыстарды зерттейді.
Биологиялық зандылықтарды білу табиғатты қорғау, оны үнемді пайдалану, ластанудан сақтау және табиғатпен ғылыми негізде қарым-қатынас жасау үшін қажет.
Биотехнология негіздерін оқу студенттерге тірі организмдер мен биологиялық процесстерді өнеркәсіптік өндірісте қолдануды үйретеді.
Биотехнология негіздері мәселесі бойынша студенттердің теориялық және практикалық дайындығының мақсаты, еңбек ету кезінде адам денсаулығына биологиялық, химиялық, физикалық және психофизикалық факторлардың әсерін оқып үйрену сонымен қатар экологиялық және өндірістік мәселелер бойынша осы пәннен алған білімдерін қолдануға дайындайды.
Қоршаған ортаның экологиялық мәселелерін шешу үшін биология және биотехнология пәндері бойынша қажетті теориялық білімдерін меңгеру.
Жоғарыда айтылған мақсатқа жету үшін студентке қажет:
жер бетіндегі тіршіліктің дамуының негізгі түсініктері мен заңдылықтарын игеру;
тірі табиғаттың негізгі құрылымы мен қасиеті туралы білу;
биологиялық жүйенің ішкі, өзара және жансыз табиғат арасындағы байланысты бағалауды үйрену;
биотехнологияның экологиялық, қоршаған ортаны қорғау, еңбек гигиенасында маңызды проблемаларды шешуде қолдануының маңызы мен жолдарын үйрену.
Биотехнология биология мен техника арасындағы шекаралық ғылыми пән және практика сферасы, адамның өзін қоршаған табиғи ортасын өз қажеттігіне байланысты өзгерту әдістері мен жолдарын зерттейді. Биотехнология негіздері пәнінің негізгі міндеті. Биотехнология пән аралық ғылым, оның зерттеу объектісі, қызметі, мақсаты, басқа ғылымдармен байланысы. Биотехнологияның дамуына қысқаша тарихи тоқталу. Негізгі бағыты, биотехнология негізінде дамитын негізгі бағыттар және оның көмегімен алынатын өнімдер. Биотехнологияның даму болашағы биотехнологияның негізгі бағыттары: биоэнергетика, қоршаған ортаның ластануына бақылау, биогеотехнология, ауыл шаруашылығындағы биотехнология, биоэлектроника, мұнай өнеркәсібіндегі биотехнология, медицинада, тағам өнеркәсібінде.