Бірінші сынып оқушыларын мектепте оқуға бейімдеу процесінде отбасының рөлі Жоспар


Отбасының мектептен тыс мекемелермен байланысы



бет4/5
Дата20.04.2022
өлшемі0,93 Mb.
#140016
1   2   3   4   5
Байланысты:
адаптация 7лекция

Отбасының мектептен тыс мекемелермен байланысы
Мектеп оқушыларын рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, олардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында мектептен тыс мекемелердің көптеген түрлері жұмыс жасайды. Мектептен тыс мекемелерде балаларға қосымша білім беру жұмыстары ұйымдастырылады. Мектептен тыс мекемелердің жұмыс жүйесін дамытудың әдіснамалық негізі адам белсенділігінің ішкі бастауларына, оның «Мен» бейнесіне негізделге гуманизм философиясының идеясына сүйену, оның тұтастығы өзіндік сана мен өмірлік тәжірибені интеграциялаудың нәтижесі (4.3-кесте)

Мектептен тыс мекемелердің негізгі міндеттері:
1. Әр баланың қалыпты дамуына тиімді жағдай жасау.
2. Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
3. Адамгершілік қасиеттерін дамыту, мәдениет дәрежесіне көтеру.
4. Өз бетімен білімін көтеруге жағдай жасау.
5. Еңбекке баулу, кәсіби бағдар беру.
6. Балалардың демалысы мен бос уақытын ұйымдастыруға көмектесу.
7. Жеке және ұжымдық шығармашылығын дамыту [16].
Мектептен тыс мекемелердебалалардың өзін-өзі дамытуы білім беру парадигмасының негізінде жүзеге асады, оған білім беру процесінің тұлғалық бағдары, жеке тұлғаны барынша өзін-өзі танытуға бағытталуы, білім беру процесіне қатысушылар арасындағы субъектілік қатынастар, білім беруді ізгілендіру, оның демократиялық сипаты, оқушылардың өзін-өзі дамуын психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асыру тән.
Қосымша білім беру жағдайында оқушының өзін-өзі дамыту процесін жүзеге асыруды жәнедамуын қамтамасыз ететін әдістер:
1) баланы өз даралығын түсінуге, өзін шығармашылықпен білдіруге, сондай-ақ өзін және басқа адамды түсіну арқылы жеке тұлғаның бірегейлігін түсінуге үйрету:
а) жеке және ұжымдық изотерапия («Бөтен ғаламшармен қарым-қатынас (мені түсініп)», «Оқушылар басқа ғаламшардан», «Отбасы басқа ғаламшардан»);
б) жеке және ұжымдық мүсіндеу («Мені түсін», «Біздің тобымыздың портреті»);
в) жеке және ұжымдық кітапханалық терапия («Мен қандай адаммын»);
г) жеке және ұжымдық жұмыс; д) өз идеяларын айту, қол жеткен даму деңгейін бекіту мақсатында әр түрлі кейіпкерлер мен қазіргі адамдарға хаттар жазу («Құпия адамға хат», «Адал ниетті адамға хат» т.б.);
2) психологиялық - педагогикалық әдістер мен технологиялар: ойындар мен жаттығулар; тренингтер (вербалды және вербалды емес қарым-қатынас, қарым-қатынас этикасы мен психологиясы); тұлғаның еркін өзін-өзі тануына және өзін-өзі танытуына кедергі келтіретін мазасыздық, агрессивтілік деңгейін төмендету тұрғысынан педагогикалық қолдау техникасы;
3) өзін-өзі тану рефлексиясы, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі болжау әдісі: жеке өзін-өзі дамыту бағыттарының карталарын толтыру және талдау идеялық ойларды материалдандыру ретінде, қол жеткізілген өзін-өзі дамыту деңгейін бекіту және жеке өсу перспективаларын жобалау; жеке өсу күнделіктерін жүргізу, онда баланың ойлау нәтижесі қорытындыланады.
Өзін-өзі дамыту, ынталандыру мақсатындағы сабақтардың түрлері:
1) практикумдар немесе алғашқы білім беру сынамалары оқушылардың әр түрлі іс әрекет түрлеріне ену формасы ретінде. Әдістің міндеті - өзін-өзі тануға, өз қалауыңызды сезінуге, бастапқы бейіндеуге және өзін-өзі болжауға көмек көрсету («Мен кішкентай ханшайыммен сурет салуды жақсы көремін», «Мен-суретші», «Ғарыш деген не?», «Мен - астронавтпын»);
2) әлеуметтік жобалау әдісітері, жұптардағы пікірталастар (пікірталастар: «Мен қандаймын?», «Неге өзімшіл болмау керек?», «Қалай жауапты адам болу керек?», «Адамдарға мен көмектесе аламын ба?»);
3) дөңгелек үстелдер («Кім болғым келеді»);
4) топтарда рөлдік ойындар (тәрбиешілердің рөлін ойнайды, басқа топ - планетаның қонақтары, тәрбиеленушілердің рөлін атқарады);
5) экскурсиялар (жеке өзін-өзі дамыту бағыттары толтырылған карталарды талдау қорытындысы бойынша адамгершілік, интеллектуалды байытуға, өзін-өзі тану жолындағы бастапқы кәсіби анықтауға бағытталған экскурсиялық бағдарлама);
6) адамгершілікті жетілдіру бағытында балалардың өздері таңдаған тақырыптарда баяндамаларымен сөз сөйлеуін қарастыратын конференцилар.
Мектептен тыс мекемелердің ең көп тараған түрлері: аула клубтары, бірлестіктер мен үйірмелер, жасөспірімдер үйлері, шығармашылық сарайлар, балалар кітапханасы. Қазіргі таңда баланың қызығушылығына септігін тигізіп, икеміне қарай жаңа қырынан танылуына, өмірлік жолын анықтауда аула клубтарының маңызы зор. Аула клубында білім берудің қосымша дамыту бағдарламалары іске асырылады. Балалардың аула клубына балалар, жасөспірімдер және жастар келеді, олар техникалық, көркемдік шығармашылық, туризм және спорт, көркемөнерпаздық үйірмелердің біріне қатысып, өзінің бос уақытын тиімді өткізумен айналысады [16].
Клуб жұмысына ата-аналар да қатысады. Олардың бірге жұмыс істеу формалары: ертеңгіліктерді ұйымдастыру, бірге саяхатқа шығу және т.б.
Мұғалімнің қандай бағыт-бағдар беретінін, адамгершілік ережелер бойынша талаптарын, олардың қарым-қатынасының қалай бағаланатынын ата-аналардың білуі маңызды. Үйірменің маңызды элементінің бірі – оның нәтижесін көрсету. Үйірме жұмысы жариялы түрде болуы керек. Үйірме жұмысының нәтижесінде байқау, сайыс, жарыс және көрме ұйымдастыру, мерекелік іс-шара өткізу, концерт, фестиваль, театрландырылған қойылымсияқты ұтымды іс-шаралар жатады. Бастауыш сыныптағы үйірме жұмыстарының өз ерекшеліктері бар, балалардың бойында тұрақты қызығушылықтарәлі қалыптаспаған, сондықтан олар бәріне қызыға қарайды.
Бастауыш сыныпта балаларды қызықтыратын үйірме түрлері: қолөнер, сурет, ән, би. Мысалы: «Шебер қол», «Он саусағы майысқан», «Әсем әуен», «Сурет салайық» т.б. Орта буындағылардың үйірме жұмыстары олардың белгілі бір пәнге немесе ғылым саласына деген қызығушылығына бағытталады. Оған: «Жас фотограф», «Жас Қастеевшылар», «Жастар биі» т.б. үйірмелер.
Балалар ұйымдары, қоғамдық бірлестіктері. Балалар ұйымдары – бұл прогрессивті ұйымдардың басшылығымен немесе олармен байланыста өскелең ұрпақты идеялық-саяси және адамгершілік тәрбиелеуді жүзеге асыратын балалар мен жасөспірімдердің ерікті бұқаралық бірлестіктері.
Мектептен тыс мекемелердің мақсаттары, міндеттері және мазмұны:
1. Баланың жеке басын әлеуметтендіру, оның азаматтық қалыптасуына, жеке және қоғамдық, жеке және ұжымдық бастауларын үйлестіруге бағытталған («Пионер» ұйымының тәжірибесі мен дәстүрлері негізінде әрекет ететін бірлестіктер).
2. Әлеуметтік-жеке бағыттағы ұйымдар (негізінен скаут ұйымдары).
3. Балалардың бастапқы кәсіби дайындығына байланысты («Бизнесклубтар», «Кәсіпкерлер мектептері», «Жас журналистер лигасы» және т.б.).
4. Патриоттық, азаматтық тәрбиені насихаттайтын балалардың қоғамдық құрылымдары («Жас жауынгерлер», «Полиция достары» т.б.).
5. Мәдени және практикалық сипаттағы (дәстүрлерді жаңғырту, халық тарихы мен мәдениеті, халық кәсіпшілігін зерделеу бойынша).
6. Дербестік, ашық, демократиялылық дәрежесіне қарай: заңды түрде ресімделген құрылым мәртебесі бар және серіктес ретінде басқа құрылымдармен (мемлекеттік, қоғамдық) шарт негізінде әрекет ететін салыстырмалы дербес бірлестіктер (4.1-сурет).

