7- дәріс
Тақырыбы: ГРАММАТИКАЛЫҚ ҰҒЫМДАР
Тіл білімінің грамматика саласы
Грамматикалық мағына
Грамматикалық форма
Грамматикалық категория
Грамматика-тілдің құрылысын зерттейтін тіл білімінің саласы. Грамматиканың негізгі зерттеу нысаны - тілдің морфологиялық және синтаксистік жүйесі; оның ішінде грамматикалық форма, грамматикалық мағына, грамматикалық категория, бір тілдегі грамматикалық формалардың керіну амалдары мен сол арқылы айтылмақшы маңыналардың берілу тәсілдері, олардың байланысуы, тіркесу жолдары мен тәсілдері. Түрлері: тарихи және сипаттамалы..
Морфема дегеніміз-сөздің ары карай бөлшектеуге келмейтін ең кіші мағыналық бөлшегі. Құрамына қарай морфемалар үшке бөлінеді: түбір морфема, негіз морфема, аффикстік морфема. Аффикстік морфемалардың түрлері: префикс, постфикстер, инфикс, интерфикс, трансфикс, конфикс. Грамматикалық мағына грамматикалық форма арқылы беріледі.Грамматикалық мағына дегеніміз- сөздің лексикалық мағынасына үстеме мағына, сөздердің түрлі-түрлі қарым-қатынасын білдіретін қосалқы мағыналар. Грамматикалық форма дегеніміз - грамматикалық мағына туғызушы тілдік құралдар. Сөз формаларының екі түрі: синтетикалық және аналитикалық-грамматикалық мағыналар әр түрлі грамматикалық тәсілдер арқылы беріледі. Ол тәсілдер: аффиксация, ішкі фиксия, қосарлану, көмекші сөздер, сөздердің орын тәртібі, екпін, интонация.
Грамматикалық категория-грамматикалық мағына мен грамматикалық формадан тұрады. Ол сөз топтарына қатысты болады. Түрлері: род, септік, көптік, жақ, шақ, рай етіс.
Бақылау сұрақтары:
Грамматикалық мағына жайлы баяндаңыз
Грамматикалық форма жайлы баяндаңыз
3. Грамматикалық категория жайлы баяндаңыз
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер тізімі: 1,5,6.
Қосымша әдебиеттер тізімі: 3, 8,20,22,23 ,24,43, 47,50.
8 -дәріс
Тақырыбы: ГРАММАТИКАНЫҢ САЛАЛАРЫ
Морфология, сөзжасам, синтаксис салалары жайлы
Сөйлемнің қарым-қатынас қызметі
Грамматика салалары: морфология, сөзжасам, синтаксис. Морфология - сөз құрылымы, сөз табы туралы ғылым. Сөз таптары сөйлем мүшелерінен тарихи даму барысында жасалған. Сөз таптары-тарихи категория. Сөз топтастырудың үш принципі бар. Олар: лексикалық, морфологиялық, синтаксистік. Сөздер ең алдымен үш топқа бөлінеді: атауыш сөздер,одағай сөздер,көмекші сөздер. Қазақ тіл білімінде тоғыз сөз табы бар,олар: зат, сын, сан есімдер, есімдік, етістік, үстеу, шылау, одағай, еліктеуіш.
Синтаксис сөз тіркесін, сөйлем мүшелерін, сөйлем түрлерін қарастырады.Синтаксистік байланыстың түрлері: қиысу. матасу, меңгеру, кабысу, жанасу. Құрамына қарай сөз тіркесі: 1) жалаң 2) күрделі 3) аралас болып белінеді.
Сөйлем коммуникативті қызмет атқарады. Сөйлемге тән басты белгі-интонация. Беретін хабардың мақсатына қарай екіге бөлінеді: хабарлы және сұраулы. Сөйлемдер өзін құрастырушы компоненттердің сипатына қарай жай сөйлем және кұрмалас сөйлем болып екі топқа бөлінеді.
Құрмалас сөйлемдер: I) салалас құрмалас сөйлем 2) сабақтас құрмалас сөйлем 3) аралас құрмалас сөйлем болып үш топқа жіктеледі.
Бақылау сұрақтары:
Морфология, сөзжасам, синтаксис салалары жайлы баяндаңыз
Сөйлемнің қарым-қатынас қызметіне мысалдар келтіріңіз
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер тізімі 1,5,6
Қосымша әдебиаттері тізімі 18,23,24,28,38.39,44,50
Достарыңызбен бөлісу: |