2-бөлім . Араласу ,бақылау және кері байланыс ұсыну .
Жалпы, бағдарлама идеясын таныстыру мақсатында «Курсалды тапсырмалар» кітабын оқып шығуын ұсындым. Оқып болғаннан кейін оның өзгеруге бел буғанын білдім,егер сіз үйретуден жалықпасаңыз мен үйренемін деді .Мен тәлім алушыма бағдарламадағы әр модульге тоқтала отырып түсіндіру жұмысын жүргізіп ,оған менің тізбектелген төрт сабағыма қатысуына ұсыныс жасадым. Сол өтілген сабақтан соң осы әдіс-тәсілдерді пайдаланып ,оның сабағына бірлесе отырып, жоспар құрдық.Оның сыныбы төртінші сынып болғандықтан ,математика пәніндегі кейбір күрделі есептерді оқушыларға тиімді тәсілмен қалай түсіндіру керектігінде қиналатындығын айтып, әдістемелік кеңес сұрады. Сондықтан оның математика сабағына критерий бойынша бағалау,жұптық жұмыс,топта талқылау,сұрақ-жауап әдістерін пайдалана отырып күнтізбелік жоспарға сай сабақ жоспарын құрдық.Үй тапсырмасын тексеруде мен тәлім алушыма сол дәстүрлі дәптер жинаудан гөрі, жұпта бірін-бірі бағалау әдісін ұсындым. Берілген критерийлер бойынша оқушылар бірін –бірі бағалады. Оқушылардың жанарынан бір куаныш, жаупкершілік сезім байқалды,ал кейбір балалар «бағаны біз қоямыз ба?» дегендей абдырап қалды.Дегенмен , кейбір оқушылар оларға үлкен сенім артылып отырғанын сезініп, жақсы орындады, ал үй тапсырмасын орындамай келген, нұсқауды дұрыс түсінбеген оқушылар сабақ барысында кейбір қиындықтар туғызды.Топқа бөлінуде де кейбір оқушылар абдырап, қай топқа баратынын түсінбей, шатасты, алайда сабақта бір ілгері жылжу, бар сияқты баяғы бірсарындылық сейіле бастағаны көрінді. Бастауыш сынып оқушылары болғандықтан сабақтағы жаңа іс-әрекет оқушылардың бойынан бір белсенділік ,жаңа серпіліс көрінгендей болды.Осындай тәртіппен тәлім алушының үш сабағын (матем.,дүниетану,қазақ тілі) жоспарлап бақыладым. Дүниетану сабағы да өмірмен байланысты тақырып болған соң ба?,топта талқылау, топта қорғау кезінде оқушылар бар ықыласымен қатысты
Сабақта пайдаланған әдіс-тәсілдердің қаншалықты тиімді тиімді екеніне көңіл аудардым. Бақылау нәтижесінде:
-сыныпта іс-әрекет болып жатқанын
-оқушылардың тапсырманы қызыға орындауын
-кейбір тұйық оқушылардың реттеле бастағанын
-тобы үшін құлшынған балаларды байқадым.
Дегенмен,топқа бөлуде,топ мүшелері орнын таппай біраз уақыт кетіп қалды балалар шулап кетті. Осы кезде нұсқау нақтырақ беріліп,балаларға алдын ала ескерткен жөн болар еді ойладым.
Әр сабақтан соң тәлім алушымен ауызша кері байланыс жүргізіп жіберілген қателерді талдап,қайта жоспарлап отырдық.
Соңғы сабақтан кейін өз тәлім алушыма жазбаша түрде кері байланыс ұсынып ,сұрақтарға жауапты жазбаша түрде алдым.
Достарыңызбен бөлісу: |