ҚР СТ 988-2007 - ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТУДЫҢ
- АВТОРЫ КІМ?
- Республикаға еңбегі сіңген қайраткер,
- Еліміздегі дизайн өнерінің негізін қалаушылардың бірі,
- белгілі суретші, «Парасат» мен «Құрмет» ордендерінің, «Астана», «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан конститутциясына 10 жыл» медалдардың
- және т.б мемлекеттік марапаттарының иегері
- Шакен Оңласынұлы
- НИЯЗБЕКОВ
- (1938-2014 жж.)
- 2014 жылы 76 жасында тамыздың 15-нен 16-сы қараған түнде 76 жасында өмірден өтті.
- Геральдика қағидаттарына сәйкес, күн байлық пен молшылықты, өмірді және күш-қуатты бейнелейді. Қазақстанның мемлекеттік атрибутикасында күннің бейнеленуі еліміздің жалпыадамзаттық құндылықтарды қастерлейтінін дәлелдейді және жас мемлекеттің жасампаздық күш-қуатын, серіктестік пен ынтымақтастық үшін әлемнің барлық еліне ашық екенін айғақтайды.
- Қыран (бүркіт) бейнесі – көптеген халықтардың елтаңбалары мен туларында ерте кезден бері қолданылып келе жатқан басты геральдикалық атрибуттардың бірі. Алтын бүркіт кескіні жас егемен мемлекеттің әлемдік өркениет биігіне деген ұмылысын көрсетеді.
- Тудың сабын жағалай салынған ұлттық өрнектер Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрін символдық тұрғыда бейнелейді.
- Мемлекеттік тудың сабының тұсына тігінен ұзына бойына кескінделген ұлттық өрнектер – оның маңызды элементі.
- АЛҒАШҚЫ ҚАБЫЛДАНҒАН МЕМЛЕКЕТТІК ТУДЫҢ ОЮ-ӨРНЕГІ ҚАНДАЙ БОЛҒАН?
- Алғашқы қабылданып, бекітілген Мемлекеттің Туында үш түсті болған. Көк, сары және қызыл түстері. Қызыл түстен арнайы қызғалдақ гүлінен ою-өрнек жасалады. Бірақ, тудың авторы Ш.Ниязбековтің естелігенен жазғандай, Елбасына қабылданған қызыл түсті ою-өрнек көк пен сарыға сәйкес келмейтіндігінен қызыл түсті сары алтын түске және өрнекті қошқар мүйізге өзгертуін ұсынысын жасады. Кейін желтоқсан айында ғана мемлекеттік Тудың өзгерген жаңа элементтерімен жасақталып, бекітілген болатын.
- Автордың мәліметінше, қызыл түсті пайдалаған себебі, өткен кеңестік заманның бір естелігі ретінде қызыл түсті пайдаланған.
|