Сондай-ақ барлық кітапханада «Мәңгілік қазақ, мәрт ақын» поэзия күндері өтті. Шара барысында оқырмандарға ақынның өмірі мен шығармалары туралы мағлұмат беріліп, оның ерлік туралы, отанға деген сүйіспеншілік, туған жер мен елге деген сағынышқа толы өлеңдері, лирикалық жырлары туралы баяндалды.
Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының “Бір ел-бір –кітап” акциясы шеңберінде , ақын Жұбан Молдағалиевтің шығармашылығы жайында “Жасдәурен балалар кешенінің тәрбиеленушілерімен кітапхана қабырғасында және Облыстық отбасы үлгісіндегі балалар аулында оздырылды. Шаралар ақынның сөзіне жазылған жасөспірімдердің сүйікті рэп-әншісі Ерболат Құдайбергеновтың “Мен қазақпын” атты рухты музыкалық әнімен ашылды. Шара Балалардың құқықтарын қорғау департаментімен бірлесе ұйымдастырылды. .
Бір ұлттың атынан әнұранға пара-пар поэма жазған,ең алдымен ақындығымен, азаматтығымен,қайсарлағымен талайды тәнті еткен біздің өлкеміздің мақтанышы жерлес ақынымыз Ж.Молдағалиевтің шығармаларын насихаттауға арналған іс-шаралар одан әрі қыркүйек айында жалғасатын болады..
Ж.Молдағалиев атындағы облыстық кітапхана 21 қыркүйек күні Батыс құраманың 5515 бөлімшесі сарбаздарымен «Бір ел-бір кітап акциясы, ҚР халықтары тілдері мерекесі және ақын, қайраткер, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері Ж.Молдағалиевтың туғанына 90 жыл толуына орай еске алу шаралар аясында «Қазақ тілі мен сен үшін мақтанам» тақырыбында шара өткізді.
Шарада сөз алған Ж.Молдағалиев атындағы кітапхана директорының орынбасары Сара Көшәліқызы кітап оқудың мәртебесін көтеру мақсатында жыл сайын республика көлемінде «Бір ел-бір кітап» акциясы ұйымдастырылып келе жатқандығын айта келіп, алғашқы үш жылда Абайдың «Қара сөздері», М. Әуезовтың «Қилы заманы», М. Жұмабаевтың лирикалық жырлары насихатталса, биыл қазақтың ақиық ақыны, жерлесіміз Ж. Молдағалиевтің «Мен қазақпын» поэмасы насихатталып жатқандығына тоқталды
Шараға ақынның замандастарының бірі, запастағы офицер, көп жылдар Алматы қаласында тұрған, Қазақстанның ағарту ісінің үздігі Социал Пұсырманов қатысып, Жұбан Молдағалиевтың шығармашылығы туралы әңгімеледі.
Сарбаздар «Қан басқан қағаз», «Қазақ тілі» өлеңдері мен «Мен-қазақпын» поэмасынан үзінді оқыды. Шараны Батыс құраманың идеологиялық қызметкері Ш.Меңдіғалиев қортындылады. Облыстық кітапхананың ұйымдастыруымен 23 қырқүйек күні Орал газ,мұнай және салалық технологиялар колледжінде «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында ақын Жұбан Молдағалиевтың «Мен-қазақпын» поэмасын оқуға байланысты кеш ұйымдастырылды. Кеште «Мен-қазақпын» поэмасы оқылып, ақын сөзіне жазылған композиторлардың әндерін колледж студенттері қатысты
Қазақстан журналистер Одағының мүшесі,байырғы журналист Базарғали Қуатов ақынның өмірі, шығармашылығы, кездескен сәттері туралы ойларын студенттерге айтты.
2010 жылдың 24 қырқүйек күні Акция аясындағы шара қаладағы Қазақ-түрік лицейінде жалғасты. Кешті лицей директорының орынбасары Кенжалиева Ботакөз Сағындыққызы құттықтау сөз сөйлеп алғысын білдірді .Поэзия кешінде Гарифуллин Алишер «Ана туралы баллада»,Зайтлесов Аслан «Хатшыға хат», Сансызбаев Жандос «Жағаңда тұрмын Жайығым», Қабылсихов Ерлан «Білем білген бір қазақты» өлеңдерін және басқа да лицей оқушылары «Мен-қазақпын» поэмасынан үзінділерді жатқа оқыды.
