Бірінші дәріс Тіл білімі және оның зерттеу нысаны (объектісі) Тіл білімі және оның салалары



бет13/51
Дата29.12.2023
өлшемі0,76 Mb.
#199848
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   51
Байланысты:
Á³ð³íø³ ä?ð³ñ Ò³ë á³ë³ì³ æ?íå îíû? çåðòòåó íûñàíû (îáúåêò³ñ³) Ò³

2. Ішкі флексия тәсілі. Грамматикалық мағыналарды білдірудің басты тәсілдерінің бірі - флекция тәсілі. Ішкі флексия тәсілі дегеніміз — түбірдің дыбыстық құрамының өзгеруі арқылы грамматикалық мағынаны білдіру тәсілі. Мыс: ходить>хожу. Бұл тәсіл әсіресе семит тілдеріне (араб, еврей т.б.) тән тәсіл. Мысалы, араб тіліндегі "жазу" деген сөз - ktb деген дауыссыз дыбыстардан құралады . Осы түбірді ktb деп өзгертсек, ол "жазып отырушы", кітап", kutub - "кітаптар", каtава — "жазды", aktub — "мен жаздым ", uktub — "сен жаз". Бұл мысалдан араб тілінде түбірдің құрамындағы дауыссыздардың аралығына дауыстылардың енуі және өзгеруі аффикстердің қызметімен пара-пар екенін көреміз.
Ішкі флексия - түбірдің дыбыстық құрамының өзгеруі, сыртқы - жалғау қосылу. Ішкі флексия неміс (mutter - шеше, mutter— шешелер), ағылшын (foot — аяқ, feet - аяқтар), орыс называть - назвать) тілдерінде де кездеседі. Мысалы, орыс тіліңдегі убирать (сов.) — убрать (несов.), посылать - послать деген сөздерде видтік мағына, жекешелік мағына, етістік мағына бар. Алайда аталған тілдерге сыртқы флексия да жат емес. Яғни бұл түбір сөздерге аффикстер де жалғана береді деген сөз. Дегенмен оларда флексия айрықша қызмет атқарады. Сондықтан да, бұл тілдер флективті тілдердің қатарына жатады.
3.Қосарлану тәсілі. Екі сөздің қосырлануы да грамматикалық мағынаны білдірудің тәсілі ретінде қызмет етеді. Қосарлану тәсіл түркі тілдерінде кең тараған және ол практикада жиі қолданылады Мысалы: кұшақ-кұшақ, (қурай), қап-қара (бұлт), тап-тар (киім), жап-жалтыр (мұз).
Қосарлану арқылы грамматикалық мағына туғызатын форма ретінде біз, әсіресе, қора-қора (қой), мая-мая (шөп) деген сияқты қосарланулар мен үстеме буын арқылы жасалып, күшейтпелі шырай мағынасын беретін қып-қызыл, сап-сары деген сияқты қосарлануларды атаймыз. Өйткені, мүндай қосарланулар тек сын есімдерге тән және олар нағыз грамматикалық мағына беретін формалар. Оның үстіне олар сын есімдерге күшейту мағынасын жамайды. Ал әке-шеше, қора-қопсы, тау-тас деген қос сөздерде лексикалық мағына бар. Бұларда сөз тудыру қызметі басым болса, жоғарғы қосарлануларда форма тудыру қызметі басым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет