Біріктірілген сыныптарда біртақырыптық сабақтарды ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері
Қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге сәйкес білім беру мақсаты мен міндеттері оқушыларды әлемдік даму деңгейіне сәйкес келетін белгілі бір біліммен қаруландыруды көздейді. Осы орайда шағын жинақты мектеп мұғалімдері оқушылардың жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып, оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерінің бар мүмкіндіктерін қарастыру қажет. Ол үшін бір сабақтың үстінде мұғалім әртүрлі жастағы, ой өрісі мен білім дәрежесі әртүрлі оқушылармен жұмыс жүргізеді, сондықтан ол балалардың психологиясын жақсы білуі тиіс. Оқытудың әдіс-тәсілдері көп болғандықтан, шағын жинақты мектепте қолдануға болатын бірқатар әдістерге сипаттама берілді.
Қазіргі қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту және ақпараттық қоғамға бейімдеу. Осы орайда логикалық-құрылымдық әдіс оқытудың тұтас жүйесін жобалай отырып, алға қойған мақсатқа жетуді көздейтін педагогикалық процесс құруды, мұғалімге нәтижені талдап, түсіндіріп бере алатындай жүйе таңдап, құруды және оқушылармен жұмыс істеуде кездесетін қиындықтардың алдын алып, түзеу жұмыстарының жүйесін жасауды көздейді Бұл әдістің негізін академик В.М.Монаховтың технологиясы құрайды. Әдістегі негізгі объект – тақырыптық-дидактикалық модуль. Мұнда әр пакеттің өзінше қамтитын нақты мәселелері болады [2, 3]. Логикалық-құрылымдық әдіс оқытушының бір оқу жылында пайдаланатын әдістемелерді жоспарлауына көмектесіп, төмендегідей кезеңдер жүзеге асырылады:
1-кезең – нақты технологияға көзқарас жүйесін (тұжырымдаманы), оның мағлұмат түрлері мен нақты дидактикалық модуль шеңберіндегі технологиялық процестің соңғы қорытындысын өз құрамында сақтайтын «оқытудың жаңа әдісін теориялық тұрғыдан негіздеу» деп аталатын құжаттар жинағын (пакетті) зерттеп, дайындау;
2-кезең – «берілген дидактикалық модуль шеңберіндегі технологиялық атқару тәртібі» деп аталатын құжаттар жинағын дайындау;
3-кезең – берілген дидактикалық модульге сай «мұғалімнің әдістемелік жабдықтары» атты құжаттар жинағын дайындау;
4-кезең – берілген дидактикалық модульге сай «технологиялық жұмыс мақсатын іске асырудың қорытындыларын өлшеу әдістемесі мен белгілері» деген құжаттар жинағын дайындау;
5-кезең – «оқытудың жаңа әдіс-тәсілін меңгеру мәдениеті» атты құжаттар жинағын дайындау [4]. Логикалық-құрылымдық әдісті аз уақыт ішінде меңгеру мүмкін емес, ол мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне, әдістемелік білім деңгейі мен істәжірибесін жүйелі қолдануына байланысты. Белгілі бір дидактикалық модуль 14 бойынша оқытуды бірнеше рет қайталаған жағдайда ғана мұғалімнің әдістемелік тұрғыдан жетілуіне мүмкіндік туып, пәнді оқушыларға саналы меңгертуді жүзеге асыруға болады.
Оқытудың әдістері, формалары және құралдарының пәнішілік интеграциясы лексикалық, практикалық және семинар сабақтарын жаңа деңгейде ұйымдастыруды қамтамасыз етеді, ол үшін мына мәселелер іске асырылуы қажет: - жеке тапсырмаларды құру және қарым-қатынас формаларын таңдап алуда тұлғалық сапаларды есепке ала отырып, оқушылардың танымдық іс-әрекетінің ұжымдық формаларын кеңінен пайдалану; - ұжымдық және жеке оқу іс-әрекетін басқаруды ұйымдастыру үшін оқушыларда сәйкес дағдыларды қалыптастыру; - интерактивті, проблемалық оқытудың әртүрлі формалары мен элементтерін қолдану, қазіргі аудиовизуальды құралдарды, оқытудың техникалық, ақпараттық құралдарын қолдану; - мұғалімнің кәсіби даярлық мазмұнын жетілдіру.
Интеграциялық әдіс-тәсілдерді пайдалану болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің даярлығын жетілдіруге игі әсерін тигізеді. Ойын әдісі белсенді тұлғааралық қарым-қатынас арқылы өзін-өзі анықтау үшін өте қажет. Әрбір пәнді оқыту барысында ойындарды пайдалану мұғалімдерге өздерінің іскерлік сапалары мен тұлғалық қасиеттерін жақсы түсінуге мүмкіндік береді, себебі ойын арқылы өзара іс-әрекетке түсу кезінде олар әртүрлі келісімдерді, қатынастарды талқылайды, іскерлік құжаттарға қол қояды, келіссөздер мен кеңестер, мәжілістер мен конференциялар жүргізеді, т.с.с. Ойын әдісі оқу процесін белсендіру және жетілдіру құралы ретінде мына жағдайларда қолданылады: - оқу пәнінің ұғымдарын, тақырыптарын және тұтас бөлімін меңгеру үшін дербес технология ретінде; - жалпы технологияның бір бөлігі ретінде; - сабақ немесе оның бір бөлігі ретінде; - сабақтан тыс жұмыста дербес технология ретінде. Ойын әдісі педагогикалық процесті педагогикалық ойындар түрінде ұйымдастыру әдіс-тәсілдерінің тобын құрайды. Педагогикалық ойындардың басқа ойындардан айырмашылығы – онда нақты оқыту мақсаты қойылып, соған сәйкес педагогикалық нәтиже болады және олар нақты түрде негізделіп, бөлініп көрсетіледі де, оқу-танымдық бағыттылығымен сипатталады [5; 6; 7].
Сыныпта оқушылар санының аз болуы «психологиялық бірсарындылыққа» әкеледі, ал бұл өз кезегінде оқушылардың оқуға деген қызығушылығын төмендетіп, олардың енжарлығын тудырады. Мұндай бірсарындылықтан қашу үшін мұғалім шағын топтар жұмысында ойын және тренинг әдістерін қолданады. Тренинг әдісі қарым-қатынас жасау барысында мұғалімнің тұлғааралық және кәсіби мінез-құлқын жетілдіруді көздейді. Бұл технология 15 ынтымақтастықта оқытуға бағытталып, «жай ғана бір нәрселерді бірге орындап қана қоймай, бірге оқу» идеясын да іске асырады. Мұнда оқып-үйренетін тақырып (проблема) бойынша жұмыс істеу барысында әр топ (команда) мүшесінің басқа топ мүшелерімен үнемі өзара әрекет жасау арқылы өздігінше жұмыс істеуінің нәтижесінде қол жеткізген белгілі бір «топтық мақсатқа» және барлық топтың жетістігіне ерекше көңіл аударылады [8]. Тренингтің негізгі талаптары: - топта кез келген басқа серіктестермен өзара әрекетте болу; - берілген тапсырмаға жауапкершілікпен қарап, белсенді жұмыс істеу; - серіктестерімен сыйлы қатынаста болу; - өз жетістіктеріне қарап, барлық серіктестерінің, топтық жетістіктеріне жауапкершілікті сезіну; - топта бірлесіп жұмыс істеу – бұл күрделі және өте жауапкершілікті еңбек екенін толығымен саналы мойындау. Тренинг технологиясын пайдалануда оның ерекшеліктерін білу қажет: - топ мүшелерінің бір-біріне өзара тәуелділігі; - әрбір топ мүшесінің және жолдастарының жетістіктері үшін жеке жауапкершілігінің болуы; - бірлескен оқу-танымдық, шығармашылық және топтағы басқа да жұмыс түрлерінің болуы: - топтағы оқушылардың іс-әрекетін әлеументтендіру; - топ жұмысын жалпы бағалау.
Осы ерекшеліктеріне байланысты тренинг технологиялары үш негізгі принципке сүйенеді: - барлығына ортақ марапат, яғни топ бірлесіп әрекет етуі нәтижесінде барлығына ортақ бір бағаға ие бола алады; - әрбір топ мүшесінің жеке жауапкершілігі, яғни топтың жетістіктерге ие болуы немесе болмауы оның әрбір мүшесіне байланысты; - жетістікке жетуде әрбір топ мүшесінің бірдей мүмкіндіктері, яғни әрбір топ мүшесінің өз тобына ұпай әперу мүмкіндігі бар. Жалпы, тренинг интерактивті оқыту әдісіне жатады, оның бастауыш сынып мұғалімдерінің ғылыми ойлау стильдерінің қалыптасуына, қарым-қатынас жасау біліктерін дамытуға, тілдік қорын байытуға, ой-өрісін кеңейтуге әсері мол. Тренинг барысында «әр адамның өз пікірі бар, әркімнің идеясы қашан да «дұрыс» қағидасына сүйеніп, оқушылардың шығармашылықпен, өздігінше жұмыс істеуіне мүмкіндік беріледі. Мұның өзі оқушылардың пікірлерін еркін айтуға және танымдық белсенділіктерін арттыруға септігін тигізеді. Аталған жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдердің басқа келешегі мол «кейсстади» (нақты оқу жағдаяттарын пайдалану арқылы оқыту), рефлексия (өзін-өзі тану, өзіне-өзі баға беру әдісі және оқушылардың оқу материалын белсенді қабылдауын қамтамасыз ететін педагогикалық технология), жобалау әдістерін қолдану арқылы оқыту технологияларын ерекше атап өтуге болады [8].
«Кейс стади» әдісін іске асыру мынадай кезеңдерді қамтиды: 16
1-кезең. Жағдаят жазылған мәтінді оқи отырып, оқушы өздігінше проблеманың мәнін түсінуге, жағдаятты бағалау үшін өз ұстанымын анықтауға, сұрақтарға жауап ойластыруға және проблеманы шешудің нақты жолдарын табуға тырысу керек.
2-кезең. Шағын топта жұмыс істеу. Оқушылар шағын топтарда (4-6 адам) кейстің негізін құрайтын проблемалар шеңберінде пікір алмасады, диалогтік қарым-қатынас және консенсус әдістері арқылы проблеманы бірлесіп шешеді. Бұл кезеңде «брейнсторминг» (ми шабулы), диалог және полилог, дискуссия, сөз таластыру болуы мүмкін. Топтық талқылаудан кейін проблеманы шешудің жолдарын баяндауға қабілетті санаткер көшбасшылар айқындалады.
3-кезең. Жалпытоптық талқылау мұғалімнің басшылығымен өткізіледі. Ереже бойынша әрбір топ жағдаятта баяндалған проблемалар шеңбері негізінде өз көзқарастарын айтады. Талқылаудың ерекшелігі – мұғалім жауаптарға сапалы баға бермейді, әрбір айтылған пікір өзінше қабылданады. Жағдаятты талдау процесі мұғалімнен кең ой-өрісті, тіл табыса білу қабілетін, бірнеше ұқсас пәндерден білім кешенін, пікірталасты жүргізу техникасын меңгеруді талап етеді [8, 9]. «Кейс стади» технологиясын кез келген пәнді оқыту барысында қолдануға болады. Нақты жағдаят нақты дұрыс немесе дұрыс емес жауапқа ие бола алмайды, ол тек оқу материалы қызметін атқарады, сол арқылы оқушылар талдауға, сөз сөйлеуге, пікір таластыруға, өз ойларын негіздеуге үйренеді. Рефлексия оқытушының педагогикалық әрекетінің табыстылығы мен тиімділігіне өзіндік диагностика жасау әдісі, белгілі бір педагогикалық құбылыс пен өмірлік жағдаятты еппен сезу құралы болып табылады.
Рефлексия әдісін меңгерудің негізгі шарттары мыналар: - педагогтің өз жұмысын толығымен беріліп істеуі; - өзінің ішкі даусын «қоса білуі»; - өз әрекеттерін өзінше талдауға және оған психологиялық даярлығы болуы; - педагогикалық іс әрекеттің нәтижелеріне жауапкершіліктің болуы; - кәсіби шебер болуға тырысуы; - ішкі әлемінің (қырағылық, қарапайымдылық, т.б.) белгілі бір деңгейде дамуы; - сырттан алынған вербалды және вербалды емес ақпараттарды білу және мәнін түсіну. Рефлексия кезеңдері мынадай алгоритм түрінде беріледі: 1. Педагогтің санасына жағдаятты, аудиторияның, жекеленген адамдардың, педагогикалық процеске немесе коммуникацияға қатынасушылардың реакциясын бағалауға мүмкіндік беретін минуттық «тоқта» белгісі. 2. «Мен не істеп жатырмын?», «Осы сәтте не болып жатыр?», «Қалай істеу керек?» деген ойлардың жұмысын «іске қосу». 3. Өзінің санаткерлік, эмоциялық жағдайына және қарым-қатынас бойынша серіктестерінің жағдайына баға беру. 17 4. Инсайт (аяқ астынан шешім қабылдау, «қалай екенін ... білемін, әзірше білмеймін, бірақ ойланып тұрмын ...» деген сияқты күтпеген шығармашылық ойлардың туындауы). 5. Шешім қабылдау (педагогикалық процесте – сөйлеу мәнері мен қарқынының, пікір сипатының, жұмыс формасының, жүріс-тұрыстың, бет әліпетінің өзгеруі). 6. Педагогикалық импровизация [8, 10]. Шағын жинақты мектептер жұмысында оқытудың көптеген әдіс-тәсілдері ішінде жобалау әдісі ерекше орын алады. Бұл әдіс біріктірілген сыныптардың аражігі білінбей, екі сабақтың мазмұны тұтасып кететіндей етіп ұйымдастыруға көмектеседі. Бұл жерде айта кететін жайт, мұғалім мен оқушы тең дәрежеде болуы керек. Ол үшін оқушылардың бойында өзіндік жұмыс істеу қабілеттері болуы тиіс. Ал бұл талаптардың бәріне соңғы жылдары мектептерде кең қолданылып жүрген жобалау әдісі жауап береді. Жобалау әдісі оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, өз бетінше ізденуге, ақпараттық кеңістікке бейімделу білігіне негізделген. Жобалау әдісі, педагогикада жаңа құбылыс емес. Бұл әдіс отандық және шетелдік дидактикаларда қолданылып келді. Бастапқыда оны мәселелерді табу әдісі деп атады. Көптеген ғалымдар оқытуды оқушының белсенді әрекетіне құру керек дегенді пікірде болды. Жобалау әдісі оқушылардың өзіндік әрекетіне (жеке, жұптық, топтық) бағытталған.
Бұлайша келу ынтымақтастықта оқыту әдісімен үйлеседі. Бұл әдіс қандай да бір мәселені шешуді көздейді. Жобалау әдістерін қолдану арқылы оқыту технологиясынан басқа да әдістерді толықтыру ретінде пайдаланудың қолайлы екендігін мамандар дәлелдеп отыр [8, 11]. Жоба, негізінен, пәнаралық сипатқа ие болып, білімнің әр саласынан ақпаратты байланыстырып тұрады. Сондықтан ғалымдар мұғалім мен оқушылардың әрекетінің реті мен құрылымын бөліп көрсетеді. Мысалы, төмендегідей жобалау әдістерін қолдану мүмкіндігін көрсетейік. 1-кезең – жобаны дайындау.
Тақырып пен мақсатты анықтау. Бұл кезеңде оқушылар пәнді мұғаліммен бірге талқылай отырып, ақыл-кеңес алуы, соның негізінде мақсатты айқындауы қажет. Ал мұғалім зерттеудің келешегін ашып көрсете отырып, оқушыларды жігерлендіреді, ақыл-кеңес береді. Соның нәтижесінде тақырып пен мақсатты айқындайды. 2-кезең - жоспарлау. Осы тақырып бойынша оқушылардың ақпарат көзін, ақпаратты жинау және талдау тәсілдерін, есеп беру формаларын, нәтижелер мен процесті бағалау өлшемдері анықталады, рөлдерді (ақпаратшы, зерттеуші, хатшы, редактор, баяндамашы, референт, эксперт, т.б.) бөледі. Оқушылар өзінше жоспар құрып, міндеттерді анықтайды. Мұғалім тарапынан түзетулер енгізіліп, идеялар ұсынылады, нәтижені болжау жүзеге асырылады. 3-кезең – зерттеу. Мұнда оқушылар берілген тақырып бойынша ақпараттар жинап, қойылған міндеттердің шешімін табу үшін әрекеттер жасайды. 18 Мұғалімдерінен сұхбат алады, сауалнамалар, бақылаулар жүргізіледі, анықтамалық, ғылыми-педагогикалық әдебиеттермен жұмыс істейді, яғни оқушылар аралық міндеттерді шеше отырып, проблема бойынша зерттеулер жүргізеді. Мұғалім тарапынан үнемі бақылау жасалынып, керегінше көмек, ақыл-кеңес беріліп отырады. 4-кезеңде зерттеу нәтижелерін жинақтау, ақпаратты талдау, қорытындылар құру және шығару жүзеге асырылады. 5-кезеңде оқушылар шығармашылық есеп береді, нәтижелерді ұсынады. Есеп беру барысында ауызша және қосымша баяндамалар жасалынады, рефераттар қорғалады, қабырға материалдары дайындалады, кітапша, қаттама шығарудың нәтижесінде жазбаша есеп беріледі, т.с.с. 6-кезең – нәтижелер мен процеске баға беру.
