«Егер сен кездейсоқ қателік жіберсең, фирма сені кешіреді. Егер сен фирманың моральдық кодексінен тайсаң, саған кешірім жоқ». Жапонияда корпорацияларға тән нәрсе – топтық жауапкершілік механизмі Жапонияда елдің көзінше сөгіс жариялау сирек қолданылады. өйткені, олардың арына өшпес таңба қалдырады, соның салдарынан сөгістің ықпалы кемиді. Бұларды топтық хал-ахуалға, психологиялық көңіл-күйге ерекше көңіл бөледі. Еңбек өнімділігінің жоғарылауы, немесе, керісінше, төмендеуі, брактың кемуі немесе артуы ұйымщылдықпен, жұмысшы топтардың мүлтіксіз жұмыс істеуімен байланыстырылады. Бұл сапалар жұмысшы тобы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынасқа байланысты екндігі сөзсіз. Былайша айтқанда корпоративтік рух деген енгізілген.
Жапондық іскер топтарға өз ісіне жне кәсіпорынға берілген, бір сәттік қана емес, ұзақ мерзімге, тактикалық, стратегиялық мақсатты көздейтін жұмыскерлер қажет.
Жұмыскерлерді өмірлік жалдау тек ірі фирмаларға ғана тән. Ал ұсақ фирмаларда мұндай тәсіл көп қолданыла бермейді.
Жапон кәсіпорындарында әрбір жас менеджерге қамқоршы, яғни американдық мамандардың айтуынша «Өкіл әке» тағайындалады. Өкіл әке орта деңгейдегі беделді басшыдан таңдап алынады. Ол міндетті түрде өзі қамқорлыққа алған адам бітірген жоғарғы оқу орнының түлегі болуы тиіс. Өкіл әкені ешқашанда тікелей басшысы немесе жас менеджер жұмыс істеп жүрген бөлімшенің бастығы тағайындамайды.
Жапонияда шешім қабылдаудың елеулі ерекшелігі – келісу принципі. Европалықтардың шешім қабылдау тәсілінен айырмашылығы – жапондықтар әуелі мәжілістер мен ресми емес келіссөздерде түйінді мәселелерді көпшілік дауыспен шешіп алады. Олардың пікірінше, мұндай процедура бірауыздылыққа, келісіп әрекет жасауға ықпал етеді.
«НЭНКО СЭИДО». Ірі корпорациядағы тұрақты жұмыс істейтіндерге, фирмадағы жұмыс стажына қарай жылма-жыл жалақысын тұрақты көбейтіп отыруға кепілдік беріледі. Қабылданған дәстүр бойынша жасы үлкен қызметкерлер тым жас адамдардың қарамағында істемеуі тиіс.
Әрбір фирманың ерекше формасы, ұраны, кейде ән ұраны (гимні) болады. әрбір фирмада алуан түрлі салт жоралар, жиналыстар, конференциялар ұдайы өткізіліп, тұрады. Фирмада ардагерлер, шеберлер, тәрбиешілер жұмыс істейді.
Фирма басшылығы қызметшілермен сенімді қарым-қатынас орнатуға ерекше көңіл бөледі. Сенім, деп есептейді жапондықтар, жауап сенімділікті туғызады.