4.1 – сурет. Мектептен тыс мекемелерде балаларды жалпыадами құндылықтарға тәрбиелеу жолдары
Мектептен тыс мекемелер жүйесінің маңызды жолы – бұл еріктілік. Яғни, баланың еркімен санасып, оның жеке белсенділігіне, өзін-өзі тәрбиелеуіне, өзін-өзі дамытуына түрлі обьективтік-материалдық және рухани факторлардың әртүрлі ықпал жасауы. Балалардың үйірмеге өз еркімен келіп қосылуының бірнеше себебі бар: «көшеде» яғни уақытын босқа өткізуден гөрі назарын басқа нәрсеге аудару, досына серік болып келу, өмірге зер салып қызығушылығын арттыру. Соңғы іс-әрекет тұлғаны дамыту, жасөспірімдерді әлеуметтендіру, оларға әрі қоғамның, әрі әлемнің мәдени байлығын меңгеру үшін құрылған. Білім саласындағы мемлекеттік заңдар мен ресми құжаттарда жас ұрпақтың шығармашылық рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтынның берік негіздерін қалыптастыру, жас ұрпақтың жеке басының дамуы арқылы интеллектіні байтуға, дарындылығын дамытуға баса назар аударылған.
Балаларға қосымша білім берудің әртүрлі нысандары олардың қажеттіліктері мен мүдделерін ескере отырып студиялар, клубтар, шығармашылық бірлестіктер, үйірмелер, секцияларда ата-аналармен бірлесіп атқарған ісшаралар ұтымды болмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет