АСҚАЗАН және ҰЛТАБАРДЫҢ ОЙЫҚ ЖАРАЛЫ АУРУ
Бір дұрыс жауапты дөңгелекпен қоршаңыз.
1 - ВАРИАНТ
1. Асқазан ойық жарасының ең жиі кездесетін себебі :
а) Кох бациласы д) Helicobacter pylory
в) вирус е) стафилококк
с) белгісіз
2. Асқазан ойық жарасының асқынуларына біреуінен басқа жатады …
а) қан кету д) пенетрация
в) гипогликемиялық кома е) асқазан рагі
с) перфорация
3. Асқазанды рентгенологиялық тексеруге науқасты дайындау :
а) кешке жеңіл тамақтану және ертесіне аш қарынға
в) 1 күн бұрын газ шығаратын түтікшені 2 сағатқа қою
с) кешке тазарту клизма жасау
д) таңертең тазарту клизма жасау
е) кешке және таңертең 2 сағ бұрын тазарту клизмасын жасау
4. 12 – елі ішектің жарасы қай жаста жиі кездеседі …
а) жас өспірім кезде с) жасы ұлғайғанда
в) жастық кезеңде д) қарттық кезеңде
е) нәрестелерде
5. Қозу кезеңіндегі 12 – елі ішектің жарасының негізгі симптомы :
а) астан кейін сәл уақыттан соң асқазаны ауырады
в) аш қарынға ауырады
с) жүрегі лоқсып құсқысы келеді
д) кекіріп ауа шығарады
е) диарея
6. 12-елі ішектің ойық жарасына тән клиникалық белгілері :
а) эпигастрий аумағы белді айналып ауырады
в) эпигастрий аумағы 30-40 мин соң тамақтан кейін ауырады
с) эпигастрий аумағы 1,5-2 сағ соң тамақтан кейін ауырады
д) түнде және аш қарынға ауырады
е) ауырсыну пайда болуы тамаққа байланыс емес
7. «Кофе қоюы» тәріздес құсық қанның қай жерден кеткенін көрсетеді :
а) асқазаннан д) өкпеден
в) аш ішектен е) тік ішектен
с) сигма тәрізді ішектен
8. Қан кетудің жалпы белгілерінің ішінде асқазаннан қан кетудің өзіне
тән белгісі :
а) әлсіздік
в) басы айналады
с) жіп тәріздес тамыр соғысы
д) «кофе қоюы» тәріздес құсық
е) талып қала береді
9. Қан кеткеннен кейінгі 2 күн мынадай диетаны ұстану қажет :
а) аштық диета в) .№1 с) № 5 д) № 7 е) № 9
10. Асқазан жарасының перфорациясындағы ауырсыну :
а) тұрақты ауырады
в) сыздап ауырады
с) ауырсыну әр кезде пайда болады
д) пышақ сұққандай болып ауырады
е) ауырмайды
11. Асқазанның қалтқысының стенозы қай кезде болады ?
а) гастрите
в) асқазандағы ойық жарада
с) холециститте
д) гастродуодените
е) эзофагите
12. Сөл бөлуді нейтралдайтын препараттарды белгілеңіз ?
а) антацидтер
в) миотроптық спазмолитиктер
с) витаминдер
д) гормондар
е) коронаролитиктер
13. Н2 -блокаторларға не жатады ?
а) ранитидин с) атропин
в) интал д) алмагель е) маалокс
14. Ранитидинді қай кезде ішу керек ?
а) таңертең в) түсте
с) кешке д) түнде е) мезгілсіз
15. Қай тексеру әдісі 12 – елі ішектің жарасының диагностикасында
маңызды мәлімет береді ?
а) асқазан сөлін тексеру
в) фиброгастродуоденоскопия
с) асқазанның рентгеноскопиясы
д) ультрадыбыстық тексеру әдісі
е) колоноскопия
Достарыңызбен бөлісу: |