28 қыркүйек күні №34 қазақ гимназиясының акт залында Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасымен бірлесіп мектептің кітапхана қызметкерлері ақын Ж.Молдағалиевтің туғанына 90 жыл толуына орай және «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында кеш оздырылды. Бұл кеште ақынның «Сенемін адамға», «Түсімде көрдім анажан», «Тайпақ деген жерім бар», «Мен қазақпын» атты өлеңдерімен мен поэмалары оқылды.
Мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Бердіғалиева Раухан Жылқыбайқызы ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы оқушыларға таныстырып өтті.Ақын А.Бақтыгерееваның «Ерлікті көзбен көрген күн»атты өлеңін 7-сынып оқушылары Құлманов Ұлағат пен Құрмашев Арман оқыды. Бұл кеште облыстық кітапхана қызметкерлерінің күшімен ақынға арналған кітап көрмесі мен слайд ұйымдастырылды.
Ж.Молдағалиев атындағы облыстық кітапханада 1 қазан күні өткізілген республикалық «Бір ел –бір кітап» акциясын қортындылау және Алаштың ақыны Жұбан Молдағалиевтің туғанына 90 жыл толуына байланысты еске алу шаралары аясында ақын ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен басталған мерекелік шараларға қатысушылар кітапханадағы «Жыры - інжу, рухы - биік Жүбан ақын» атты кітап көрмесін аралап, сондағы рухани жәдігерлермен танысты.
«Жұбан залының» ашылуын тамашалады. Залдың лентасын ақынның жары София Мәлікқызы мен қала әкімі Самиғолла Хамзаұлы қиды. «Ақын мәртебесі-ел мерейі» атты ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына ақынның жары София Мәлікқызы балалары Қуандық-Сағадат, және Азамат-Айгүл облыс әкімінің орынбасары Серік Кенжебекұлы Сүлеймен, Қазақстан Республикасы кітапханалар ассоциациясының төрайымы, тарих ғылымының кандидаты Роза Аманғалиқызы Бердіғалиева, Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының қызметкерлері, ақын, Қазақстан Жазушылар одағы Батыс Қазақстан облыстық бөлімшесінің төрайымы Ақұштап Бақтыгереева, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғалымдары Серікқали Ғабдешұлы Шарабасов, Азамат Ыбырайұлы Мамыров, Рита Бекжанқызы Сұлтанғалиева, Жәңгірхан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ғалымдары Тлекжан Хасенұлы Рысқалиев, Абат Сатыбалдыұлы Қыдыршаев, Жұбан ағамыздың замандастары республикалық дәрежедегі зейнеткер, Ұлы Отан соғысының ардагері, облыс әкімінің кеңесшісі Бисен Жұмағалиев, өлкетанушы, Жұбан Молдағалиев туралы жақында жарыққа шыққан «Жұбан: Мен-қазақпын, биікпін, ерікті ұлмын» кітабының авторы Жайсаң Ақбай және басқада ел ағалары, облыс, қала мекемелерінің басшылары, ақын-жазушылар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушілері, аудандық кітапхана директорлары, жоғары және арнаулы оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, қала орталығындағы кітапхана қызметкерлері қатысты «Ақын мәртебесі-ел мерейі» тақырыбындағы конференцияны облыстық мәдениет басқармасының бастығы Айдар Батырханов ашты.
Сонан соң облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлеймен қүттықтау сез сөйлеп, жерлес ақын мерейтойының Ақ Жайықтың рухани-мәдени өміріндегі айрықша маңызын атап өтті. М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың профессоры Серікқали Шарабасов «Адамзаттың Жұбаны - ұлттық рухтың жыршысы» атты баяндамасында ақын өлеңдеріне терең талдау жасады. Ғалым-оқытушымен бірге сол жоғары оқу орнының студенттері де ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып берді. Ал Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың профессоры, философия ғылымдарының докторы Тілекжан Рысқалиев ақын өлеңдерінің пәлсапалық астарына көңіл аударды. Жерлес ақың Қазақстан Жазушылар одағы облыстық бөлімшесінің төрайымы Ақұштап Бақтыгерееваның «Жұбан жырларындағы әйел-ана бейнесі» атты баяндамасы қағазға шұқшиып оқымағандықтаң баяндамадан гөрі жүрек тебіренісіне көбірек ұқсады.
- Жұбан ағамыз, - деді ол шын мағынасындағы ұлтшыл еді. Өле-өлгенше сонысы айнымай кетті. Соңынан қалған біз әлі күнге дейін ұлтшыл бола алмай келеміз. «Ұлтшыл» деген сөзден қорқамыз ба, қалай өзі ?! Оның сонау жылдары « Мен-қазақпын!» деп айдай әлемге жар салуының өзі төтен ерлік. | Меніңше, оның есімі «Xалық Қаһарманына» әбден лайық. Бұл - енді келешек ұрпақтыі еншісіне тиер іс. Жұбан атындағы ауыд мектеп тек Ақ Жайық өңірінде емес, Астана мен Алматыда да жарқырап тұруы тиіс.
«Оқитын ел-озық ел» тақырыбында баяндама жасаған Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының ғылыми –талдау Орталығының жетекшісі Маржан Валиулина баяндама жасап, «Бір ел-бір кітап» акциясының маңыздылығына, Жұбан ағамыздың «Мен-қазақпын» поэмасын ел болып оқуға таңдалуының мәніне тереңірек тоқталды.
Конференцияда сондай-ақ өзге де баяндамалар тыңдалды Бұдан басқа жиын барысында ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты түрлі суреттерден слайд көрсетілді. Конференция жұмысы «Жұбантану-өркениеттің шыңы» тақырыбындағы секциялық отырыспен жалғасты. Секцияда кітап оқу проблемасы мен жұбан шығармашылығының зерттелуі туралы ҚР Ұлттық академиялық кітапхана қызметкерлері Б.Қарақыз, М.Валиулина, ҚР кітапханалар қауымдастығының төрайымы Р.А.Бердіғалиева, М.Өтемісов атындағы БҚМУ-нің магистрант-оқытушысы А.Ахметұлы, Жұбанның замандасы С.Пұсырманов, Ақжайық, Шыңғырлау аудандық кітапханаларының директорлары Р.Мусағалиева мен Г.Қуанаевалар өз пікірлерін білдірді. Конференция жұмысының қортындысы бойынша арнайы шешім қабылданды. Конференцияны және «Бір ел-бір кітап» акциясын ұйымдастырудағы белсенділіктері ұшін бір топ облыс кітапханашылары ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен ҚР кітапханалар қауымдастығының Алғыс хаттарымен марапатталды.
Шара Жұбан Молдағалиевтің туған күні қарсаңындағы дәстүрлі «Жұбан оқулары» байқауымен аяқталды.
Киелі Ақжайық топырағынан нәр алып, қияға қанат қаққан, поэзия әлемінің биік шыңдарын бағындырған, өр дауысты, айбынды ақын, аяулы жерлесіміз Жұбан Молдағалиевтің ұрпағына қалдырған мол мұрасын оқырмандар арасында кеңінен насихаттау мақсатында 2001 жылдан бастап, ақынның кітапханаға есімі берілгелі бері, жыл сайын ақынның туған күніне орай дәстүрлі “Жұбан оқулары” байқауы Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық кітапхананың ұйымдастыруымен өткізіліп келеді. «Жұбан оқулары» биыл 10-шы рет өткізіліп отыр.
Жұбан жырларын осы 10 жыл ішінде 500-ге тарта еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін оқып, осы шараның қатысушылары болды. Осы оқу отбасы мүшелерінен бастап өзге ұлт өкілдері арасында да өткізілді.
Биылғы байқау облыстық деңгейде болғандықтан бұрынғы байқаудан өзгешелеу болды, яғни ақынның өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқумен қатар, оның өмірі мен шығармашылығын кейінгі жас ұрпақ тереңірек білсе деген талапта қойылды Сонымен қатар ел болып оқуға таңдалған «Мен-қазақпын» поэмасын жатқа білуде бүгінгі талапкерге қойылып отырған шарттың бірі болса, ақындардың Жұбан рухына арналған өлеңдерін білуі де бүгінгі байқаудың талабы. Байқау мынандай шарттардан тұрды
|