Мұғалім жобаға қатынасушылардың рейтингісін анықтауға қатынасады. Олардың пікірін ескере отырып, келешекте зерттеулер жүргізуге, әсіресе зерттеушілік қабілеті болашағынан үміт күттіретін оқушыларды жігерлендіреді. Бұл әдісті кез келген пәнді оқыту барысында қолдануға болады. Ең бастысы, олар жобалау әдісінің мынадай негізгі талаптарына жауап беруі тиіс: - зерттеушілік, шығармашылық тұрғыдан алғанда неғұрлым мәнді проблемалардың-міндеттердің болуы; - алынатын нәтижелердің практикалық, теориялық, танымдық мәні; - оқушылардың өзіндік (топтық, жұптық, жеке) әрекеті; - жобаның мазмұндық бөлімін құру; - зерттеу әдістерін (проблема мен одан туындайтын зерттеу әдістерін талқылау, соңғы нәтижелерді рәсімдеу, алынған мәліметтерді талдау, қорытындылар шығару) таңдап алу және пайдалану [8, 12]. Л.В.Занковтың пікірінше, оқытудың қандай әдісі болмасын, оқушының жалпы рухани дамуын қамтамасыз етуі қажет.
Жоғарыда айтылғандар ойдағыдай ұштасса, балада оқуға деген белгілі жағымды оқу әрекеті қалыптасады. Мысалы, үздік оқитын бала мен үлгермейтін баланың оқу әрекетінде елеулі психологиялық айырмашылықтар бар. Үздік оқитын балалар оқу міндеттерін шешуге белсене кірісіп, қалайда мақсатқа жетудің тиімді тәсілдерін ізденуге тырысса, үлгермейтін балалар мұндай жағдайда өздерін енжар ұстап, қиындықтардан жалтаруға даяр тұрады, оларды шешуге күш жұмсамай, жеңіл құтылғысы келеді. Оқуға үлгермейтіңдердің бәріне тән ортақ қасиеттер бар, олар: өздігінен оқу әрекетін және жалпы психикалық процестерін (зейін, есте қалдыру, ойлау және т.б.) дұрыс ұйымдастыра және басқара алмайды. Шағын жинақты мектептің білім беру процесінде мұғалім жоғарыда аталған оқытудың әдіс-тәсілдерін өзгертіп, жандандырып, кәсіптік даярлықтарына қойылатын талаптар деңгейін көтергенде ғана оқу тиімді болмақ.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Давыдов В.В. Проблемы развивающего обучения. – Москва, 1986, С. 62-64.
2. Маджуга А., Еримбетова С., Ахметжан Б. Диалог-суть технологии // Высшее образование в России. – 2004. №3. – С.116-118.
3. Третьяков П.Н., Сенновский И.Б. Технология модульного обучения в школе. – М.: Новая школа, 1997. – 352 с.
4. Қабдықайырұлы Қ., Монахов В.М., Оразбекова Л.Н., Әлібаева Т.Ә. Оқытудың жаңа технологиясы. – Алматы: РБК, 1999.
5. Пидкасистый П.И. Технология игры в обучении и развитии. М.: Рос.пед.агенство, 1996. – 268 с.
6. Шаронова С. Игротехнологии и социализация // Высшее образование в России. – 2003. № 5№ - С.74-81.
7. Прудченков А.С. Возможности игровой технологии: понятия и термины // Педагогика. – 1999. №3. – С.121-126.
Достарыңызбен бөлісу: |