Биотехнологиядағы үрдістің жалпы схемасы Гендік инженерия Соңғы жылдары молекулалық биология мен генетика ғылымдарының жетістіктеріне байланысты гендік инжерения ғылымы пайда болды.
Гендік инженериядабір организм геномынан қажетті генді бөліп алып оны басқа организмнің геномына енгізу әдісі қолданылады.Гендік инженерия организмдердің жаксы қасиеттерін сақтап қалумен қатар оған сапалы қасиет бере алады.
"Инженерия"термині құрастыру деген мағынаны білдіреді.
Гендік инженерияның мақсаты — алдын ала белгіленген үлгіге сәйкес генотипі жағынан жақсарған организмдер алу.Алғаш рет гендік инженерияның тәсілдерін пайдаланып инсулин алды.Инсулин гормоны адамның ұйқы безінде жасалынады. Егер инсулиннің түзілуі бұзылатын болса, адам диабет ауруына шалдығады.
Қазір дүние жүзінде 60 млн-нан астам адам диабетпен ауырады.Осы уақытқа дейін инсулин гормонын сиыр мен шошқаның ұйкы безінен алатын. Ал инсулинге тәуелді адамдардың саны жылдан-жылға арта түсуде. Осы себептерге орай адамның инсулин генін бактерияға гендік инженерия әдісімен көшіру керек болды.Өндірісте инсулинді ішек таяқшасы бактериясынан синтездейді. Сонда көлемі 1000 л бактерия себіндісінен 200 г ға дейін инсулин өндіруге болады екен. Бұрынғы әдіс бойынша өсу гормонының мұндай мөлшерін өндіру үшін сиырдың немесе шошқаның 1600 кг ұйқы безі қажет болар еді.Инсулиннен кейін гендік инженериялық әдіспен самотропин деп аталатын өсу гормонын бактерияларда синтездеу қолға алынды. Самотропин ірі қара малдардың сүтінің артуына қой мен шошканың еттілігінің жақсаруына әсер ететіні анықталды.
Жасушалық инженериягибридизация,реконструкция және қолдан өсіру негізінде жасушалардың жаңа түрлерін алу әдісінде қолданылады.
Жасушалық инженерия жоғары сатыдағы организмдердің, өсімдіктер мен жануарлардың жекежасушаларын және ұлпаларын жасанды көректік орта жағдайында өсіру.Жасушалық инженерия әдісі арқылы бір жасушаның ядросын екінші жасушаға көшіру және ядросыз жасушаларды өсіріп алуға болады.Жасаңды көректік ортада, яғни "in vitro" (жасанды) жағдайында жануарлардың (ит пен мысықтың, тышқанмен адамның) гибридтік жасушасын алған.